Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2017 жылдың 3 айдың қортындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2017 жылдың 3 айдың қортындылары туралы ақпарат

 

2017 жылдың 3 айында  ауданда  8 млрд. 595 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 602 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 103,4% құрады. Оның ішінде 1,3 млрд. теңгені өсімдік шаруашылығы және 7,3 млрд. теңгесі мал шаруашылығы бойынша өнім өндірілді. Ауданымыздың ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі облыс көлемінде 13,4 пайыз құрайды.

 2017 жылдың I тоқсанындағы мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдері:

-         мал мен құс еті 4,8 мың тонна,

-         сауылған сиыр сүті 31,2 мың тонна,

-         тауық жұмыртқасының саны 11,5 млн.дана. алынған.

Аудан бойынша ірі қара мал басының саны 85,1 мың бас, қой мен ешкінің саны 306,8 мың бас, жылқы 18,1 мың бас, құстың барлық түрі 1435 мың бас құрайды. Мал басы мен құс санының өсімі қамтамасыз етілуде.

Ауданда 12 шаруа қожалықтарында 162 жылыжай 16,7 гектарда орналасқан. Бүгінгі күнге жылыжайлардың 1-айналымына көкөніс егу жұмыстары  жүргізілуде.

Жыл басынан техника паркі жаңартылуда бүгінгі күнге 18 жаңа заманауи ауылшаруашылығы техникалары жалпы сомасы 121,3 млн.теңгеге сатып алынды. 

Суармалы су мәселесі бойынша  4 су беруші мекемесі жұмыс атқарады. Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы Алматы облысы филиалы, Қараш ЖШС, Есік гидросервис және Талғар ирригация. Осы су берушілер басшыларымен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы дақылдарына суғару механизмі мен суару картасы дайындалды. Бартоғай су қоймасында бүгінгі күнге 284,9 млн.текше метр жинақталды.       

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс  көлемі 7 млрд. 429 млн.теңгеге жетті, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 893 млн.теңгеге арттық. Нақты индекс көлемі 106,4% құрады.                                 

2017 жылдың 3 айында ауданға 3 млрд. 409 млн.теңге инвестиция тартылды. Нақты индекс көлемі 53,6% құрады.

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 4 млрд. 809 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 152 млн.теңгеге артық. 2017 жылдың I тоқсанында ауданда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 18274 бірлікке жетіп,  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105 пайызды құрады. Оның ішінде: шағын кәсіпорындар – 798, жеке кәсіпкерлік – 6526, шаруа қожалықтары – 10950. Салада 49200 адам  жұмыспен қамтылды.

Шағын кәсіпкерліктен 1 млрд. 91 млн.теңге салық түсті. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда меженің 167,0 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 3 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 3,8 млрд.теңге түсіп, жоспар 109,7 пайызға, оның ішінде республикалық бюджетке 1,4 млрд.теңге немесе 106,5% және жергілікті бюджетке түскені 2,4 млрд.теңге болып,  жоспар 111,6 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 3,5 млрд.теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

2017 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 1 млрд. 161 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 39,9 пайызды құрады. 1316 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жылдық жоспар 9,3 пайызға орындалды).

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

         2017 жылдың I тоқсанында инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 14 елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Сондай-ақ, Өрнек пен Құлжа ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689, ал аудандық маңызы бар жолдар 852 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

Малыбай с/о Көктерек кіреберіс жол жөндеуге 50,0 млн.теңге бөлінді (келісім-шарт жасылынған АҚ «ДСУ-13»), Қаракемір аулында жолдарды күрделі жөндеуге 200,0 млн.теңге қаражат бөлінген (конкурстық процедулалар өтіп жатыр),  аудан елді-мекендерінің ішкі жолдарын жөндеуге  100,0 млн.теңге қаражат бөлінді (конкурстық процедулалар өтіп жатыр), автокөлік жолдарын диагностикаға және паспортизацияға 28,5 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт жасылынған АҚ «АИСПроект»), жобалық- сметалық құжаттама дайындауға 9,6 млн.теңге бөлінді (конкурстық процедулалар өтіп жатыр), жана салынған мектепке  (саяжай) 18,0 млн.теңге бөлінді бөлінді (конкурстық процедулалар өтіп жатыр), жолдарды қысқы мерзімде күтіп ұстауға 20,0 млн.теңге бөлінді (кілісім-шарт жасылынған «АБЗ Карьер ДРСУ»ЖШС-мен).

Әлеуметтік сала

2017 жылдың 1-тоқсанына орташа табысы кедейшілік шегінен төмен болған құрамында 621 адамы бар 126 отбасына 7,8 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  ал орташа табысы азық–түлік себетінен төмен құрамында 4899 бала бар 1442 отбасына 33,4 млн.теңге балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді.

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен 1298 отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 29,9 млн.теңге көлемінде төленді.

Жыл басынан 18 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 6-ы әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, 7 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 212 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 3,8 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.

Жыл басынан  туберкулез індетімен ауыратын адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында 59 адамға 1,6 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.

200 Ауған соғысының ардагерлері мен 3 ауған соғысынан қаза болғандардың отбасыларына – 10,2 млн.теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Өрлеу» жобасына қатысуға 2017 жылдың 01 сәуіріне өтініш  берген 67  аз қамтылған отбасыларының 369 адамына республикалық бюджеттен  2,5 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млн.теңге, барлығы 3,7 млн.теңге тағайындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»

Еңбекшіқазақ аудынының жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Халықты жұмыспен қамтудың кешенді іс шаралар жоспары» бойынша 472 азамат қамтылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай қәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында барлығы 321 адам қамтылды, оның ішінде:

Бағдарламаның бірінші бағыты – бойынша барлығы 270 азаматты оқыту жоспарланып отыр. 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын несие алуға ниет білдірген 500 ден аса азамат бар. 

Бағдарламаның үшінші бағыты Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 90 адам жоспарланған. Ақпан айының 1-нен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ауданда орналасқан 19 мекемелер мен ұйымдардан өтінім қабылданып, 98 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді.

Жастар практикасын өткізуге – 29 жасқа дейін жастар қатарынан 75 адам жоспарланған болса, жастар тәжірибесінен өтуге 35 азамат жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсасында 750 адам жоспарланған, қазіргі күні 311 азамат жұмысқа тартылды.

Білім беру

Күрделі жөндеу   жұмыстарына  жобалық сметалық құжаттамасы және мемлекеттік сараптамасын дайындауға жыл басынан Қызылжар аулындағы Жандосов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыруға 1,0 млн.теңге, Саймасай аулындағы Байтурсынов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 13,4 млн.теңге бөлінгенболса2017 жылдың 02 наурызында № 13-1 маслихатымен «А. Мәлкеев атындағы Есік қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 11,5 млн.теңге және  Әймен орта мектебіне 14,7 млн.теңге қаражат бөлінді.

Спорт, мәдениет және қылмыс саласы

         Дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықты бұқаралық спорт түрлеріне жаппай тартуға, кәсіби спортшыларды қолдауға барынша назар аударылуда.

Ауданда 21 мәдениет үйі бар. Мәдениет үйіне 104 штат бірлігі бөлінген. 136  үйірме жасайды, оған қатысушылар саны – 1755.

Сонымен қатар, 180 өнер адамдарынан құралған халықтық атақ алған 5 ұжым бар.

Бұдан басқа, 16 кітапхана, 3 музей: «Есік археологиялық-өлкетану», «Шелек өлкетану» және Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейлері орналасқан.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынған. Ішкі істер басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайтылып, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Мұның өзі оң нәтиже бере бастады.

Бүгінде полиция кез-келген қылмысты ауыр және жеңіл қылмыс деп қарамай уақтылы тіркеп, тиісті шара қолдануда.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру