Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетІшкі саясатАқпарат 2015 жылғы жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы АҚПАРАТ

2015 жылғы жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы АҚПАРАТ

 

1. Кадр мәселелері

Ішкі саясат бөлімінде кадр саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары мен басқарманың қызметтік құзырына сай келетін қызметкерлерді таңдау принциптері бойынша жүргізілді. 

Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Бөлімнің құрылымына басшы және 2 бас маман, 1 жетекші маман кіреді.

Бөлімнің барлық қызметкері жоғары білімді, Бөлімнің штатында                      2 заңгер, 1 политолог, 1 экономист білімін алған мамандар жұмыс істейді. Ішкі саясат саласы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі орташа көрсеткіші 5 жыл. Қызметкерлердің жасы 23 пен 30 жасты құрайды.

2.Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында ауданда  қызмет атқаратын саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі жинақтау базасы жаңартылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 1 саяси партияның аудандық филиалы мен  48 ҮЕҰ-дар қызмет атқаруда. 

2015 жылы аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатына 18,0 млн.тг. бөлініп, оны игері мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары 

Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес 7 бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 5 мерзімді апталық басылым,                                   1 ретронсляциялық телеарна және 1 радио және 1 электрондық БАҚ жұмыс істейді.

Оның ішінде 1 БАҚ саяси-әлеуметтік тақырыптық бағыт бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруда. Еңбекшіқазақ ауданында шетелдік каналдарды тарататын 1 кабельді оператор, Талдықорған қаласында 1 радио жұмыс істейді. Бұл бағыттағы жұмыстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

4. Мемлекеттік рәміздердің насихаталуыбойынша

Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның хатшылығы, яғни ішкі саясат бөлімі мен аудандық прокуратура тарапынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рә­міздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының талаптарының орындалуы бойынша  

2015 жылдың қаңтар айының 16-да және ақпан айының 18-19 күндері  ішкі саясат  бөлімі мен аудандық прокуратура қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысқан мониторинг жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер анықталған мекеме басшыларына қатысты шара қолдану туралы мәселе қойылды.

2015 жылдың 02-04 сәуірі аралығында мемлекеттік рәміздерінің пайдалануы және қол­дануының эстетикалық және стандарттық тұрғысынан жай күйлеріне анализ жүргізілді. Атап айтқанда Есік, Бәйтерек, Балтабай, Қаратұрық, Бәйдібек би, Қаратұрық, Шелек, Қаракемер, Түрген, Рахат, Асы, Қорам окугтерінде.

2015 жылдың 1жартыжылдығында Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның  2 отырысы өткізілді.

ҚР –ның Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша                    1-жартыжылдығында  аудан бойынша Есік, Шелек, Бөлек ауылдарында             7 семинар(800 адам), әртүрлі бағыттарда10 іс-шара, «Заңды білу не үшін қажет», «Менің елім Қазақстан» атты  3 дөңгелек үстел (450 адам) ұйымдастырылды.

Сондай –ақ,  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері күнін аудан аумағында атап өту және жастар мен халық арасында насихаттау мақсатында «Ел рухы – мемлекеттік рәміздер» атты 2 семинар - тренинг өткізіліп барлығы 200-ден астам адам қамтылды. Сонымен қатар «Мен -  Қазақстан азаматымын» атты мерекелік акция ұйымдастырылып, шара барысында 100-ден астам адам қамтылды.

Аудан көлеміндегі жалпы (81 мектеп) және орта арнаулы (8 колледж) білім беру мекемелерінде 100-ден аса ашық сабақтар, 107 тәрбие сабақтары, 15 кездесулер апталығы және «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты 56 салтанатты мерекелік кештер айлығы ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі дайындық орталықтары мен балабақшаларда (31) «әртүрлі бағыттарда шығармашылық кештер мен сайыстар, патриоттық әндер байқауы, «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы» атты тақырыптарда аудан аумағындағы мұражайларда «Ашық есік» күндері, «Туған елім тірегім, рәміздерім жан жүрегім» атты тақырыпта мәдениет үйлері мен кітапханаларда көрмелер мен патриоттық кездесулер, салтанатты  мәдени іс-шаралар өткізілді.

Есік қаласы мен округтерде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған 26 қоғамдық көпшілік патриоттық шаралар, 2 акция мен 4 кездесу, 7 «дөңгелек үстел», 4 спорттық жарыстар ұйымдастырылды.  Аталған іс-шаралар  барысында 3000-нан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 4 маусымында сағат 11.00-де бір мезгілде  аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелердің қатысуымен Есік қаласында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында  (170 адам) мен орталық мерекелік алаңда (500 адам), Шелек ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залындада (100) мерекелік алаңда (400-ге жуық) «Мемлекеттік Гимнді орындау» салтанатыұйымдастырылды.

«АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ!»атты көпшілік-мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 700 –ге жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар аудан аумағында халық арасында насихаттау  мақсатында 1 аспа, 3 билбордтүріндегі сыртқы көрнекілік үгіт құралдары орнатылып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан астам ақпараттық материал жарияланып, 150 данадан тұратын 2 түрліәдістемелік брошюра таратылды.

5.Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат пен «Қазақстан Республикасында  2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік  стратегиясын іске асыру

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия өз жұмысын қатаң жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Есік қаласы мен селолық округтерде әйелдер кеңестерін қайта құрып жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы 1 қалалылық және  25 округтік әйелдер кеңесінің жұмыс жасайтын болады.

Жыл басынан бері аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік мәселе бойынша 25-тен астам ақпараттық материал жарияланған.

Жалпы 10 аудандық және 50-ден астам әр түрлі тақырыптардағы округтер деңгейіндегі  іс-шаралар өткізіліп 10 000-мыңға жуық адам қамтылды. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар арасында ұйымдастырылған 3 лот бойынша отбасы құндылықтары, жастар мен гендерлік теңдік мәселелеріне бағытталған іс-шаралар мен жұмыстар ұйымдастыруда.

6. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясы

Еңбекшіқазақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комиссиясының ағымдағы жылыдың 1 жартыжылдығында комиссияның 1-ші кезекті отырысы өткізіліп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 10-нан астам мақалалар жарық көрді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын қолдау бойынша тәрбие сағаттары мен ашық есік күндері тұрақты түрде өткізіліп, «Правда о наркотках», «Нашақорлық», «Салауатты мемлекет» атты тақырыптарда бейне фильмдер мен роликтер көрсетіліп, 2 кездесу өткізілді.

Есік медициналық колледжінде  2 дөңгелек үстел және 1 сайыс өткізіліп, 300-ден астам жас қамтылып, іс-шараны ақпараттандыруға аудандық БАҚ өкілдері шақырылды.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында 2 лот бойынша конкурс жарияланды. Қазіргі таңда жеңімпаз ҮЕҰ-дар тарапынан 2 дөңгелек үстел, 1 акция, 2 семинар-тренинг, 5 спорттық іс-шараұйымдастырылып, жүзеге асырылуда және аталған  бағыттарда ақпараттық үгіт құралдары дайындалып таратылуда.

7.Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсiндiру және ақпараттық қолдау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес

2015 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 134 кездесу ұйымдастырылып 4612 адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы барлығы 4 сюжет, 134 материал жарық көрді.

Сондай-ақ аудан әкімінің 2015 жылдың 20 наурызындағы № 40-ө санды Өкіміне сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының ақпарат тобының құрамы жаңартылып қайта құрылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық ақпарат тобы жұмыс жасайды, құрамында 82 мүше бар.

Жолдау идеяларын түсіндіру мен іске асырылуы барысы  жөніндегі 35 баннер, 2 пано, 10 аспа (керме), 4 құрылғы түріндегі үгіт құралдары  ілінген.

2015жылдың 11наурызындағы ҚР Президенті-Елбасы  Н.Ә. Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары - елдің 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасын насихаттау, қолдау және ақпараттық талдау мақсатында аудан әкімінің тікелей бастамасымен ағымдағы жылдың 09-12 маусым күндері аралығындааудандық ақпарат тобының селолық округтерге шығу кестесі бекітіліп, жалпы тиісті округтің белсенді азаматтары мен активтері, ақсақалдармен әйелдер кеңесі, жастар, этно-мәдени бірлестіктер мен өзге де ұлт өкілдері қатысқан 26 кездесу өткізіліп, барлығы 900-ден астам адам қамтылды.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру