Асы ауылдық округінің Қызылшарық, Қайрат, Сарытау, Таусүгір және Асысаға ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтына

        

ЖОБА

Асы ауылдық округінің Қызылшарық, Қайрат, Сарытау, Таусүгір

және Асысаға ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Асы ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Асы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылшарық ауылындағы 1-көшені Самал көшесіне, 2-көшені Жаңалық көшесіне, 3-көшені Бейбітшілік көшесіне, 4-көшені Бәйтерек көшесіне, 5-көшені Шаңырақ көшесіне, 6-көшені Теректі көшесіне, 7-көшені Жастар көшесіне, 8-көшені Іргелі көшесіне, 9-көшені Сәттілік көшесіне, Новосельская көшесі Әйтеке Би көшесіне, Сумская көшесі Төле Би көшесіне, Бульвар Мира көшесі Ардагер көшесіне, Молодежная көшесі Қазыбек Би көшесіне;

           Қайрат ауылындағы Жобаланған көшесі Алмалы көшесіне, Жобаланған-1 көшесі Шаттық көшесіне, МТФ көшесі Ынтымақ көшесіне, 50 лет КазССР көшесі Жібек Жолы көшесіне;

  Сарытау ауылындағы Атауы жоқ көшесі Қайнарлы көшесіне;

          Таусүгір ауылындағы Атауы жоқ көшесі Медеу көшесіне, Жобаланған көшесі Атамекен көшесіне;

          Асысаға ауылындағы Жобаланған көшесі Асы көшесіне, Жобаланған-1 көшесі Наурыз көшесіне, Жобаланған-2 көшесі Алатау көшесіне, Жобаланған-3 көшесі Болашақ көшесіне қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                  Асы ауылдық                             

                  округінің әкімі                             Ұ. Сағынбеков