Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратЕңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2016 жылға атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2016 жылға атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

ӨНЕРКӘСІП, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС, ИНВЕСТИЦИЯ, ТУРИЗМ

Өткен 2016 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі  30,0 млрд.теңгені құрады, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде  бұл көрсеткіш 27,1 млрд. теңгені құраған болатын (өсімі 2 млрд.900 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 103,2 пайызды құрады.

Осындай өсім шағын және орта бизнесте де байқалды. 2015 жылдың 12 айында 16450  кәсіпкерлік субъектілердің жұмысынан бюджетке 3,8 млрд.теңге түскен болса, 2016 жылдың 12 айында субъектілер саны 16502, бюджетке түсім 3,9 млрд.теңгені құрап,жұмысшалар саны 49 мың 200 адамға жетті. 

Аудан бойынша 1409 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 949 сауда нысандары (716– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 130 - тұрмыстық қызмет, 181 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   2016 жылды аудан бойынша жаңадан 32 сауда және қызмет көрсету нысандары іске қосылды.

2016 жылы бөлшек сауда көрсеткішінің көлемі 41,9 млрд.теңге болса, 2015 жылдың 12 айында 35,8 млрд.теңгені құрады. (бөлшек тауар айналымының өсімі- 6 млрд. теңге). Нақты индекс көлемі 99,2 пайызды құраған.                      

2016 жылдың 12 айдың  қорытындысы бойыншаауданға 49,7 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 113,1 пайызды құраған. (01.01.2016 жылы- 42,1 млрд.теңге, өсім 7 млрд. 600 млн.теңге).

Олардың арасынан ағымдағы жылы іске асырылған бірқатар ірі жобаларды атап кетуге болады:

Жаңадан іске қосылған нысан:

- Балтабай ауылындағы “Балтабай сүт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 380 тонна сүт өндіреді, жаңа 7 жұмыс орнымен қамтитын жобаның инвестиция көлемі 33 млн.теңгені құрады;

- Жобалық қуаттылығы 1,4 МВт болатын Түрген ауылындағы «Турген ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 251,4 млн.теңгеге инвестиция көлемі тартылып жаңа 10 жұмыс орыны ашылды;

- Түрген ауылында шырын өндіріп және сұрыптайтын "Apple World" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта өңдеу зауытының жобалық құны 1,9 млрд.теңге. Тәулігіне 2000 литр қуаттылығымен жаңа 126 жұмыс орынымен қамтамасыз ететін жоба іске асырылды.

Кеңейтілген өндірістік объектілер:

- Байтерек ауылындағы сағатына 100 тонна асфальт өндіретін “Асфальтобетон 1” АҚ желісі, инвестиция көлемі 125 млн.тенге. Жаңа 10 жұмыс орны ашылды;

- Жаңа 10 жұмыс орны ашылған Түрген ауылындағы “ГолдПродук” АҚ шарап құю желісі, инвестиция көлемі 200 млн.теңге;

Сондай-ақ 2017 жылы жүзеге асырылатын жобалар:

- Нұрлы ауылында жылына 3800 тонна броилерлік тауық етін өндіретін инвестициялық соммасы 1804 млн.теңге құрайтын 120 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін “Нұрлы құс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- Нұрлы ауылында қуаттылығы 5,4 МВт электр энергиясын өндіру және тарату жұмыстарын жүргізетін «Нұрлы ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, тартылатын инвестиция көлемі 2600 млн.теңге, 15 жұмыс орны;

- Жанашар ауылында сағатына 6000 бөтелке лимонад шығаратын, инвестиция көлемі 363,5 млн.теңге құрайтын 30 жұмыс орны ашылатын “Ахметов” ЖК құрылыс жобасы;

2016 жылы аудан бойынша 4 жоба аумақтық үйлестіру кеңесінен өтіп инвестициялық жоба ретінде қабылданған. Олар:

1) Нұрлы ауылынан "Нұрлы Құс" ЖШС броилерлік тауық етін өңдеу фабрикасының құрылыс жобасы қолданысқа беру жоспарлануда. Жалпы жобалық құны 1804,0 млн.теңге. Жалпы 120 жұмыс орнын, 1 транш бойынша 20 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы жылына 3800 тонна бройлерлік тауық еті.

Жобаны іске асыруға "Нұрлы Құс" ЖШС өз қаражаты есебінен 840,0 млн. теңге құрылыс жұмыстарына және 234,0 млн.теңге цехтің құрал жабдықтарына инвестиция тартылған.

            2) Нұрлы ауылынан «Нұрлы ВЭС» ЖШС-нің қуаттылығы 5,4 МВт электр қуатын өндіру жобасы 2017 жылы іске асырылу жоспарлануда. Тартылатын инвестиция көлемі 2600,0 млн.теңге тартылу жоспарлануда. Жаңа 15 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

3) Жанашар ауылынан сағатына 6000 бөтелке газдалған сусын шығаратын «Ахметов» ЖК-нің жобасы. Тартылатын инвестиция көлемі  363,5 млн.теңге. Жаңа 30 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Жобаның іске асырылу уақыты 2017 жыл.

4) Шелек ауылынан «Нуршипов Е» ЖШС-і 500 орынды логистикалық орталығын ашу жоспарлануда. Тартылатын инвестиция көлемі 9099,0 млн.теңге. жобаның іске асырылу уақыты 2019 жыл.

 Осымен қоса, аудан аумағында екі  индустриялықаймақтар анықталған.  Олар: Ташкенсаз селолық округінде 50 га және Масақ селолық округінде 47 га жер қарастырылып, белгіленген. Бүгінгі күнде аталған жерлерді резервте қалдыру туралы аудандық жер қатынастар бөлімі тарапынан қаулы дайындалған.

Сонымен бірге, мемлекеттік несиелеу де белсенді түрде қолданылды. 2016 жылдың 12 айында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 21 жоба – 4 млрд. 660 млн. тенге  несие алып, іске асырылған. Оның ішінде: 12 жоба қаражаттандырылған пайыздық мөлшерлеме негізінде өткен, жалпы соммасы 4 млрд. 391 млн. теңге, 7 жоба 39 млн. 800 мың теңгесі- несиелерді кепілдендіру негізінде,  1 жоба инфрақұрылымға Қырбалтабай ауылында орналасқан «Байсерке Агро» ЖШС-не электр энергиясын тартуға  273,0 млн.теңге және  грант беру бағыты аясында ауданнан 1 жоба өткен, ол - Есік қаласынан «Есік Лор» ЖШС-і –2 млн.тенге инновациялық жоба ретінде  грант ұтып алып,  Оңтүстік Кореяда өндірілген Лор комбайн «NET 600A» қондырғысы сатып алынып, орналастырып, бүгінгі күнде жұмысын жүргізуде.

Ауданда туризмді дамытудың 2014-2018  жылдарға арналған Мастер –жоспардың іс-шаралары бойынша туризм саласы бойынша ауданға инвесторлар тарту жұмыстары жалғасын табуда. Аталған  мастер-жоспардың іс-шараларына сәйкес 2015 жылдың 18 ақпанында аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен Еңбекшіқазақ ауданы аумағында туризм саласын дамыту туралы жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобының құрамы Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ ауданындағы өкілі және туризм саласымен айналысатын кәсіпкерлермен толықтырылған болатын.

Ауданда туризм саласында 17 нысан қызмет көрсетуде. Олар 7 қонақ үй, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 1 демалыс орны жұмыс істеуде. 2016 жылдың желтоқсан айында жаңадан 1 нысан қонақжай үйі іске қосылды. Аталған нысандар 75 420 адамға қызмет көрсетті. Ақылы туристік-сауықтыру қызмет көрсету көлемі 71,0 млн. тенгені құрады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуына байланысты, ауданымыздағы туризм саласындағы қонақ үйлер туристерді орналастыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, Есік қаласындағы «Командор» кешені қайта жаңғыртудан өткізіліп, бүгінгі күнде қала қонақтарына сапалы қызмет көрсетуде. Алайда, ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамыту жоспарлануда. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолдың жөндеу жұмыстары  жоспарланып отыр. Аталған жолдың жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін, арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында, велосипедпен серуендетуге мүмкіндік беретін туризм саласы іске асырылмақ.

 Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде.  2017-2018 жылдар аралығында 2- қонақ үй кешенін салу жоспарлануда.

2016 жылы Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы жанынан жыл сайын ұйымдастырылатын «Алтын адам» туристік-экологиялық лагері 9 ауысымда жұмыс істеді, биылғы жылы лагерьде 776 бала демалды, оның біреуі ата-ана есебінен демалса, қалған 775 бала мектептерге бөлінген жалпыға бірдей білім беру қорынан демалды.

Қараша айында орталық аумағында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – ел тарихының жарқын бетті» атты оқушылардың аудандық слеті өтті. Слетке ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары (14 команда) қатысты. 2-6 қараша аралығында Текелі қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай туристік көпсайыс (жасанды жер бедерінде тау туризмі) бойынша Алматы облысының Чемпионатында Еңбекшіқазақ ауданының «Алтын адам-5» командасы жалпы командалық есепте 3-ші орынға ие болды. 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру