Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратАудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2017 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2017 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

           Шағын кәсіпкерлік бойынша

2018 жылдың 1 қаңтарына ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 18276 бірлікке жетіп,  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 800, жеке кәсіпкерлік – 6526, шаруа қожалықтары – 10950. Салада 49330 адам  жұмыспен қамтылды.

      Шағын бизнес субъектілері 2018 жылдың 1 қаңтарына 32750,6 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бұл 2016 жылға қарағанда 102,6 пайызға артқан (2016 жылдың сәйкес кезеңі – 31911,8 млн.теңге). Бюджетке 4231,5 млн.теңге салық түскен, ол 110,8 пайызды құрады. (2016 жылы – 3818,3  млн.теңге).

          Аудан бойынша 1409 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 949 сауда нысандары (716– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 130 - тұрмыстық қызмет, 181 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   Бүгінгі күнде аудан бойынша 14 сауда және қызмет көрсету нысандары нақтыланып, іске қосылуға құжаттары дайындалуда.

Ірі және өнеркәсіп орындары бойынша

2018 жылдың 1 қаңтарына өнеркәсіпте 31 млрд. 767 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. Нақты индекс көлемі 98,4 пайызды құрады. Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары, қалғанын шағын кәсіпорындары құрайды,  көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 65% үлесін құрайды.

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау жұмыстары туралы семинар түсіндірме жүргізіліп отыр.

Ауданға тартылған негізгі  инвестициялар көлемі 2018 жылдың 1 қаңтарына 36458,9 млн. теңге. Оның ішінде 813,5 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 4035,4 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 20088,1 млн. теңгесі өз қаражатынан, 10579,1 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен тартылған.  

2017 жылға өткен инвестициялық жобалар:

- Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-гі салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерьрінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске асырырылды. Жалпы жобалық құны 20,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылады.

-Ақши ауылында қуаттылығы 15 мың тонна түйіршіктелген жоңышқа жемін өндіретін инвестициялық жоба құны 182,0 млн.теңгені құрайтын 30 жаңа  жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «АгроЭкспортИмпорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысы;

- Нұрлы ауылында жылына 3800 тонна тауық етін өндіретін инвестициялық соммасы 1,8 млрд.теңгені құрайтын 120 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін “Нұрлы құс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының құрылысы;

- Нұрлы ауылында қуаттылығы 4,5 МВт болатын, инвестициялық сомасы 2,6 млрд.теңгені құрайтын 10 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Нұрлы ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын шығаратын сатнциясының құрылысы;

- Есік қаласында қуаттылығы 5,0 МВт болатын, инвестициялық сомасы 1,6 млрд.теңгені құрайтын 10 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Энергия Алеми» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын шығаратын станциясының құрылысы;

- Рахат ауылында жылына 50 ірі қара мал өсіретін, инвестициялық сомасы 110,4 млн. теңгені құрайтын 5 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Усенов» шаруа қожалығы;

- Қырбалтабай ауылында қуаттылығы 25000 тонна болатын, инвестициялық сомасы 1487,6 млн. теңгені құрайтын 78 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Жетысу Соя» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сояны қайта өңдейтін заводтың құрылысы;

- Саймасай ауылында жылына 1000 тонна тауық етін қайта өңдейтін, инвестициялық сомасы 200,0 млн. теңгені құрайтын 22 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Ассорти Ранчо» жеке кәсіпкері;

- Түрген ауылында жылына 1000 тонна ірі қара мал етін қайта өңдейтін, бордақылау алаңы болатын, инвестициялық сомасы 3,1 млрд.теңгені құрайтын 127 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Иле Алатау Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- Қаратұрық ауылында қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын, инвестициялық сомасы 100,2 млн. теңгені құрайтын 5 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «Барса» шаруа қожалығының қарқынды алма бақтарын отырғызуы;

       

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дамуы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. Қала, ауылдық округтің кәсіпкерлеріне аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» АҚ-ның өкілдерімен екінші деңгейлі банк өкілдері арнайы шақырылып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру туралы семинар жиналысы өткізілді.

 Ауданда Алматы облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалының бөлімі ашылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы консультанттары жұмыс жүргізуде.  

Жалпы аудан бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның дамуы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіле береді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 2018 жылдың 01 қаңтарына сомасы 898,0 млн. теңге болатын 15 жоба іске асырылды. Оның ішінде: 7 жоба пайыздық мөлшерлемелі субсидиялау; 4 жоба кепілдендіру; 4 жоба грант бойынша.

Бағдарламаның грант беру бағыты аясында ауданнан 4 жоба өткен, олар:

- Есік қаласынан «Экстремал Спорт Туризм» ЖШС-і –1,0 млн.тенге

- «Жексембай» жеке кәсіпкері 1,2 млн. теңге

- «Багибаев» жеке кәсіпкері 0,5 млн. теңге

- «Танат» жеке кәсіпкері 1,5 млн. теңге инновациялық жоба ретінде  грант ұтып алды.

                                      Туризм саласы

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген.

Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

Ауданда 18 нысан туризм саласында жұмыс атқаруда (олар: 7-қонақ үй, 1-қонақжай үй, 2-аңшылар үйі, 3-демалыс үйлері, 3-сауықтыру лагерьі, 2-демалыс орындары), ағымдағы жылдың 3-тоқсанына 1 нысан іске қосылды (Түрген селолық округіне қарасты Түрген шатқалының 6 шақырымында жеке кәсіпкер «Камзолдаева Райхан» этно-мәдени қалашығы). Аталған нысандарда қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осының есебінен 2018 жылдың 01 қаңтарына туристік сауықтыру қызметінің көлемі 72,0 мың теңге. Барлығы 12 туристік бағыт бойынша жұмыс істеп, 75520 туристтер қабылданды. 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша туризм саласында 2016 жылы «Камзолдаева Райхан» жеке кәсіпкері Түрген селолық округіне қарасты Түрген шатқалының  6 шақырымында жаңа 10 жұмыс орнымен қамтылған этно-мәдени қалашығының құрылыс жұмыстары аяқталып, 2017 жылы іске қосылды. Жоба құны 10 млн. тенге.

Аудандық кәсіпкерлік

бөлімінің басшысы                                          Н.Серғали

@А.Сисенбаева

'8 (72775) 7-23-53

* This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру