Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаМәдениетЕңбекшіқазақ ауданында 2015 жылдың І жарты жылдығында мәдениет саласы бойынша атқарылған іс – шаралар туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданында 2015 жылдың І жарты жылдығында мәдениет саласы бойынша атқарылған іс – шаралар туралы ақпарат

 

        Еңбекшіқазақ  ауданында 22 мәдениет үйі,  2 мылқаулар клубы, 16 кітапхана, 3 музей, 2 «Мемлекеттік оқыту орталығыжұмыс істеп тұр.        Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызмет шеңбері

2015 жылда  мәдениет мекемесінің есебімен мемлекеттік тілде жүзеге асып  жұмыс жүргізіп жатқан 44 мекеме бар. Оларда 128 адам жұмыс істейді, соның ішінде 2 мүгедек.

Ауданымыздың 22 мәдениет үйінде 115 үйірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандық мәдениет үйінде үш «Халықтық»  (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді, бұл: бишілерден құралған «Улыбка» би ансамблі, «Сувенир» цирк тобы және «Жібек жолы» фольклорлық –этнографиялық ансамблі.

          Қазіргі кезде ауданымызда 4 мұражай жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, біреуі – тарихи - өлкетану мұражайы, екіншісі – археологиялық-өлкетану мұражайы, үшіншісі – қолданбалы өнер мұражайы, төртіншісі – «Жетіқазына құсбегілер» мұражайы.

Ауданның мұражайларында 4793 экспонат қойылған.

        Ағымды жылдың 1 желтоқсанына дейін  аудандық кітапхана тарапынан            216 түрлі іс-шаралар өтті.

          Кітапханаға кітап қорын көбейту мақсатында жыл сайын «Кітапханаға кітапты сыйға тарт» акциясы өтеді. 2015 жылдың басынан есептегенде аудандық кітапханаға 12 дана кітаптар сыйға тартылды.

    Қаңтар айында бөлімнің алқалық отырысы өтті. Бұл жиында 2014 жылға  қорытынды бағасы беріліп және ағымды жылдың мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Ауданымыздағы әрбір мекеме қызметіне рейтингтік сараптау бағалары берілді.

    Ауданымыздың барлық мекемелерінде Елбасымыздың халыққа арнаған: «Қазақстан – 2050:  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиялық жолдауы талқыланды.

          Ауданымыздың 2 аймағында «Наурыз» және «Мәуліт» дәстүрлі мейрамдары өтті. Ауданымыздың орталығында ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған аудандық байқау өтті.

        Елбасы Жолдауын насихаттауда барлық кітапханаларда тақырыптық көрмелер мен сөрелер жасақталды.

        9 қаңтар күні Ә.Мәлкеев атындағы қазақ – түрік лицей интернатының мәжіліс залында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында «Қоғамды дамытудың басты бағдарламасы» атты жедел ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – маңызды құжатқа лайық баға беру, оқушыларға еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсіндіру. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды. Сонымен қатар, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, жолдаудың маңыздылығы түсіндірілді.

       21 қаңтарда Елбасының «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық бағдарламасын талқылау мақсатында «Елбасының ойында – ел қамы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  25 сәуірде аудандық кітапхананың оқу залында «Ұлт байлығы – Ұлы байлық» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра», «Отан үшін от кешкендер» тақырыбында патриоттық сабақ өтті. «Отты жылдар» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Тарих бетінен ойып орын алған аталмыш күнге «Қасіретті жылдар құрбандары» атты панорамалық көрме ұйымдастырылды және «Алаш арыстары» тақырыбында әдеби шолу болып өтті. «Қазақстан және әлемдік көрме. ЭКСПО-2017» тақырыбында мерзімдік басылым беттерінде библиографиялық щолу жарияланды.

        22 қаңтар күні «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты әңгіме сағатын аудандық кітпахананың оқу залында кітапханашы Г.Свининников өткізді. Бұл әңгімеге педагогикалық колледж студенттері қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталып өтті. Бірінші – білім мәселесі, екіншісі – ұлтаралық достық, үшіншісі – Елбасының жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі дүп басып айтылды.

Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында 2015 жылдың 14 ақпанында Рахат ауылдық округінде Нұртөбе төбесінде «Сонар - 2015» бүркітшілер жарысы болып өтті. Бірінші орынды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылындағы «Жетіқазына» саятшылар клубы иеленді.

            Хандықтың 550 жылдығына орай арнайы жоспар құрылып, мәдени, әдеби іс – шаралар ұйымдастыру көзделді. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тарихы терең елім менің, табиғаты терең жерім менің» тақырыбында көрме ұйымдастыру жоспарға енгізілді және бұл бойынша жұмыстар атқарылуда. Жастарды спортқа баулу мақсатында «Береке, бірлік бастауы – әз Наурыз!» мейрамында ұлттық спорт ойындарын (тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тартыс, т.б.) ұйымдастырылды. Аудандық кітапхана тарапынан «Ұлы даланың Ұлы адамдарына тағзым» тақырыбында еске алу кеші, «Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра» тақырыбында әдеби-тарихи калейдоскоп өткізу ұйымдастырылуда.

Ұлы тарихымызды ұлықтауға арналған мақалалар мен ауданымызда өтіп жатқан іс – шаралар аудандық баспа беттеріне де жарияланып жатады. Сөгеті ауылдық округінде «Қазақ хандығы: Өрелі ел болу - өзімізден» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған ҚР Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Ердәулетұлы, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мухамедов келіп қатысты. Негізгі мақсат – елдің еркіндік екені ерекше айтылды. Аталмыш іс-шара баспа бетіне жарияланып, халық жадына ұсынылды.

Райымбек орта мектебінде «Ұлттық рух – ұлттық тәрбие» тақырыбында іс – шаралар өткізілді. Осы тақырып аясында аудандық жыршы-жырау, термешілер байқауы жыл аяғына дейін жоспарланып отыр.

«Жайлау - 2015» шопандар тойына арналған іс – шарада Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына орай театрландырылған драмалық көрініс қою және аудан бойынша жылжымалы көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр. «Халқымыздың тарихи ата-мекені» тақырыбында мектеп оқушылары арасында шығармадан байқау ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Тарихыңды білесің бе?» атты тақырыпта сауалнама акциясы ұйымдастырылып жатыр, жыл аяғына дейін жалғасын табуда.

        Аудандық мәдениет үйі тарапынан «Зимушка зима» атты тақырыпта ескі жылмен қоштасу кеші өтті, сонымен қатар, «Жетісу әуендері» атты әннен аудандық байқау өтті. Мұхаммед Пайғамбардың туылған күніне «Мәуліт күні» ұйымдастырылды, іс-шара ауқымды түрде өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Асыл жанды Аналар» тақырыбында 8 наурыз – әйелдер күніне орай концерттік мерекелік іс-шара болып өтті.

Аталмыш мереке бойынша іс-шара жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, 5 наурыз аудандық кітапхананың оқу залында «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта әдеби-тарихи калейдоскоп өтті. Оған оқушылар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Негізгі көтерілген тақырып соғыстың зардабы мен азабы туралы және Отан үшін отқа түскен қасық қаны қалғанша күрескен батыр ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы айтып өтті.

5 наурыз аудандық кітапхананың оқу залында «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта әдеби – тарихи калейдоскоп өтті. Оған оқушылар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Негізгі көтерілген тақырып соғыстың зардабы мен азабы туралы және Отан үшін отқа түскен қасық қаны қалғанша күрескен батыр ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы айтып өтті.

18 сәуір ескерткіштерді қорғау күніне орай елді мекендерде жоспарға сәйкес сенбілік жұмыстарын жүргізді. Абаттандыру, тазалау, ретке келтіру жұмыстары жасалды. Іс-шара негізінде жүргізілетін жұмыстар мазмұны арнайы түрде селолық округ әкімдеріне хат жолданып, тапсырмалар берілді. Мектептерде ашық сабақтар өтті. Ауылдарда орналасқан кітапханаларда тарихи ескерткіштерге арналған сурет  көрмесі ұйымдастырылды. Сынып сағаттары болып өтті. Ескерткіш жанында болған іс – шарада гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіз еске алу рәсімі өтті. Ауыл жастары мен оқушылардың дайындап келген өнерлерін тамашалауға барша жұрт болып қатысты.

23 сәуір күні аудандық кітапханада «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты конференцияға келген қонақтар: аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С.Сәлімбаев, Есік қалалық ұйымының төрағасы Д.Т.Шәріпбаев, Түрген селолық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Искаков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі М.Ғ.Қаунышев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі А.Нұғман және Абылай хан атындағы орта мектептің 7,8,9 – сынып оқушыларын басқарып келген қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі О.Мырқалықова, ата-аналар. Барлығы – 30 адам.

Конференцияға қатысушылар бұрынғы Кеңес Одағында болған фазизмге қарсы қосқан үлестерін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызын, оның халық тағдырына жасаған ықпалын талқылады. Басты тақырыптың бірі  - Ұлы Отан соғысының тарихын ұмытпау және өскелең ұрпаққа аманат етіп жеткізу. Жиын барысында соғыс ардагерлеріне, тылда еңбек еткен Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік Германияны жеңуге зор үлес қосқан ата-аналарын оқушылар құттықтап өлең, әндерін шырқап берді.

Кітапхананың оқу залында «Ұлы ерлік шежіресі» атты тақырыпта көрме-панорама ұйымдастырып, көркем әдебиеттер оқырман назарына ұсынылуда.

«Великой победе – 70 лет» атты тақырыпта аудандық кітапхана Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған іс-шара болды. Ондағы мақсат Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құрмет тұту, жас толқынды Отанды қорғау, батыл да батыр, ержүрек болуға, өз елінің патриоты болатын тұлғаны тәрбиелеу еді.

 Мектептерде ашық сабақтар өтті. Қырбалтабай ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Ерлікке тағзым», Бижанов ауылында орналасқан Бижанов орта мектебінде «Тарихқа тағзым», Қорам ауылындағы орта мектебінде «Естеліктер», Саймасай ауылдық орта мектебінде «Өткенді ұмытпайық» атты  ашық тәрбие сағаттары өтті.

Ауылдарда орналасқан кітапханаларда тарихи ескерткіштерге арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды, аудан орталығы Есік қаласында, Бәйдібек би, Көктөбе ауылдық кітапханаларында 4-8 сынып аралығында көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, өзге де кітапханаларда ҰОС – на арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

          Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шара жоспары негізінде Астана қаласында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» атты конференция болып өтті. Ауданымыздан делегат ретінде Якубов Эльдар Ризаевич барып қайтты. Іс-шара  пікір сайыс ретінде өтті, және де депутаттармен кездесу өткізіп, әр қатысушы өз пікірлерімен алмасып, сұрақ-жауапқа ұласты. 

          2015 жылы 18 мамыр «Таңбалы тас» шатқалы Іле өзені жағалауында «Қазқұтқару - 2015» құтқару бөлімшелерінің 20 – шы халықаралық жиын – семинары және ҰҚШҰ мүше мемлекеттері құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығу іс-шарасының ашылу салтанатына Еңбекшіқазақ ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көрсетіліп, соңында би кешіне ұласып, от шашу рәсімімен аяқталды.       

Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай мәдениет бөлімі 66/54-ші әскери бөліммен бірлесе отырып, «Рәміздерді қадірлеу – Отанды құрметтеу» тақырыбында мерекелік кеш өткізді.

мен фильмдерінің негізінде алынған.

           

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы                          М.Ақаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру