Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаТілдерді дамытуЕңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 -2016 жылдарға арналған 2016 жылдың 9 айлығында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 -2016 жылдарға арналған 2016 жылдың 9 айлығында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

 Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары    аудан     әкімінің  21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Аталған бағдарлама аясында  2014 - 2015 жылдарға  арналған өңірлік  іс – шара жоспары жасалып, тиісті шаралар қамтылды. Ауданда 21 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 3 музей және  1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Бүгінгі күнде мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер құжат айналымы жыл ішінде тоқсанына бір рет және жарты жылдыққа бір рет мониторинг жасалып жұмыс ауқымы талданып, мемлекеттік тілдің қолданылуы сараланып отырады. Аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шаралар түгелдей мемлекеттік тілде өтеді. 

            Ауданда Есік қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренетін орталықтардың материалдық базасы толық және оқулықтармен қамтамасыз етілген. 

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әр түрлі санатты азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар, оралмандар, зейнеткерлер, мүгедектер тіл үйренуде.

            2016 жылдың 9 айлығында 50 адам, оның 43 өзге ұлт өкілдері курсқа қабылданып, тіл үйренуге ниет білдірді.

Тіл саясатының әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, аудандағы мемлекеттік тілдің жағдайына баса назар аудару мақсатында мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер бойынша тіл мәселесімен тікелей жұмыс істейтін мамандармен  2016 жылы наурыз айында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жарнама тілінің сауаттылығы болды. Бұл жөнінде жергілікті «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшілері қатысып, «Ауданда үйрету жұмыстары жүргізілді» тақырыбында мақала жарияланды.

Еңбекшіқазақ ауданына 8 ақпан 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жарнама туралы» Заңның талаптарының орындалуын қадағалау, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін анықтау және олардың сауатты жазылуын бақылау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірге «Тіл сақшысы» бағдарламасы жоспарлы түрдегі тексеруге келді. Тексеруге аудандағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұжымдар, көше атаулары және халық коп шоғырланған жерлердегі сауда нүктелері қамтылады.

Жылдың 13 ақпанында Т.Молдағалиевтың  туып–өскен жері Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі Казатком ауылында Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, Алматы облысы мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Н.Ғұмаров, облыстық Тіл басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Е.С.Ақшабаев және ауыл жұртшылығының қатысуымен үлкен жиын болып өтті. Жиынның мақсаты Казатком ауылында 20 сотық бөлінген жер теліміне  Т. Молдағалиевке арналған мұражай салу, оның ішіне оқырмандар залы мен кітапхана кіргізу, мұражай алдына Т. Молдағалиевтың ескерткіші саяжай-аллеясы және көркем өлеңдерін оқитын жазғы сахна орнату, сонымен қатар   заң талаптарына сәйкес, қайтыс болғанына 5 жыл толғаннан кейін Казатком ауылының атауы және аудан орталығы Есік қаласында орналасқан мәдениет үйіне Т.Молдағалиевтың атын беру, мәдениет үйі алдынан ескерткіш-бюстін қою мәселесі болды. Жиынға қатысқан адамдардан бірауыздан қолдау табылып, жиынның хаттамасы жасалып, ономастикалық кеңесінің келісімін алуға  құжаттар жинақтау қажеттілігі мақсатында қаулы қабылданды. Болашақта қажетті құжаттар жинақталып, ономастикалық комиссияға жіберілу жоспарланып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты 16 кітапхана бар: аудандық кітапхана, Шелек, Қаражота, Нұра, Тескенсу, Қазақстан, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Түрген, Көктөбе, Космос, Бәйтерек, Ават, Малыбай ауылдық кітапханалары. Аталмыш кітапханаларда мәдени іс – шарадан басқа тілді насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. М.Мақатаевтың өр тұлғасын насихаттау мақсатында «Мұқағали әлемі – тазалық әлемі» атты поэзия марафоны ұйымдастырылды.

Биылғы жылы ақын Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай Шелек, Ақши, Нұра ауылдық кітапханаларында «Халық менің шын атым» атты дөңгелек үстел және ауыл ақсақалдары әрі ауыл белсенділері қатысқан шаралар өтіп, ақын Жамбылдың өмірінен деректер келтіріліп, шараға қатысқан жастардың тәрбиелік мәніне өз әсерін тигізді.

            Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы, 15 бөлім бар. Аталған мекемелерде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша әрбір тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелініп отырады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің көрсеткіші 94,96 % құрап отыр.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай, аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі біріккен, Тұманбай оқуы ұйымдастырылып, жас ақындар байқауы өткізілді. Аудан көлемінде кітапханалар мен мектептерде Тұманбай өмірін насихаттауда әр түрлі кештер және кездесулер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы  29 маусымдағы № 110 Жарлығымен, Алматы облысы әкімінің 2014 жылы  03 наурыз 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде  Еңбекшіқазақ ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан  әкімінің 21. 04. 2014 жылғы № 509 қаулысымен бекітілді. Сол негізде ауданда «Тіл шебері - 2016», «Тілдарын», «Ой - сана» үш тілді жетік меңгерген жастар, мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалдық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл байқауладың негізгі мақсаты – жастарды білімге тарту, болып табылады.

            Ана тіліміздің өрісінің аясы кеңейіп, дамуына ықпал ететін сала – жарнама.

«Тіл туралы»  Заңның 21–бабына сәйкес және Жарнама туралы заңды негізге ала отырып, акция бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, әлі де жүргізіліп жатыр. Мәліметтер дайындалып, облыстық сараптау тобына жіберілетін болады. 2016 жылдың І жарты жылдығында көрнекілікке қатысты 79 қате анықталып, оның 21 – не түзету жұмыстары жүргізілді.

Ономастика саласы бойынша биылғы жылы  Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесін «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесін «Батур Шарипов» көшесі деп  атау жөніндегі ұсыныс Үкімет тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Сонымен қатар, ІІ тоқсанда Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Мельничная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Исрафил Ризаевич Сулиев», Түрген ауылдық округі Түрген ауылына қарасты «Тоқаш Бокин» көшесінің бір бөлігінің атауын ҰОС ардагері «Қожахмет Жігітекұлы Қоқаев», Шелек ауылдық округі Шелек ауылына қарасты «Целинная» көшесінің атауын ҰОС ардагері «Кулдария Бокиева» көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс аудандық маслихаттың қарауына жіберілді.

Асы ауылдық округіне қарасты Асысаға ауылында орналасқан «Шоссейная» көшесінің атауын ҰОС ардагері Серғожа Жолдасбаев атындағы көше, Балтабай ауылдық округі, Ақтоғай ауылында орналасқан «Сосновая» көшесінің атауын Мурзаев Амир Мурзаевич атындағы көше деп өзгерту туралы ұсыныс аудан әкімінің қарауына жолданды.

Балтабай ауылдық округі Еңбек ауылында орналасқан «Восточная» көшесін Ұлы Отан соғысы ардагері «Нүрелбаев Сейдуақас Қайрамбайұлы» көшесі деп өзгерту туралы, Бәйдібек би ауылдық округінде орналасқан «Победа» көшесін ҰОС ардагері «Закіров Әбілда», «Сибирская» көшесін ҰОС ардагері «Абылқасымов Қынарбек» атындағы көше деп өзгерту туралы ұсныстар 13.06.2016 жылы №27-27/298 хатымен облыстық ономастика комиссиясында қолдау тауып, қазіргі таңда ауылдық округі әкімдерінің шешімдерімен дайындалуда.

2016 жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік тілге қатысты 15 мақала аудандық газет беттеріне жарияланды. Ауданда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында дөңгелек үстел, конференция, пікір – сайыстар ұйымдастырылып тұрды. Бұл бағытта аудандық сотта 6 отырыс, әділет басқармасында 3 отырыс мемлекеттік тілге арналды. Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде аудандық сот төрағасының ұйымдастыруымен «мемлекеттік тіл туралы» Заң тақырыбында дөңгелек үстел басындағы кездесу өткізіліп, нәтижесі аудандық газет бетінде жарық көрді.  

Облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Оралхан Бөкей және Абай көркем сөз оқуы, «Тіл шебері - 2016», «Тілдарын», «Текті сөздің төресі - термесі», «Тіл парасат» атты байқауға қатысып, қатысушыларымыз ІІ орынды, 1 номинация, 2 алғыс хатқа ие болды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы              М.Акаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру