Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының 2017 жылдың әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының 2017 жылдың әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

 

2017 жылда ауданда 99 млрд. 826 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 3 млрд. 839 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 104% құрады. Оның ішінде 64 млрд. 912 млн. теңгені өсімдік шаруашылығы және 34 млрд. 834 млн. теңгесі мал шаруашылығы бойынша өнім өндірілді. Ауданымыздың ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі облыс көлемінде 15,4 пайыз құрайды.

2017 жылы мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдері:

-         мал мен құс еті 31,6 мың тонна,

-         сауылған сиыр сүті 133,1 мың тонна,

-         тауық жұмыртқасының саны 55 млн.дана алынған.

Аудан бойынша ірі қара мал басының саны 88,6 мың бас, қой мен ешкінің саны 253 мың бас, жылқы 19,7 мың бас, құстың барлық түрі 1600 мың бас құрайды. Мал басы мен құс санының өсімі қамтамасыз етілуде.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс көлемі 31 млрд. 767 млн.теңгеге жетті, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 710 млн.теңгеге арттық.                                

2017 жылы ауданға 36 млрд. 458 млн.теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде 31 млрд.609 млн.теңге жеке инвестициядан тартылған.

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 32 млрд. 750 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 838 млн.теңгеге артық. Шағын кәсіпкерліктен 4 млрд. 231 млн. теңге салық түсті. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда меженің 110,8 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 14,9 млрд.теңге түсіп, жоспар 104,5 пайызға, оның ішінде республикалық бюджетке 5,1 млрд.теңге және жергілікті бюджетке түскені 9,8 млрд.теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 20,2 млрд.теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

2017 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 21 млрд. 932 млн. теңгені құрады. 15 435 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

         2017 жылы инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан халқын орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 2016 жылдың көрсеткішінде 83 пайызды құраған болса, 2017 жылы Құлжа (162 млн.теңге) және Өрнек (145 млн.теңге) ауылдарындағы су құбырларының құрылысының жүргізлуі нәтижесінде бұл көрсеткіш 86 пайызға жетті.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 14 ауылда барлығы 191 млн.теңгеге су құбырлары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Аудандық әкімшілік алдын және Есік қаласының мәдениет үйінің алдындағы саябақты абаттандыруға барлығы136,1 млн.теңге қаражат бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.

Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 650, ал аудандық маңызы бар жолдар 891 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

2017 жылы жолдарды жөндеуге 1 мрд. 655 млн. тенге бөлінді (2016 жылы – 1,2 млрд. теңге). Бұл қаражатқа 29 шақырым жол күрделі жөндеуден 1 млрд.164 млн.тенгеге, орташа жөндеуден 10,6 шақырым, 249,7 млн.тенге, және 74,7 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 230,3 млн.тенге бөлінді.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. Қаржыландырудың барлық көздерінен 17,6 мың адамға 405,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауданның бюджеті есебінен Ұлы Отан соғысының 12 ардагеріне, Чернобыль апаттының 73 қатысушысына және 204 Ауған соғысының жауынгерлеріне 15,5 млн.теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Ауданның жұмыспен қамту орталығы арқылы 1551 мүгедектің 171 жұмысқа орналастырылды.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, мүгедектер мен мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуіне 183 жолдама берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай қәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бүгінгі күнге барлығы 4873 адам қамтылды, оның ішінде:

Бағдарламаның бірінші бағыты –564 азамат оқуға жолдама алды.

Бағдарламаның екінші бағыты - 75 азаматқа 291,5 млн. теңге көлемінде несие берілді, 41 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты - 122 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесінен өтуге 105 азамат жіберілді, қоғамдық жұмысқа 1045 азамат тартылды.

         Аудан бойынша барлығы 2420 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыз азаматтардың саны 4879 адамды құрады, оның ішінде 2476 жұмыспен қамтылды.

Білім беру саласы

         2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ орташа балы 83,2 баллды құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 1,2 балға жоғары.

«Алтын белгі» атағын 74 оқушы, үздік аттестатты 61 оқушы иеленді. Өткен жылы барлығы 727 түлек жоғарғы оқу орнына түсіп, оның 321 түлегі грантқа түскен. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары.

Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша да жұмыстар жүргізілді.

Есік қаласы мен Шелек ауылында 600 орындықтан мектеп салынып іске қосылды. Сондай-ақ, Жанашаруа ауылында 120 орындық, Алға ауылында 50 орындық шағын орталығымен 300 орындық мектеп салынды.

Ават ауылындағы Мұхаммади орта мектебіне қосымша 300 орынды және Өрікті ауылындағы Майлин орта мектебіне қосымша 300 орынды ғимарат құрылысы жүргізілуде.

         Нәтижесінде, аудандағы үш ауысымдағы мектептердің саны 10-нан біреуге дейін қысқартылды.

         2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің негізінде 12 бала-бақша іске қосылды (Есікте екі - 50 орындық және бір-25 орындық, Тенскенсу-50, Рахат-100, Көлді-50, Түрген-50, Алмалы-50, Бижанов-100, Ават-150, Саймасай-50, Қойшыбек-50) жалпы 775 орынға ашылуы нәтижесінде балаларды бала-бақшамен қамту деңгейі 95,3 пайызға жетті.

Спорт, мәдениет және қылмыс саласы

         Ауданда 41 мәдениет ошақтары қызмет істеуде, оның ішінде: 21 мәдениет үйі мен клубтар, 16 кітапхана,     3 мұражай, 1 мұрағат. 2017 жылы ауданда 1847 мәдени іс-шаралар өткізілді, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 3,3%-ға өсті.

2017 жылы Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде 3 штат бірлігімен Қаракемер ауылдық балалар театры ашылып, халық игілігіне жұмыс істеуде.

Ауданда мәдени құндылықтарын сақтауда 101 тарихи-мәдени ескерткіш пен 284 архиологиялық қорғандардар орналасқан.

Биылғы жылдың 21 қазанында қазақ халқының біртуар азаматтары Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев, ақын Тұманбай Молдағалиевке және Сағыныш Еспергеновке арнап бюст – ескерткіш тұрғызылды.

Бұқаралық халықты спорт және дене шынықтырумен қамту жоғары деңгейде. 2017 жылы осы көрсеткіш 82897 адам құрады немесе 2016 жылдың көрсеткішінен 10%-ға өсті.

Көрсеткіштің өсуі Есік қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен екі ауылдағы (Қырбалтабай, Жанашар) спорт алаңдарының салынуымен байланысты.

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында аудан бойынша 103 нысан бар, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 82 мың адам медициналық көмек алды, 2016 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеді.

Денсаулық саласында 2017 жылдың есептік кезеңін 2016 жылмен салыстырғанда ана өліміне жол берілген жоқ, жүрек қан тамырлар ауруынан өлім, туберкулез ауруына шалдығу айтарлықтай төмендеді.

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жаңарту мақсатында биылғы жылы Алмалы және Алға ауылдарындағы амбулаториялардың құрылысы аяқталып, іске қосылды. (Алмалы-177 млн. тенге, Алға-85 млн. тенге).

2018 жылы Ащысай, Қорам, Қызылшарық және Көктөбе ауылдарында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Шелек ауылындағы аурухананы күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындап отыр.

Қылмыс

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласында да оң өзгерістер байқалуда. Қылмысты ашу ұлғайып, әкімшілік тәжірибе бойынша көрсеткіштер жақсарды. Жалпы тіркелген қылмыстар саны 12,3 пайызға (2877 ден 2524) азайған. Ауыр қылмыс жасау 10,3 пайызға, өте ауыр қылмыс жасау 20 пайызға төмендеді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, ұлттық гвардия басқармасымен келісім бойынша Есік қаласы, Түрген, Қаракемер ауылдарында №6654 әскери бөлімшесінің 78 қызметкерлері 25 бағытта патрульдік қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жақсы көрсеткіш көрсетуде. Патрульдік қадағалау жүргізілгеннен бастап, аталған мекендерде қоғамдық орындарда тәртіпті бұзу және көшелердегі қылмыстың әлдеқайда төмендегені байқалады.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                               Е.Жакеев

@ А.Умиргалиева

' 7-20-19

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру