Шағын бизнес үшін салық салу режимі

Тіркелген сәтінен бастап кез келген кәсіпорын салық төлеушіге айналады.  Үнсіз келісім бойынша ЖК де, ЖШС де көпшілік мақұлдаған режимге сәйкес жұмыс істейді.  Бұл жағдайда кіріс және шығыс есебін және ілеспе құжаттаманы жүргізу міндетті.

Табысқа кесімді мөлшерлемемен салық салынады: ЖК үшін 10% (жеке) және ЖШС үшін 20% (корпоративті). Тоқсан сайынғы табысы 10 млн. теңгеден асатын, ал қызметкерлерінің саны 25 адамнан асатын субъектілердің барлығы осы режимге жатқызылады; сондай-ақ елдің түрліше елді мекендерінде құрылымдық бөлімшелері бар кәсіпорындар.

Жалпыдан бөлек, салық салудың жеңілдетілген режимінің екі түрі бар. Оларға ЖК немесе заңды тұлға тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде не болмаса келесі салық кезеңі басталғанға дейін Салық басқармасына өтініш беру арқылы ауысуға болады.    

Ең қарапайым режим – патент. Бұл категорияға тек қана жалдамалы жұмысшылары жоқ және жылдық табысы 200ЕТЖ-дан аспайтын ЖК жатады. Патенттің басты артықшылығы -  патентті рәсімдеу кезінде мәлімделген жылдық табыстың 2% есебінен барлық салықтардың бір мезгілде төленуі. Оған қоса  ЕТЖ-ның 10% мөлшеріндегі зейнетақы жарнасы жәнеЕТЖ-ның 5% мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар.

Салық салудың екінші арнайы режимі – жеңілдетілген декларация негізінде. Ол ЖК үшін тоқсандық табысы 10 млн. теңгеден аспайтын, ал жалдамалы қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын немесе ЖШС үшін  табыс 25 млн. және штатта 50 адам болған жағдайда мүмкін. Жеңілдетілген декларация бойынша тоқсандық табыс сомасының  3% мөлшерінде салық төленеді. Оған қоса дәстүрлі зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бар, әрі бұл жағдайда ЖК үшін де, жалдамалы жұмысшылар үшін де жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда үкімет тарапынан ксіпкерлікті қолдауға үлкен мән беріледі. Бастаушы кәсіпкерлердің, сондай-ақ өз орнын тауып, белгілі бір табыстарға қол жеткізгендердің өмірін жеңілдететін көптеген құралдар бар.