Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетКәсіпкерлік және өнеркәсіпАқпаратАудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2015 жылдың III тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2015 жылдың III тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

Шағын кәсіпкерлік бойынша

2015 жылдың 1 қазанға ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 16435 бірлікке жетіп,  2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 620, жеке кәсіпкерлік – 4150, шаруа қожалықтары – 11665. Салада 48640 адам  жұмыспен қамтылды.

      Шағын бизнес субъектілері 2015 жылдың 1 қазанға 22700,0 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бұл 2014 жылға қарағанда 104,4 пайызға артқан (2014 жылдың 1 қазанына -21745,0 млн.теңге). Бюджетке 1775,6 млн.теңге салық түскен, ол 120 пайызды құрады. (2014ж. 1 қазанына – 1479,2 млн.теңге)

             Аудан бойынша 1381 сауда және қызмет көрсету нысандары халыққа игілігіне жұмыс жүргізуде.

Оның ішінде: 935 сауда нысандары (702– дүкен, 220 – дүңгіршек, 13 – базар), 126 - тұрмыстық қызмет, 178 - сервистік қызмет, 149 - қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар-6, кафе – 66, асхана - 77).

   2015 жылы 22 жаңа нысан іске қосылып, жаңа 165 жұмыс орындары ашылды.

Ірі және өнеркәсіп орындары бойынша

2015 жылдың 1 қазанына өнеркәсіпте 19 млрд. 467 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. 2014 жылмен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,2 пайызды құрады. (2014 ж -19млрд. 759    млн. теңге). Аудан өнеркәсібін 3 ірі және 6 орта кәсіпорындары құрайды, көрсетілген кәсіпорындар жалпы өнеркәсіп  өнімдерінің 65,4% үлесін құрайды.

Мемлекеттің Кедендік одаққа кіру себебінен сауда рыногында ірімшік пен сүзбе өнім түрлері көлемінің төмендеуі аудан аумағында «Адал» АҚ шығарған өніміне сұраныс төмендеп, нәтижесінде сүт өнімінің басқа түрлерін көптеп өндіруге көшкен. Ал «Фудмастер» АҚ ірімшік пен сүзбе өнімін Есік қаласындағы зауытта емес, тек Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан зауытында өндіріп келеді.

Ауданда қиыршық тасты «Кентас» ЖШС, «Найза Тас» ЖШС, «Ават Тас» ЖШС, «Жихан Бетон» ЖШС,  «Түрген Тас» ЖШС, «АДСК» ЖШС, «Асфальтобетон 1» АҚ-ы өндіреді.  

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қиыршық тастың төмендеу себебі: «Жихан Бетон» ЖШС-і кәсіпорнын сатуға қою себебінен өнім өндірмеген, «Асфальтобетон 1» АҚ-ы тапсырыс көлемінің төмендеуінен және «Найза Тас» ЖШС, «Түрген Тас» ЖШС сұраныстың төмендеуінен қиыршық тасты уақытша өндірмеу себебінен былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген.

Ауданға тартылған негізгі  инвестициялар көлемі 30 млрд. 811 млн. теңге тартылды. Оның ішінде 2 млрд. 645 млн. теңгесі республикалық бюджеттен,  1 млрд. 274 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен, 4 млрд. 257 млн. теңгесі өз қаражатынан, 22 млрд. 632 млн. теңгесі заемдық қаржы есебінен тартылған.

Республикалық ірі жобалардан 2015 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит жолының құрылысы аудан аумағынан 156,7 шақырым өтетін жобаның жоспарланып отырған жалпы инвестиция көлемі 68,7 млрд.теңге.

Осымен қоса, 2015 жылдың 9 айында Қазақстан селолық округінде жеміс-жидек, көкөніс өңдеу зауыты «НұрКазАгро» ЖШС-нің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Тартылған инвестиция көлемі 50 млн.теңге жеке қаржы есебінен. Өндірілетін өнім көлемі тәулігіне 50 тонна. Жаңа 20 жұмыс орны ашылды.

Қайнар ауылында орналасқан «Есік жеміс –жидек, көкөніс өңдеу» зауытының  өнеркәсібін кеңейту мақсатында, дайын өнімдері құтыларға құю желісін іске қосты. Жоба құны 854 млн. тенге жеке қаражаты есебінен. Жаңа 10 жұмыс орны қосылды. Қуаттылығы сағатына 5 тонна құю.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асуы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дамуы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда. Олар: ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Аудан әкімінің орныбасары Д.Нұрғисановтың төрағалығымен қала, селолық округтің кәсіпкерлеріне аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» АҚ-ның өкілдерімен екінші деңгейлі банкөкілдері арнайы шақырылып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру туралы семинар жиналысы өткізілді.

 2014 жылдың 25 маусымында ауданда Алматы облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалының бөлімі ашылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы консультантары жұмыс жүргізуде.

2015 жылдың сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен аудан кәсіпкерлерімен субсидиялау бойынша кездесу өтті.

Жалпы аудан бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның дамуы бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіле береді.

Бағаны тұрақтандыру

Аудандық штаб тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1-наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарлары бағаларына күн сайын  мониторинг жүргізіп отырып және қала, селолық округ әкімдеріне әлеуметтік азық-түлік тауарларының бекітілген  тізімі жолданып, округтердегі маңызды азық-түлік тауарларының бағаларының шамадан тыс асып кетпеуі қадағалануда.

Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету мақсатында аудан тұрғындарының аз қамтылған санаттарына арнайы 8 әлеуметтік бөлімшелер және Есік қаласында негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сататын әлеуметтік 1 дүкен  халық игілігіне қызмет көрсетті.

Сонымен бірге, ауданда «Іле ет өңдеу комбинаты» ЖШС-нің ауданда 4 павильоны халық игілігіне жұмыс атқаруда.

Аудан бойынша 15 наубайхана жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 9 наубайхана Есік аумағында, 6 наубайхана Шелек аумағында орналасқан. Облыс орталығынан аудан наубайханаларына нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 1 сұрыпты  әлеуметтік ұн бөлініп берілуде.  Бүгінгі күнде наубайханалармен және дүкендермен меморандумға қол қою жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 13 сауда базары бар, оның ішінде азық-түлік базары 4, аралас сауда базары 2,   киім және тұрмыстық базары 6;

Осымен қоса 36 жанар-жағар май станциялары бар, оның ішінде Есік аумағында 26 жанар-жағар май станциялары, Шелек аумағында 10 жанар-жағар май станциялары; 

Аудандағы жанар жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында 16 жанар-жағар май станцияларына сұраныстарына сәйкес, АИ-80, АИ-92 бензиндері мен дизельдік отын арзандатылып берілуде.

 Екінші деңгейлі банктер бойынша аудан аумағында 6 банк жұмыс атқарды, олар Казкомерцбанк, Каспий банк, Темірбанк, Еуразиялық банк, Халық банк, АТФ Банк; осымен қоса 4 ақша айырбастау пунктері халыққа қызмет көрсетуде;

 Аталған банктер мен  ақша айырбастау пунктерінде - ақша қаражаттары жеткілікті болды, белгіленген бағада тұрақты жұмыс жүргізуде.

Туризм саласы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1048 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Еңбекшіқазақ аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы төмендегідей хабарлаймыз:

Африкандық түйе құс өсіретін «Фауна» фермер шаруашылығы және форель өсіретін шаруашылығы, Түрген шатқалы, Асы жайлауы, «Жеті Қазына», Бартоғай су қоймасына экускурсиялар өте танымал.

Аудандағы туризмнің даму шарттары басқа өңірлерінен туристерді қабылдау мүмкіндігі бар. Ауданда туристарді қабылдайтын 16 нысандар бар: 7 -қонақ үйлер, 2 -аңшылық үйлері, 3- демалыс үйлері, 3-денсаулық сауықтыру легерлері мен орталықтары, 1-демалыс базасы жұмыс істейді.

Ауданда  ірі 3 туристік нысандар қызмет көрсетуде. Олар:  «Тау-Тургень» ЖШС, «Микушина» демалыс үйі және «Стетсон Ранчо» ЖШС. Жыл сайын 76 800 адамға туристік нысандарда қызмет көрсетілуде. 

Облыстық жыл сайын ұйымдастырылатын экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба- «Іле Балқаш» регатасына ауданнан «Алтын Адам» командасы қатысуға ниет білдіріп, бүгінгі күнде дайындық жұмыстары  жүргізілуде.

            Осы жоғарыда аталған туристік демалу орындары мен нысандар тұрақты жұмыс үстінде және аудан әкімдігі тарапынан туристік салаға қызмет ететін кәсіпорындардың басшыларына, жазғы маусымда демалуға келетін туристерді ескере отырып, барлық қауіпсіздік шараларды қолданулары керек екендігі туралы хаттар жолданған.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай автокөлік жолының бойында туризм саласын дамытуға  аудан бойынша  Жанашар селолық округінің аумағында жол жиегінде  2 га жер және Шелек селолық округінде 5 га жер бөлінген.

Аталған жер телімдері «Жетісу» ӘКК-на Мемлекеттік АКТ бойынша берілгендіктен инвестициялық  жобаларды  «Жетісу» ӘКК-ы қарастыру үстінде. 

2014 жылдың 18 желтоқсан күні аудандағы туризм саласын дамыту мақсатында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының құрамына туризм саласымен жұмыс атқаратын кәсіпкерлермен толықтырылған.

Ағымдағы жылдың 9 қазанында облыстық туризм басқармасымен бірлесе, «31» телеарнаның журналистері ауданның көрікті табиғатын «Сәт сапар» бағдарламасына түсірілімдер жүргізді. Аталған түсірілімдер ауданымыздың туризм және демалыс орындарын кең түрде баяндау және насихаттау мақсатымен жүргізілді. 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру