Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратАудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

           Шағын кәсіпкерлік бойынша

2017 жылдың 1 шілдеге ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 18274 бірлікке жетіп,  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 798, жеке кәсіпкерлік – 6526, шаруа қожалықтары – 10950. Салада 49200 адам  жұмыспен қамтылды.

      Шағын бизнес субъектілері 2017 жылдың 1 шілдеге 7132.7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бұл 2016 жылға қарағанда 106.2 пайызға артқан (2016 жылдың сәйкес кезеңі – 415.9 млн.теңге). Бюджетке 1733.7 млн.теңге салық түскен, ол 112,8 пайызды құрады. (2016 жылы – 197.4 млн.теңге).

          Аудан бойынша 1409 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 949 сауда нысандары (716– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 130 - тұрмыстық қызмет, 181 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   Бүгінгі күнде аудан бойынша 14 сауда және қызмет көрсету нысандары нақтыланып, іске қосылуға құжаттары дайындалуда.

Ірі және өнеркәсіп орындары бойынша

2017 жылдың 1 шілдеге өнеркәсіпте 15 млрд. 116 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. Нақты индекс көлемі 110,7 пайызды құрады. Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары, қалғанын шағын кәсіпорындары құрайды,  көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 65% үлесін құрайды.

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау жұмыстары туралы семинар түсіндірме жүргізіліп отыр.

Ауданға тартылған негізгі  инвестициялар көлемі 2017 жылдың 1 шілдеге 11692.6 млн. теңге. Оның ішінде 326.7 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 1400.2 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 5789.5 млн. теңгесі өз қаражатынан, 4176.0 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен тартылған.             

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дамуы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. Қала, ауылдық округтің кәсіпкерлеріне аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» АҚ-ның өкілдерімен екінші деңгейлі банк өкілдері арнайы шақырылып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру туралы семинар жиналысы өткізілді.

 Ауданда Алматы облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалының бөлімі ашылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы консультанттары жұмыс жүргізуде.  

Жалпы аудан бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның дамуы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіле береді.

                                      Туризм саласы

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген.

Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

Ауданда 17 нысан туризм саласында жұмыс атқаруда және 2017 жылдың 1 шілдесіне  20017 адамға қызмет көрсетті.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша туризм саласында 2016 жылы «Камзолдаева Райхан» жеке кәсіпкері Түрген селолық округіне қарасты Түрген шатқалының  6 шақырымында этно-мәдени қалашығының құрылыс жұмыстарын іске асыруда. Жоба құны 10 млн. тенге. Аталған қалашық 2017 жылы іске асырылып, жаңа 10 жұмыс орны жоспарлануда.

2016-2017 жылдар аралығында екі қонақ үй кешенін, 2020 жылы ауданымыз үшін маңызды үлкен жоба канатты жолы бар таушаңғы курортын салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынуда.

Табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар ашылған. Мәселен, туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетеді. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.  

         «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуына байланысты, ауданымыздағы туризм саласындағы қонақ үйлер туристерді орналастыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, Есік қаласындағы «Командор» кешені қайта жаңғыртудан өткізіліп, бүгінгі күнде қала қонақтарына сапалы қызмет көрсетуде. Алайда, ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2016-2017 жылдар аралығында екі қонақ үй кешенін, 2020 жылы ауданымыз үшін маңызды үлкен жоба канатты жолы бар таушаңғы курортын салужоспарлануда.

Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту жоспарлануда. Бұл үшін қымыз және шұбатпен емдейтін, табиғи өніммен емдік тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынатын 8 үйдің  құрылысы басталған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.

Аудан  бойынша жасөспірімдер туристік орталығы жұмыс атқаруда. Толығырақ айтқанда Есік қаласы Алматы көшесінің бойында «Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жас өспірімдердің туристік және экскурсия орталығы» Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорны экскурсияға келген жас өспірім туристерді қабылдап жұмыстар жүргізуде.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша туризм саласын дамытуда жұмыстар тұрақты жүргізіліп, үнемі бақылауда тұрады.

Аудандық кәсіпкерлік

бөлімінің басшысы                                          Н.Серғали

@А.Сисенбаева

'8 (72775) 7-23-53

* This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру