Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың II тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың II тоқсаны бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Кадр мәселелері

Ішкі саясат бөлімінде кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары мен басқарманың қызметтік құзырына сай келетін қызметкерлерді таңдау принциптері бойынша жүргізілді. Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Бөлімнің құрылымына басшы және 2 бас маман, 1 жетекші маман кіреді.Бөлімнің барлық қызметкері жоғары білімді, Бөлімнің штатында  1 заңгер, 1заңгер-экономист, 1 политолог, білімін алған мамандар жұмыс істейді. Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 5 жыл. Қызметкерлердің жасы                           25 пен 31 жасты құрайды.

2.Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылға арналған жоспарына сәйкес ауданда  қызмет атқаратын саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі жинақтау базасы жаңартылды. Қазіргі уақытта аудан бойынша                              «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен  32 үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қызмет атқаруда. 

3.Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі таңда 9 бұқаралық ақпарат құралдары бар, оның ішінде 6 мерзімді апталық басылым, 1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 баспа үйі жұмыс істейді.

4.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия

Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің стандартқа сай орналасуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде аудан әкімің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Комиссияның маңызы  ерекше екендігін атап өткен жөн. 2016 жылы комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес  бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылды. Комиссияның тұрақты  2 отырысы өткізумен қатар, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің жанынан арнайы жұмыс топтары құрылды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 2 тоқсанында аудандық ішкі саясат бөлімінің тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында іс-шаралар топтамасын өткізу үшін арнайы 1 лот тақырыбы бекітілді. Ішкі саясат бөлімінің тарапынан әртүрлі деңгейдегі жалпы 2 шара, округтерде 9 шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздердің алатын орнын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 8 мақала жарияланып, аудан аумағында 1 баннер орнатылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған 272 ішкі көрнекі үгіт құралдары  (стенд) бар:

1) Мектептер -82

2) Балабақша -29

3) Колледждер -8

4) Денсаулық сақтау мекемелері-83

5) Мәдениет үйлері-17

6) Есік қаласы мен ауылдық округтер -26

7) Аудан әкімдігі -2

8) Өзге органдар (бөлім, басқарма, т.б.)-25

5.Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру:

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы жылына екі рет өткізіледі, 2016 жылы комиссияның 1 кезекті отырысы өткізіліп,  2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған бағыттарда аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысын жетілдіру және халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру мақсатында ішкі саясат бөлімінің және комиссия мүшелерінің тарапынан әр түрлі тақырыптарда мақалалар жарияланып келеді.         2016 жылы әртүрлі тақырыптарда 37 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, аудан аумағында 2 билборд орнатылған. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 1 лот бойынша конкурс жарияланады. Бүгінгі таңда 1 аудандық,                              6 округтік іс-шаралар өткізілді. Спорттық бағыттағы шаралар саны 30-дан астам. Еңбекшіқазақ  ауданы бойынша  2016 жылдың 6 айы бойынша дәрігер наркологтың есебінде  барлығы 321 -  науқас  тұр.

6.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау.

Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданындаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру және ақпараттық қолдау бiрнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар:

лекторлық ақпараттық топтар;

саяси-қоғамдық iс-шаралар өткiзу;

ұйымдастыру-массалық жұмыстар;

көрнекi-визуалдық үгiт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі                             іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы төмендегідей бағытарда нақты жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлығы  33 кездесу ұйымдастырылып 2325 адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы барлығы 2 сюжет, 1004 материал жарық көрді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің 2015 жылдың 20 наурызындағы №40-ө санды Өкіміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ақпарат тобының құрамы жаңартылып қайта құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық ақпарат тобы жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

11 және 54 тармақтарға сәйкес Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтының негізгі бетінде Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  барлық Жолдауларының мәтіндері, шаралар жоспарлары мен олардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат алу үшін арнайы ұяшықтар ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы мен арнайы дайындалған республикалық http://strategy2050.kz/ сайтына сілтеме орнатылды.

12 тармақ бойынша  Жолдаудың  негізгі бағыттарын түсіндіру және оның орындалуы бойынша аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде аудан әкімінің, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің сұхбаттары жарияланды. Барлығы                       5 мақала.

13 тармақ негізінде аудан аумағында тіркелген 32-ге жуық ҮЕҰ-дың                            15-мен белсенді тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Олардың арасында Жолдаудың бағыттарын түсіндіру үшін 4 кездесу ұйымдастырылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде материалдар жарияланды.

Аудан аумағында ҮЕҰ-дың ОКҚ брифингтерінде Жолдаудың іске асырылу барысын түсіндіру бойынша сөз сөйлеушілерінің кестесін қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету жандандырылуда.

16 тармақта көрсетілген негіздер бойынша аудан әкімінің бекітуімен БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін құрылған спикерлер топтарының құрамына аудан әкімі орынбасарлары – 2, мәслихат хатшысы – 1, мәслихат депутаттары – 2 , жастар ұйымдары – 1, бөлім басшылары – 3, білім саласының қайраткерлері – 3, денсаулық – 2, кәсіпкер – 2, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері – 5, үкіметтік емес ұйымдар – 3, ауылдық округ  әкімдері – 4 адам, белсенді жастар – 2, БАҚ өкілдері – 2, барлығы 30 адам қамтылды.

17 тармақ бойынша  Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, олардың БАҚ-та ақпараттық сүйемелденуін және өзектілендірілуін  қамтамасыз ету жүйелендірілген.

Аудан аумағындағы Жолдау аясында жүзеге асырылған жұмыстар немесе   іс-шаралардың барлығын маңызды оқиғалар ретінде аудандық «Еңбекшіқазақ» және «ЮиТ» апталық газеттерінде міндетті түрде жарияланып, ақпараттық материалдар бөлім тарапынан тұрақты мониторингтен өткізіліп отырады.

            18, 19 тармақ бойынша Жолдаудың негізгі бағыттарын жариялауға маманданған журналистер мен блогерлер тобын қалыптастырып, олардың жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстың жаңа әдістеріне, технологиялық тәсілдерге оқыту мәселесі аудандық деңгейде  аудан аумағында өткізілмеді.

20 тармақ негізінде аудан аумағындағы маңызды жаңадан салынған құрылыс объектілеріне республикалық «Қазақстан» және облыстық «Жетісу» арналары тарапынан пресс-тур ұйымдастырылып, түсірілімдер жүргізілді. 2016 жылдың                        6 айы бойынша жалпы Жолдау аясында салынған объектілер мен аудан жетістіктері туралы баяндайтын 2 бейнесюжет көрсетілді.

23 тармақта көрсетілген Жолдау басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдануы деңгейінің әлеуметтанушылық диагностикасын, Жолдаудың іске асырылу барысы бойынша органдардың қызметінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру бойынша БАҚ-та жарияланды. Сауалнамаға жалпы әртүрлі нысаналы топтар таңдалынып, 200 адам қатыстырылды.

25 тармақ. Жолдудың негізгі ережелерін талқылау бойынша Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан орта арнаулы оқу орындарының оқытушы құрамдарының, үкіметтік емес және этно-мәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының қатысуымен 2016 жылдың 6 айы бойынша ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен барлығы 2 іс-шара ұйымдастырылып 240 адам қамтылды.

            27 тармақ. Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық 50 дана (А3 форматтағы) жапсырмалар, 200 дана Жолдаудың орысша  және қазақша мәтіні бар ақпараттық материалдар, сондай-ақ  http://strategy2050.kz ресурстық сайтынан алынған ақпараттар мен инфографикалар негізінде 50 дана әдістемелік кітапшалар жасалынып БАҚ  өкілдеріне және аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерге үлестірілді.

            28 – 33  тармақтар  бойынша көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, ТКҚ және су- жылумен қамту желісі инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту,  әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің http://www.enbekshikazah.gov.kz/ ресми сайтында тоқсан сайын ақпараттар жеке салалар бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан жаңартылып мемлекеттік және орыс тілдерінде беріліп отырылады.

          Ал  аудандық БАҚ-да ақпараттық материалдар тек 3 рет сұхбат ретінде жарияланды.

41 тармақшасында Жолдаудың басты бағыттары мен оның іске асырылуы барысын қамтитын деректі бейнефильмдер әзірленбегендігін жеткіземіз.

44-тармақ. Республикалық және өңірлік телеарналарда Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау үшін ток-шоулар мен арнайы бағдарламалар шеңберлерінде аудан аумағынан өкілдердің қатысуы болған жоқ.

58-тармақ бойынша Жолдау идеяларын түсіндіру мен іске асырылуы барысы  жөніндегі аудан аумағында орналастырылған көрнекілік –үгіт құралдары:          

1) Мемлекеттік сипаттағы орнатылған 3х6 көлемдегі баннерлер саны – 29.

2) Жеке меншік жарнамалар түрінде банерлер орнатылған                               құрылғылар – 4.   Бос тұрған қондырғылар: 9 (Есік қаласында -3, Жаңашар -1, Бәйдібек би -1, Көктөбе -1). Пано  түріндегі ақпарттық құрылғылар: 9 (3құрылғы бос)

            3) Аспалы қондырғылар түрінде орнатылған үгіт құралдары саны : 5

( Есік қаласы – 3 құрылғы – 6 аспа. Ташкенсаз – 1 құрылғы – бос ;   Шелек – 1 құрылғы – 1 аспа).

            Жолдауды насихаттауға бағытталған  стенділер (сыртқы)  - 3

1. Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі.

2. Түрген ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

3. Қаражота ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты.

            Бос стенділер: 2 (Есік қаласы, аудан әкімдігі, Шелек ауылы, ауылдық округ әкімі аппараты).

             Жолдауды ақпараттандыруға арналған сити–формат (қалалық формат) түріндегі құрылғылар саны: 3 (Бәйтерек, Малыбай, Бартоғай ауылы - Қазақстан -2050: Мәгілік ел» ). Сондай –ақ аудан аумағындағы барлық орта арнаулы (колледж) және жалпы оқу орындарында, балабақшаларда арнайы ақпараттық қабырға құралдары мен плакаттары, стенділер орнатылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық қолдау мақсатында ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары бекітілді.

7.Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бойынша

 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы аудан әкімдігінің 2014 жылдың 10 сәуіріндегі № 497 қаулысымен бекітілген. Комиссия құрамы 14 адамнан құрылған. Аталған комиссия өз жұмысын қатаң жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Комиссияның ағымдағы жылдың 2- тоқсанында 2 тұрақты  отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып шешімін тапты.

Әйелдер кеңесі:

Бүгінгі таңда Есік қаласы мен ауылдық округтерде жалпы 26 округтік және 1 аудандық әйелдер кеңесі жұмыс жасайды. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Исатаева Роза Омарқызы.Сонымен қатар көшбасшы әйелдер мектебінің жұмысы жандандырылуда.

Лот саны:

2016 жылға аталған бағытта 1 лот тақырыбы жасақталды. Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген 32 үкіметтік емес ұйымның ішінде тікелей гендерлік теңдік стратегиясы аясында қызмет көрсететін 3 аудандық, атап айтқанда «Ақ Жүніс» қоғамдық бірлестігі, «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қоры және «Ынтызар» дағдарыс орталығы қоғамдық қоры жұмыс жасайды.

            Іс-шаралар:

Есік қаласы мен ауылдық округтерде отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған 50-ден астам іс-шара өткізілді.          Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, науқас балаларға арналған көмек көрсету бойынша жалпы 30 –дан астам қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

            Статистикалық үлес:

Ауданда  15 000-ға жуық шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішіндегі           5000-ға жуық шаруа қожалықтарын әйелдер басқаруда. Кәсіпкерлік қабілеті танылып, 8 әйел ірі кәсіпорын басшы ретінде тағайындалған. Жалпы 16 мың кәсіпкерлердің 6500-ден астамы әйел адамдардың үлесінде.

Ауданда жалпы 364 мемлекеттік қызметкер болса оның 48 %-ы немесе 180-і әйел азаматшалар. Олардың ішінде аудандық бөлім басшылары 2 және 4 орынбасар, селолық округ әкімдері 2 және 3 орынбасар. Аудандық маслихат депутаттары 3-і  (23) әйел азаматтар. Бюджеттік қызметкерлердің ішінде нәзік жанды аруларымыздың  үлес саныда едәуір жоғарлаған.      Мектеп директоры (82) 47, мұғалімдердің жалпы саны 4337 болса, олардың 83.7% пайызы нәзік жандылар. Балабақша меңгерушісі (29) 28, қызметкерлердің 97 %-ы әйелдер. Денсаулық сақтау мекемелері аудан бойынша 87 болса, олардың 27-сі нәзік жандылардың басшылығында, сонымен қатар жалпы қызметкерлердің 47,3%-ы әйелдер. ұқық қорғау органдарында 31 %-ы нәзік жандылар. Аудандық сот жүйесіндегі 2 төрағаның біруі және 5 соттың 3-уі, 26 қызметкердің 18-і нәзік жандылар.

Ақпараттық қолдау:

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жария көрген мақалалардың жалпы саны 130. Ақпарттық көрнекі үгіт құралы-1.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер:

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының                        «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын орындау барысында ауданда діни бірлестіктерге талдау, зерделеу жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді.

Осыған байланысты, ІІ тоқсандағы діни бірлестік пен филиалдарының                        жалпы үлес саны – 90, оның ішінде мұсылмандық бағытында – 62, протестанттық бағытында - 17, проваславтық бағытында - 7, католиктік бағытында – 4 діни бірлестіктер тіркелген.

Миссионерлік қызметтің жағдайы:

2016 жылдан бастап миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 1 азамат тіркелді.       Атап айтқанда, (Литва мемлекетінің азаматы КаститисШульчус).

Шетел азаматының Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  бұзу  фактілері орын алған жоқ.

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі:

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 2 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Олар Есік қаласы Алтын адам көшесіндегі «Солнечный» дүкені мен Шелек ауылы, Абай көшесі №134 үй, «Ақжол» дүкені.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.  

Корпоративтік қор бойынша:

Мешіттердегі имамдардың еңбек ақыларын бірыңғай орталықтандырылған қор арқылы төлеу мақсатында,  «Үлес-сауап» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, құжаттары облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Жеке кәспкерлердің қолдауымен қордың шотына түскен қаражатқа сәйкес аудан аумағындағы  мешіт имамдарына жалақы беріліп отырылады.

Шетелдерде оқитын  азаматтармен жұмыс:

Шетелде теологиялық оқу орнында  білім алып жүрген  азаматтардың тізімін  жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде облыстық дін істері басқармасы мен аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданнан кеткен шетелде оқып жатқан студенттердің саны 11 екендігі анықталған.

Аталған студенттердің 6-ы Туркияда, 4-еуі  Египетте, 1-еуі Иордания мемлекетінде білім алуда. Бұл азаматтардың мекен-жәйлары Бәйтерек, Рахат, Тескенсу, Түрген, Шелек  ауылдық  округтерінде тіркелген.

Шет елде оқитын азаматтарға байланысты жұмыстарды жандандыру мақсатында тоқсанына 1 рет  олардың ата-аналарымен елге қайтару бойынша тұрақты түрде кездесу ұйымдастырылып, сұхбат жүргізіліп келеді.

Басылымдық БАҚ беттерінде жарияланған мақалалар мен көрнекі-үгіт құралдары бойынша:

Аудандық ішкі саясат бөлімі халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, аталған жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мен кеңес мүшелерінің тарапынан уақытылы әр түрлі тақырыптардағы мақалалардың жариялануы бақылауға алынып, жүзеге асырылып отырылады.

Мәселен, жыл басынан есептегенде «Ислам дініндегі әйелдің орны»,                  «4 мифа об ИГИЛ», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Үрейлендіруге бірлікті, сақтықты қарсы қоямыз», «Как действовать при угрозе террористической опасности», «Оқушы келбеті – қоғамның көрінісі», «Діни экстремизм мен терроризм ғасыр індеті», «Өмірдің мәні иманнан басталады» және т.бтақырыптарда 50-ге жуық мақала жарияланды.

Аудан аумағы бойынша тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі 114 үш санды «Қауырт желі» сонымен қатар «Сенім телефоны» қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Осыған орай нысандар басшыларына барлық мән-жай түсіндіріліп, халықты ақпараттандыру маңыздылығы ескертілді. Сондай-ақ аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде айына бір рет жарияланып отырылады. Сондай-ақ,  аудан аумағында дін тақырыбында 2 – көрнекі –үгіт құралы  ілінген.

Діни мәселелерді түсіндіру бойынша құрылған аудандық                    ақпараттық - түсіндіру тобының жұмыстары және атқарылған  іс-шаралар:

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру мақсатында аудан бойынша жастарды жат ағымдардың арбауында кетуден қорғау, діни мәселелерді түсіндіру  мақсатында имамдардан, мемлекеттік қызметшілерден, кәсіпорын, мекеме басшыларынан құралған  ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы уақытқа дейін жоспарға сәйкес және жоспардан тыс бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, 2016 жылдың маусым айымен қоса тұрғындар, оның ішінде жастар арасында бұрмаланған көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында облыстық дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуыменҚаракемер ауылы, мәдениет үйінде «Діни тұрақтылық-ел дамуының кепілі», Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжде «Қазақстандағы хиджаб мәселесі» тақырыбында облыстық 2 семинар,  Қайназар ауылы, мәдениет үйінде «Радикалдық діни идеологияның алдын алу» 1 кездесу, Рахат ауылы, Рахат орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» 1 дөңгелек үстел өткізіліп, барлығы 800-ге жуық адам қамтылды.  

Ал аудандық деңгейде студент және оқушы, жұмыссыз және бос жүрген жастармен жұмыс жүргізу мақсатында наурыз айында Жетісу Заң колледжінде «Діни экстремизм – қауіпті бағыт», сәуір айындаЕсік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қазақстандағы исламдық бағыттағы деструктивтік ағымдардың негізгі сипаттамалары»,                    мамыр айындаҚаракемер ауылының мәдениет үйінде «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» секілді тақырыптарда  семинарлар өткізіліп, барлығы  700-дей жас қамтылды.

Бұдан өзге Есік қаласы мен әрбір ауылдық округтердегі ішкі саясат саласының мамандарымен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларының ұйымдастыруымен ауыл имамдарының қатысуымен «Дін-тәрбие діңгегі»,«Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам діні мен мәдениеті», «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары», «Жат ағымның зияндылығы», «Религия мира», «Дін және қоғам» және т.бтақырыптарда 20-ғажуық  рухани көпшілік іс-шаралар өткізіліп 1172адамқатысты.

Жалпы облыстық, аудандық деңгейде 5 семинар, 1 дөңгелек үстел,                  1 кездесу, ал ауылдық жерлерде 2 семинар, 7 дөңгелек үстел, 9 кездесу,                      1 конференция жалпы 26 іс-шара өткізіліп, оған 2672 адам қатысты.

Жалпы АТТ мүшелері жүргізген іс-шаралармен жоспарда белгіленген негізгі мақсатты аудитория ретінде жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер, маргиналды жастар),  өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері қамтылды.

Ауданда діни ахуалды талдау, сараптама жүргізу кезінде аймақтағы тұрақтылықтың, толеранттылықтың, конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бар екендігі аңғарылды. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұрғындардың ақпараттық-танымдық деңгейлерін арттыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады. Аудандағы діни ахуал тұрақты.  

Қоғамдық келісім кеңесі мен ұлтаралық татулықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар туралы

Еңбекшіқазақ ауданында 54 ұлт пен этнос өкілінен құралған                     жалпы әкімшілік бөлініс бойынша ауданда 1 қала (Есік қаласы) және                   25 ауылдық округ, 79 елді мекен бар. Аталған елді мекендердің барлығында аралас ұлт өкілдерінен құралған тұрғындар қоныс тепкен. 2016 жылдың                       1 мамырындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес тұрғындардың жалпы саны 291,176 адам.

Оның ішінде: қазақтар – 164577  (56,5%%),   ұйғырлар – 52177 (17,9%), орыстар – 40227 (13,8%), түріктер – 14005 (4,8%), әзербайжандар – 4186 (1,4%),   күрдтер – 3556 (1,2%), татарлар – 1768 (0,6%), шешендер – 1661 (0,5%),  кәрістер – 1188 (0,4%), украиндер – 741 (0,3%), өзге ұлттар – 5045 (1,7%) құрайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында атқарып жатқан жұмысының ерекше екендігін атап өткен жөн.

Осы орайда ауданның идеологиялық тұрғыдан бағытталған жұмыстарының басым бағыты қоғамдық саяси жағдайды барлық жағынан бірқалыпты сақтауға негізделіп отыр. Бұл бағытта ауданының ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын бір жүйеде ұстау мақсатында барлығы  8 (сегіз) этно-мәдени бірлестік құрылып,  3-еуінің құжаты (ұйғыр, славян, грек) облыстық әділет департаментінен тіркеуден өткен. 

Сонымен қатар аудандық деңгейде 1 (бір) және Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімідерінің аппараттарының жанынан 26 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ге жуық адам енгізілген.

Кеңес мүшелерінің қатысуымен 2016 жылдың 6 айымен алған жалпы 14 мәдени іс-шара өткізіліп, жалпы 8300-ге жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған 4 кездесу өткізіліп діни бірлестіктердің өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында барлығы 90 діни бірлестік, оның ішінде бағыттар бойынша протестенттық 17, проваславтық 7, католик 4, ислам 62 тіркелген.

Этносаралық жағдайға үнемі мониторинг жүргізілуде. Әр тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама өткізіліп тұрады. Атап айтқанда ағымдағы жылдың маусым айында 100 респонденттен тұратын кешенді сауалнама жүзеге асырылды. Оның ішінде респонденттердің 37% қазақтар, 19% ұйғырлар,  17% орыстар, 16% түріктер, 11% күрдтер. Олардың 22-і жұмысшылар,  21-і жастар, 15-і жұмыссыздар,  12-і бюджеттік сала қызметкерлері,  11-і кәсіпкерлер, 9-і зейнеткер, 8-і ауыл шаруашылығының еңбеккерлері, 2-і өздігінше жұмыс істейтіндер және респонденттердің 50% ерлер,  50 % әйелдер.Сауалнама қорытындысы бойынша аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен серіктестік қатынас орнатылып, этносаралық татулықты нығайтуда аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, 2016 жылдың 6 айы бойынша «Біз біргеміз», «Басты байлығымыз - тіл», «Дамудың сыры - бірлікте», «Бірлік табан тірер тұғырымыз» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 20-ға жуық мақалалар шығарылды. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын 6 көрнекі үгіт құралдары ілінген.

Одан бөлек ағымдағы жылға этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында  арнайы 1 лот ұйымдастырылды.        

Қорыта келгенде, ұлтаралық қатынастардың толық көлемдегі үйлесімділігін қамтамасыз етуге негізделген, бірлескен кешенді шаралардың жүзеге асырылуын және бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін жоғарылату аудандық ішкі саясат бөлімінің бақылауында және тұрақты сараптама жұмыстары  жүргізілуде. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Еңбекшіқазақ аудандық

ішкі саясат бөлімі

басшысының м.а                                                                        Қ. Асқарұлы

Орынд:Д.Мырзақожа

Тел.:8/72775/72122

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру