Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат Ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда

Ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда

22151

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын енгізген болатын. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысы бүгінгі күнде Еңбекшіқазақ ауданында жүйелі түрде қолға алынды. 2013 жылы аталмыш бағдарлама бойынша ауданымызда 15 жас жұмыс атқарса, 2014 жылы 65 жас, ал биылғы жылы жасақшылардың саны 255 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткен сандық көрсеткіштеріміз біріншіден Елбасының сарабдал саясаты ауданда толық қанды жүзеге асып отырғандығын көрсетсе, екінші жағынан ауданымыз бойынша 255 жас жұмыспен қамтылып, бүгінгі таңда жастарымыз қоршаған ортаның тазалығына өз септіктерін тигізуде. Аталмыш жастар тиісінше Қаракемер, Түрген, Шелек, Саймасай, Ташкенсаз, Ават, Қырбалтабай, Балтабай, Бәйдібек би, Қазақстан, Рахат, Есік қаласы, Ақши  ауылдарында бөлініп жұмыс атқаруда.

22154

Аталмыш бағдарлама аясында жұмыс атқарып отырған жастарымыз бүгінгі күнде көшелерді қоқыстардан арылтып қана қоймай, арық бойларын тазалап, футбол стадиондары ауласында тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартуда. Қураған ағаштарды кесіп, тас жол жиектерін әктеп, ауыл ішін  қоқыстан тазалау сияқты игілікті жұмыс атқару барысында үлкен белсенділік көрсету үстінде. Маусым, шілде тамыз айлары бойынша жасақшылар 103 км тас жол жиектерін әктеп, 86т қоқыс шығарып, 132 қураған ағаштарды кесіп, 930 ағаш түптерін әктеп, 80км арық бойларын тазалап, 56 км шөп орып, 833 тал түптерін отырғызды. Жасыл ел жасақшыларының ұйымдастыруымен бүгінгі күнде ауылдарда көптеген акциялар, қамқорлық шаралары өткізілуде. Атап айтар болсақ Қаракемер ауылында қарттарға көмектесу мақсатында «Қарттарым – асыл қазынам» акциясы, ауыл тазалығына еңбек жасындағы кісілерді тарту мақсатында «Еңбек түбі – береке» атты тақырыпта акция ұйымдастырылып өткізілді. Дәл осы негізде Шелек ауылында «Таза өзен» «Жасыл ел- тазалық жаршысы», Қырбалтабай ауылында «Тазалық сенен басталады»тақырыптарында акциялар өткізілуде.  Қариялардың батасын алып қамқорлық көрсеткен жастарымыз, өз ауылдарының тазалығына белсенділік танытуда. Онға жуық іс шарасы БАҚ бетіне жарық көрді.

«Таза болса маңымыз сау болады тәніміз»- деп дана қазақ халқы айтпақша Жасыл ел жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септіктерін тигізіп, тазалық барысында игілікті істердің үлгісі болуда.Қоғамға пайдасын тигізу тұрғысында аянбай қалатын жасақшыларымызға алдағы уақытта іске сәт демекшіміз.

Жастар ресурстық орталығының жетекшісі     Айбек Ілебаев 

22152

22153 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру