Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЕсік қаласы және ауылдық (селолық) округтері әкімдерін сайлауНегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарыЕңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының № 5 шешімі 2017 жылғы 29 қыркүйек Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау ту

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының № 5 шешімі 2017 жылғы 29 қыркүйек Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау ту

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының

№ 5 шешімі

                                                                                              2017 жылғы 29 қыркүйек

Еңбекшіқазақ ауданының

Саймасай ауылдық округі

әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» № 555 Жарлығына және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің Саймасай ауылдық округі әкімінің өкілеттігінің тоқталуы туралы хатына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2017 жылғы 08 қарашасына тағайындалсын.

         2. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                         М.Мейрамқұлов

 

Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының     2017 жылғы

29 қыркүйектегі № 5 шешімімен бекітілді

2017 жылғы 08 қарашасына тағайындалған Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық пен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.                                                
 

Аудандық сайлау комиссиясы.

2017 жылғы 06 қазан

(Қағиданың 11-тармағы)      

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті Еңбекшіқазақ аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.
 

Аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан          кейін 7 күннен кешіктірмей. 2017 жылғы 06 қазан

                                                              (Заңның 13 бабы 4-тармақ)

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аудандық сайлау комиссиясына аудан әкімінің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.
 

Аудан әкімі. Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2017 жылдың    09 қазанынан және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2017  жылғы 13 қазанында аяқталады.

                                                                  (Қағиданың 15 тармағы)

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.           
 

Аудандық мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша аудандық сайлау комиссиясы. Дауыс  беру  күніне 7  күн қалғанда – 2017 жылғы 01 қараша.

                    (Заңның 26 бабы 1-тармақ, Қағиданың 48-тармағы)

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы  3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы. Үш күннің ішінде. 

                (Заңның 117 бабы 9-тармағы, Қағиданың 17-тармағы)

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2017 жылғы бірінші қазанға табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

    (Қағиданың 18-тармағы)

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру.
 

Аудандық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2017 жылдың  24 қазанында аяқталады.  

(Қағиданың 20, 24 тармақтары)

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.     

                                  (Қағиданың 22-тармағының 1 тармақшасы)

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
 

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

                             (Қағиданың 19-тармағы)     

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
 

Аудандық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.               

(Қағиданың 33, 34 тармақтары)

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.

      Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде – 2017 жылғы 24 қазанынан 06 қараша күні сағат 24.00-ге дейін. 

(Заңның 28- бабы,  Қағиданың 28-тармағы)

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi жергілiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады – 2017 жылғы 24 қазанынан 06 қараша күні сағат 24.00-ге дейін. 

(Заңның 27-бабы, Қағиданың 28,29 тармақтары)

13. Аудандық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.    
 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш            жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.         

(Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының  19.08.2010 ж. № 7/8 қаулысы, Қағиданың 9-тармағы 1), 7)

тармақшалары)

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
 

Аудандық сайлау комиссиясы. 

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(Қағиданың 9-тармағы 1), 7) тармақшалары)

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

                                                                (Қағиданың 52-тармағы)

16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы.

Біркүннің ішінде - 2017 жылғы 08 қараша

                                                      (Қағиданың  47-54 тармақтары)

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде – 2017 жылғы 13 қарашадан   кешіктірмей.                                                                                                                                           

                                                       (Қағиданың  57-тармағы)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аудандық сайлау комиссиясына есеп беруі.
 

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей - 2017 жылғы 13 қарашадан кешіктірмей.

                                                                  (Қағиданың 44-тармағы)

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.
 

Аудандық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 4 күннен кешіктірмей –                                         2017 жылғы 12 қарашадан кешіктірмей.

                                                                (Қағиданың 59-тармағы)

        Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының және Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары нормаларына сілтемелер жасалынады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру