ЖОБА Шелек ауылдық округі Шелек ауылындағы жобаланған көшелерге атау беру туралы

 

         Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 және 37 баптарына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Шелек ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Шелек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

- «Жобаланған-1» көшесіне «Арна»,

- «Жобаланған-2» көшесіне «Алматы»,

- «Жобаланған-3» көшесіне «Хан тәңірі»,

- «Жобаланған-4» көшесіне «Алаш»,

- «Жобаланған-5» көшесіне «Жалағаш»,

- «Жобаланған-6» көшесіне «Атамекен» атаулары берілсін;

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәрсембек Айбек Жұматайұлына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е.Есенханов

Шелек ауылдық округінің әкімі