Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетӘлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

Құрметті интернет ресурсын пайдаланушы!

Сұрақ қоймастан бұрын  Сізден төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз: 

1.  Сіз өтінішіңізде тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз. 
2.  Сауалыңыз тек Еңбекшіқазақ ауданының өңірлеріне қатысты болуы тиіс. 
3.  Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн. 
4.  Егер Сіздің сұрақ-шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет. 
5.  Бұл сұрақтарға толық әрі жедел жауап беру және көрсетілген деректердің анық –қанығына жету үшін, шағымданушы автор өзінің аты-жөнін, нақты электронды поштасын (e - mail) және телефонын  көрсетуі қажет.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:

  • Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
  • Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
  • сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.

Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдырады. 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңының кейбір баптары:

           5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

1. Мыналар қарауға жатпайды: 
          1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 
          2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 
          2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

         6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

         1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 
         2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
       Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. 
      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

       8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
      2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. 
      4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.


Add comment


Comments   

0 # Ақбөпе Азаматқызы 2018-10-17 05:37
Салеметсиздер ме, Мен Енбекшиказак ауданы, Байтерек ауылы, Птицевод саяжайынын тургынымын.Сизд ерден сурарым, окушыларды тасымалдайтын автобус тек Кулжа тас жолына әкеледи, саяжай тургындарынын жолдан 1-2шакырым алыс жерде туруына байланысты, окушыларга сабакка катынау типтен киын. Асиресе, кун кыскарган уакытта тустен кейин окитын балалар тым кеш кайтады. Баласын коликпен немесе жаяу кутип алуга баринин жагдайы келе бермейди. Сизден сурарым тасымалдайтын автобусты саяжай ишине(тым болмаса 1км) киргизу мумкин бе? Казирги оку багдарламасы да онай емес балалардын уакытынын жарты куннен коби сабакка барып келумен отеди.2) Аталган саяжайдын болашагы бар ма? Жалпы, жол, газ, сумен камту дегендей... Тусинистик танытып жаксы жауап жазады деген умиттемин. Сау болыныздар!
Reply
0 # А.Нурланов 2018-11-02 09:57
Сіздің 2018 жылы 17 қазанда № 85 жолдаған өтінішіңізге төмендегідей жауап ұсынамыз .

Бәйтерек ауылдық округ әкімінің аппаратымен Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау мемлекеттің қызметі көрсетіледі. Ағымдағы оқу жылының басында әкім аппараты тасымалдайтын кәсіпкермен тасымалдау бағыттары бекітілген. Сондықтан бекітілген құжаттарға өзгеріс енгізу керек. Бұл жұмыстар белгілі бір уақыт талап етеді . Алдағы уақытта бұл мәселені оң жағына шешу амалдарын қарастырамыз.

Птицевод саяжайы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты . Бірақ заң талаптарына байланысты . Әрбір бақшалық серіктестік өзінің жарғысы негізінде іс қыймыл жасайды . Сондықтан бақшалық әрекеттестігіні ң төрағасы өзінің серіктестік мүшелерімен біріге отырып су, жол, сияқты мәселелерді жоспарлап шешу керек.
Reply
0 # Жансая жунбаева 2019-04-14 11:32
Сәлеметсіз бе мен жалғыз басты ана ретінде сизден көмек сурап турмын. Тескенсуда ппопискада турамын. Биреудин үйінде. Соған байланысты пособия ала алам ба. Соған кандай комек бересиз
Reply
0 # Б.Доғалов 2019-04-22 09:35
Аудан әкімшілігінің веб-сайтына Жансая Жунбаеваның 2019 жылғы 14 сәуірдегі жазған хатына байланысты Тескенсу ауылдық округінің 2016 – 2020 жылдарға арналған үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерінде Ж.Жунбаеваның тіркелмегендігі н және жәрдем ақы алуға құжаттарымен Тескенсу ауылдық округі әкімшілігіне жүгінбегендігін мәлімдейміз.
Reply
0 # Жунбаева Жансая 2019-04-16 12:41
Салеметсиз бе мен Тескенсу ауылынын тургынымын. Жалгыз басты анамын. Сизден комек сурап отырмын. Пособияга илине алмай журмин комек берсениз. Казирги танда поляда турамын. Свет ештене жок келип корсениз болады. Бармаган жерим калмады. Бар умитим сизде. 3баламмен дала турамын жумыс жок кундик табыс. Енди кайда барып шагымдансам болады
Reply
0 # Қайрат Мазақов 2019-05-25 22:34
Менің қояр сұрағым:"атаулы əлеуметтік көмек"(АƏК)тура лы.Менің бес балам бар,2000.2002.2 005.2013.2018 жылы туылған.Жұмыс істеймін,қолыма алатын жалақым 85000 теңге,əйелім бір жасқа дейінгі бала күтіміне 33000 теңге алады.Атаулы əлеуметтік көмек алу үшін жинаған құжаттардың ішінде"кіріс туралы анықтама"бар сол анықтамада менің жұмыс орным менің жалақымды 100000 деп көрсеткен оның 10мыңы зейнетақы қорына,4500табы с салығы ретінде анық көрсетілген.Кай назар ауылдық əкімшілігі қабылдаған құжаттарды АƏК тағайындайтын орган"сіздің табысыңыз күнкөріс деңгейінен жоғары"деп көмек көрсете алмай отыр.Сұрақ:1)не ге менің айлық жалақым 100мың болып есептеледі?мені ң қолыма алатыным 85мың тенге.Көмектесу іңізді сұраймын.Рахмет
Reply
0 # Байториқызы 2019-11-01 10:05
Салеметсиздерма менің анам жалғызбасты ана 4-сынып оқыйтын ініммен тұрады. Атаулы əлеуметтік көмекке мұқтаж. Еңбекке жарамсыз.
Reply
0 # Н.Аканов 2019-11-07 09:50
Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Сіздің 01.11.2019 жылғы өтінішіңізді қарап төмендегіні хабарлайды:
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 2 – бабының 1 – тармағына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жан басына шаққанда орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі (Заңның 2 - бабының 3 - тармағы). Ұсынылған құжаттардан сіздің отбасыңыз шартсыз ақшалай көмек алуға жүгінетіні анықталды.
Алайда Сіз ұсынған дәрігерлік – консультативтік комиссияның 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №170 тұжырымында, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі белгіленетін аурудың бар екендігі расталмады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінің 12 – тармағына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздықты растау үшін Орталық аудандық ауруханаға сұраныс жіберілді. Нәтижесінде Сіздің уақытша жұмысқа қабілетсіздігің ізді растамады (Шелек ауылы аудандық Орталық ауруханасының 10.25.2019 сәйкес).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай - ақ Заңның 4 – бабын 8 – тармағын басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган мемлекетті атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сіздің өтiнiшіңізді қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, осы жауапқа үш ай мерзім ішінде шағым жасауға құқылысыз.


Директордың м.а Н. Аканов
Reply
Menu

Категориялар (тақырыбын таңдаңыз және сұрақ қойыңыз)

Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру