Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетМәдениет саласы бойынша 2015 жылдың ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы Ақпарат

Мәдениет саласы бойынша 2015 жылдың ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы Ақпарат

 

             Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызмет шеңбері

2015 жылдың шілде мен қыркүйек айы аралығында мәдениет мекемесінің есебімен мемлекеттік тілде жүзеге асып  жұмыс жүргізіп жатқан 44 мекеме бар. Оларда 128 адам жұмыс істейді, соның ішінде 2 мүгедек.

Ауданымыздың 22 мәдениет үйінде 117 үйірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйірмеге қатысушылар саны 1516 адамды құрайды. Аудандық мәдениет үйінде үш «Халықтық»  (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді, бұл: бишілерден құралған «Улыбка» би ансамблі, «Сувенир» цирк тобы және «Жібек жолы» фольклорлық –этнографиялық ансамблі.

Ағымды жылдың үшінші тоқсанында жалпы мәдениет мекемелерінде 116 түрлі мәдени іс-шаралар ауқымды түрде өтті.

Шілде айының 1-і дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Осыған орай аудандық мәдениет үйі алаңында қала әкімшілігінің және аудандық әйелдер қоғамы, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балалар біздің - болашағымыз» атты мереке күні өткізіліп, балаларға арналған концерттік бағдарлама, сурет салу, би билеу тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Соңында әйелдер қоғамының төрайымы Роза Омарқызы демеушілік жасап, мерекеге жиналған балаларға сыйлықтар таратты.

4 шілде күні «Арман қалам - Астанам» атты қала жұртшылығы Астана күнін атап өтті. Ш.Қалдаяқовқа арналған «Менің - Қазақстаным» атты аудандық әншілер байқауы Шелек аймағында ұйымдастырылды. Жүлде алған әншілерге келесі байқауға жолдама берілді.

Аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ұлы ақын Абай және көркем әдебиеттің атасы О.Бөкей оқулықтары, кітап сүйер оқырмандар арасында насихатталып,, рухани байлық азығына жалғасты. 

Іле ауданында Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің бас қосуы болып өтті. Бұл шараға  ауданымыздың  көркемөнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, алғыс хатпен марапатталып қайтты.

31 шілде Түрген сайында киелі бұлақ басында еліміз үшін ерекше оқиға орын алды. Информатика пәнінен Алматы қаласында өткен ХХҮІІ халықаралық олимпиада аясында әлемнің 82 мемлекетінен келген 800 оқушы және ұстаздар киелі өнерімізге ат басын бұрды. Концерттік бағдарламалар көрсетіліп, спорт ойындары, көрмелер және әр түрлі ұлттық салт-дәстүрлерімен қонақтарды тәнті етті.

Аудандық мәдениет үйінде қала балаларының жазғы демалысын пайдалану мақсатында 3-Д көрмелері ұйымдастырылып, бұған жанұяларымен әр түрлі суретке түсу, тағы басқа түрлерін қызықтап отырды. Бұл күнделікті шара шілде айының 29-нан тамыз айының 13-не дейін жалғасты.

17 тамызда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі қатысуымен жылдағы дәстүрлі мұғалімдер конференциясы өткізілді. Конституция мерекесі қарсаңында ауданымызда 280 орынға арналған «Айжан» балабақшасы ашылды. Бұл қуанышты күнге ауданға іс-сапарымен келген облыс әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Тойбаев және аудан әкімі жаңадан бой көтерген балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Артынша облыс әкімі құрылысы аяқталуға жақын спорт кешенін аралады. Одан кейін Қаракемер ауылында жаңадан бой көтерген 600 орындықты көпсалалы кәсіби-техникалық колледжінде болды. Одан әрі Ж.Қайып ауылында болып, 1 қыркүйек есігін айқара ашқалы отырған мектепте болды. Сапар соңында аудандағы атқарылған істерге лайықты баға беріп, алдағы нақты міндеттерді жүктеді.

28 тамыз ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекесіне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі барша жиналған қауымды Конституциямыздың 20 жылдығымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі және ауданымызға еңбегі сіңген азаматтарымызды ауданның «Құрметті азаматы» атағымен, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатпен» марапаттады. Жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Қыркүйек айының 8-11 аралығында Елордамыз Астана қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара болып өтті. Бұған ауданымыздан Бүркітшілер, әр түрлі көрмелер қойылып, бұл бұл іс-шараға Елбасы Н.Назарбаев және Астана жұртшылығы үш күн бойы әр облыстан келген көрмелерді, қойылымдармен концерттік бағдарламаларды тамашалады.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін ауданның мәдениет күніне орай Қарасай ауданында мәдениет күндері ұйымдастырылды. Іс-шараны облыс әкімімен бірге Қарасай ауданы тұрғындары да тамашалады. 

22 қыркүйек Талғар қаласында облыстық «Жетісу жұлдыздары» байқауының іріктеу туры болып өтті. Бұл байқауға ауданымыздан 5 үміткер жолдама алды. Биылғы жылдың 3 тоқсанында ауданда 394 іс – шара ұйымдастырылып, бұған 120003 адам тартылса, жалпы 9 айда 1205 іс-шара өткізіліп, бұған 371856 адам тартылды.

Қазіргі кезде ауданымызда 4 мұражай жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, біреуі – тарихти - өлкетану мұражайы, екіншісі – археологиялық-өлкетану мұражайы, үшіншісі – қолданбалы өнер мұражайы, төртіншісі – «Жетіқазына құсбегілер» мұражайы.

Аудандық кітапхананың ұймдастыруымен «Қазыналы қарттар» тақырыбында Қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға  ауданымыздың асқақалдары, әжелері шақырылып, мектеп оқушыларымен тәрбиелік мәні бар тақырыптарда әңгіме өткізді. Оқушылар қарттарға арнаған өз шығармаларын арнады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру