Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың қортындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың қортындылары туралы ақпарат

 

                                                             Ауыл шаруашылығы

2016 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 79 млрд. 209 млн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 6 млрд. 794 млн. теңгеге артық. Ауылшаруашылық өнімнің нақты көлем индексі 103,4 пайызды құрады.

Ылғал сақтау мен интенсивті технологиялар, тамшылатып суғарумен қамтылған алқаптарды ұлғайту, сондай-ақ  жүгері, соя, жеміс-жидек дақылдарының жаңа сорттарын қолдану есебінен барлық ауылшаруашылық дақылдары бойынша өнімділікті арттыруға қол жеткіздік.

2015 жылмен салыстырғанда алма бақтары мен жүзім алқаптарының көлемі  565 гектарға артып, 7514 гектарды құрады.

2016 жылы барлығы 305 гектарға интенсивті бақтар отырғызылды.Солардың ішінен ең ірі жобалардың бірі:

- «Apple World» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 78 гектарға интенсивтік бақ отырғызылды, 4200 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысы аяқталып, іске қосылды,  жобаның  жалпы  құны 1 млрд. 200 млн. теңгені құрайды.

- Қаратұрық ауылдық округіндегі «AlmaGreenFieldes» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 186 гектар аумаққа интенсивтік бақ отырғызылды, жобалық құны 3 млрд. 200 млн.  теңгені құрады.

- Бөлек ауылдық округіндегі «AгроНова» шаруашылық қожалығы  41 гектарға интенсивтік бақ отырғызып,  жобалық құны 252 млн. теңгені құрады.

2016 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету мақсатында бюджеттен 1 млрд. 200 млн.теңге көлемінде субсидия бөлінді. Бөлінген қаражат толық көлемде және мақсатты игерілді.

Ауданда «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша барлық жоспарланған көрсеткіштер орындалды. Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 410 бас ірі қара мал, 121  жылқы, 848 бас ұсақ мал сатып алынды. Өткен мерзім ішінде 1600 басты бордақылайтын типтік 3 алаң ашылды. Аудан бойынша барлығы 5 мың басқа арналған 44 бордақылайтын алаң жұмыс істеуде.

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар уақтылы және толық көлемде жүргізілді. Бұл  мақсаттарға бюджеттен 167 млн.теңге көлемінде қаржы бөлініп,нәтижесінде аудан аумағындағы барлық мал қорымдары (25) мен сібір жарасы көмілген орындарды (20) талапқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

Өнеркәсіп саласы

Ауданымыздың экономикалық даму көрсеткішінің негізі болып табылатын өнеркәсіпте де оң даму үрдісі байқалды.

Мысалы, 2016 жылы біздің кәсіпорындар 30 млрд. 56 млн.теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2015 жылға қарағанда 2 млрд. 799 млн. теңгеге арттық. Өнеркәсіп өнімнің нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады.

Шағын және орта бизнес

2016 жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен 31 млрд. 911 млн. теңгеге өнім өндіріліп, қызметі көрсетілді, 2015 жылмен салыстырғанда 598 млн.теңгеге көп. Бюджетке 3 млрд. 895 млн. теңге көлемінде салық түсіп, жұмыс істейтіндердің саны 49200 адамды құрады, бұл да 2015 жылдың көрсеткіштерінен артық.

Өткен мерзім ішінде шағын және орта бизнестің 65 нысаны пайдалануға берілді, 220 жаңа жұмыс орны ашылды.

Салық түсімдері

Салық түсімдері бойынша да көрсеткіштер жоғары. Салық түсімдерінің жоспары жалпы 102,2 пайызға, республикалық бюджет бойынша 101,7 пайызға, облыстық бюджет бойынша 102 пайызға, аудандық бюджет бойынша 103,8 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 21,4 млрд.теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

2016 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 34 млрд. 868 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылмен салыстырғанда 13 млрд. 996 млн. теңгеге арттық. Нақты көлем индексі 160,2 пайызды құрады. 26239 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жылдық жоспар 111,7 пайызға орындалды).

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

            2016 жылы инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өткен жылы 94 млн.теңгеге Ақши ауылы (2 кезең) мен Қайыпов ауылының ауыз су құбырларының құрылысы аяқталды, Қаракемер ауылындағы кәріз жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталу үстінде (тірек ауыл).

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 7 елді мекеннің су жүйелерін қайта жаңғыртуға 67 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

47,5 млн.теңгеге Бәйдібек би ауылының орталық көшелері, 175 млн.теңгеге Есік қаласының Әуезов көшесі абаттандырылды.

Аудан орталығының тұрғындары мен қала қонақтары үшін демалыс орнына айналатын Есік қаласындағы саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл жұмыстарға 140 млн.теңге бөлінген болатын.

Сонымен қатар, 2016 жылы көптен күткен ауданды газификациялау бойынша жұмыстар басталды. Аудан әкімдігі мен газ тартушы мекеме арасында қол қойылған меморандумды орындау аясында газ құбыры Есік қаласына дейін жеткізілді.

2016 жылы Есік қаласы, Көктөбе және Түрген ауылдарын газификациялауды бастау жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін аудан толық газификацияланатын болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы Қорам мен Қырбалтабай ауылдық округтерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды салу бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл мақсаттарға  бюджеттен 995 млн.тенге қаражат бөлінген. Жол, жарық және ауыз сумен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 800 жер телімін мұқтаж азаматтарға бөліп беру мүмкіндігін береді. Жұмыстардың аяқталуы осы жылдың наурыз айына жоспарланған.

Жол инфрақұрылымы

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689, ал аудандық маңызы бар жолдар 852 және ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды.

2016 жылы «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша жергілікті жолдарды жөндеуге 1 млрд. 23 млн.теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа Есік қаласы мен 42 елді мекеннің 175 көшесіне жөндеу жұмыстары жүрізілді.

Бұдан бөлек, 59 шақырым облыстық маңызы бар жолдар мен «Алматы – Көкпек – Көктал - Қорғас» (Құлжа тас жолы) республикалық тас жолының 15 шақырым жөндеуден өткізілді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының құрылысымен айналысқан мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіп, шартқа отырдық. Ендігі кезекте бұзылған 21 елді мекеннің жалпы аумағы 88,6 шақырым жолын қайта қалпына келтіруге қол жеткіземіз.

Сондай-ақ, Есік-Қырбалтабай-Жетіген жолын жөндеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл жұмыстарға 758 млн. теңге бөлінген.

                            Жолаушылар мен багажды тасымалдау

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды 3 кәсіпорын жүзеге асырады. Олар жергілікті «Шелек тулпар» ЖШС-і, «Акжол агротанс» ЖШС-і және Талғар ауданындағы «Тулпар экспресс» ЖШС-і компаниялары. Қазіргі күні аталған кәсіпорындар 22 маршрут бойынша 68 автобуспен қызмет көрсетеді.

            Бұған қоса аудандағы «Акжол агротранс» ЖШС-і және «Шелек Тулпар» ЖШС-і саяжайлар мен мектептері жоқ елді мекендерден 3458-ға  оқушыны тасымалдайды. Ол үшін 31-ға тарта автобус жұмылдырылып отыр.

            Аудандағы 2 автобекет (Есік және Шелек) стандарттарға сәйкестендіру мақсатында, қазіргі күнде қажетті арнайы бөлмелер және қосымша құрал жабдықтармен жарақтандырылды.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша барлығы 2435 жаңа жұмыс орындары ашылды (2015 жылы – 2343 орын). Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыз азаматтардың саны 4067 адамды құрады, оның ішінде 2919 азамат жұмыспен қамтылды.

Қабылданған шаралардың арқасында жұмыссыздықтың деңгейін экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санынан 4,5 пайыздан 4,4 пайызға дейін төмендетілді.

Қаржыландырудың барлық көздерінен 19992 адамға 432 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жыл басынан «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берген 365 аз қамтылған отбасына (1903 адам) бюджеттен 59,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

 «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (Инфрақұрылымды және тұрғый үй шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) ауданда 41 жоба жүзеге асырылып, 444 жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытып және несиелендіруге 96 азамат 357,0 млн. теңге көлемінде несие алды (44 азамат 3 млн. теңгеге дейін 117,0 млн. теңге, ал 52 азамат 6 млн. теңгеге дейін 240,0 млн. теңге көлемінде).

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) қайта даярлау курстарына 120 адам оқуға жіберілді. Қазіргі күні оқуын аяқтап 116 азамат жұмысқа орналасты.

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 55 жастан 64 жасқа дейінгі әйелдер арасынан 13 адам аспазшы, шаштаразшы мамандықтары бойынша, ал жалдамалы жұмыскерлер арасынан 35 азамат қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.

Жастар практикасын ұйымдастыруға 76 адамды жіберу жоспарланған болатын. Барлығы 87 қатысушы жолданды, оның 64 адамы тәжірибе аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Білім беру саласы

2015 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеудің көрсеткіші 79 балды құраса, 2016 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеудің орташа балы 82 балды құрады.

«Алтын белгі» атағын 16 оқушы иеленсе, үздік аттестатты 50 оқушы иеленді. Өткен жылы барлығы 601 түлек жоғарғы оқу орнына түссе, оның 265 түлегі грантқа түскен.

Ауданның оқушылары жыл сайын мектеп олимпиядаларында жүлделі орындарды иемденуде. Мәселен, 7 оқушы халықаралық, 14 – республикалық, 42 – облыстық олимпиадада жүлделі орындарды иеленді.

Сондай-ақ, Бәйтерек ауылында 1,5 млрд.теңгеге 600 орындық және Азат ауылында 747 млн. теңеге 300 орындық жаңа екі мектеп салынды. Қорам ауылында орта мектеп ғимараты 405 млн.теңгеге және Есік қаласындағы Терешкова атындағы орта мектеп 153 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. 16 мектептің қазандықтары ауыстырылып, сырттқа шығарылды. 5 мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

«Балапан» бағдарламасы да табысты орындалуда, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі есебінен де. 2016 жылы 8 жаңа балабақша пайдалануға берілді, оның үшеуі мемлекеттік балабақша (Шелек ауылында 280 орындық, Достық және Ташкенсаз ауылдарында 100 орындықтан әрқайсысы) және 5 жекеменшік  (Жанашар-150, Түрген-50, Байдібек би-50, Космос-30, Есік-50 орындық). Аталған балабақшалардың арқасында мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2015 жылғы 77 пайыздан 2016 жылы 82 пайызға дейін ұлғайды.

Спорт, мәдениет саласы

            2015 жылы Есік қаласында көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Бұл кешен аудан тұрғындарын спортқа тарту бойынша белсенді жұмыстармен қатар, дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын азаматтардың санын 63 мың адамға дейін ұлғайтты.

Мәдениет саласында да жұмыс қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы ауданда 1333 мәдени шара, оның ішінде 3 облыстық сайыс өткізілді. Барлығы 391 927 адам қамтылды.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру