Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың 9 айдың қортындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың 9 айдың қортындылары туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 9 айында  ауданда  57 млрд. 676 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2015 жылға қарағанда 11 млрд. 890 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 101,5 % құрады. Оның ішінде 33,7 млрд. теңгені өсімдік шаруашылығы және 23,8 млрд. теңгесі мал шаруашылығы бойынша өнім өндірілді. Ауданымыздың ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі облыс көлемінде 14,3 пайыз құрайды.

 2016 жылдың III жартыжылдығындағы мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдері –

-          мал мен құс еті 19,7 мың тонна,

-          сауылған сиыр сүті 104 мың тонна,

-          тауық жұмыртқасының саны 36,7 млн.дана. алынған.

Аудан бойынша ірі қара мал басының саны 92,6 мың бас, қой мен ешкінің саны 311,5 мың бас, жылқы 21,1 мың бас, құстың барлық түрі 1659,3 мың бас құрайды. Мал басы мен құс санының өсімі қамтамасыз етілуде.

Интенсивті технологияны қолдану, тамшылатып суару әдісі, жаңа бау-бақ отырғызу  көлемі барынша өсуде, ірі қара, жылқы, қой, ешкінің және құстың өсімі қамтамасыз етілуде.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс  көлемі 21 млрд. 149 млн.теңгеге жетті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 681 млн.теңгеге арттық. Нақты индекс көлемі 93 % құрады.                                 

2016 жылдың 9 айында ауданға 41 млрд. 581 млн.теңге инвестиция тартылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 млрд. 890 млн.теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 134,5 % құрады.

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 23 млрд. 928 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 1 млрд. 228 млн.теңгеге артық.

Шағын кәсіпкерліктен 2 млрд. 729 млн.теңге салық түсті. Бұл 2015 жылға қарағанда меженің 153,7 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Бағаны тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету мақсатында  аудан тұрғындарының аз қамтылған топтары үшін сауда нүктелерінің ішінде 8 әлеуметтік бөлімше және Есік қаласында басты  әлеуметтік азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сататын 1 дүкен қызмет көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары асыра орындалды. 9 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 8,9 млрд.теңге түсіп, жоспар 112,8 пайызға, оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 5 млрд.теңге болып,  жоспар 109,2 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 14,2 млрд.теңгені құрады. Ол 98,6 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

       2016 жылдың 6 айында  атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі  19 млрд. 964 млн. теңгеге жетті . Нақты индекс көлемі 155,2% құрады.

Есепті кезеңде 25904 шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның барлығы халықтың өз қаржысына салынды.

Әлеуметтік сала

Кеңейтілген және жаңа өндіріс орындарында 1977жұмыс  орындары ашылды.

Үшінші тоқсанда  2753 адам жұмыспен қамтылып, 487адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Бағдарламаның бірінші бағыты (ауылдық елді мекендерді өркендету) бойынша ауданда 4 жоба жүзеге асырылу жоспарланған.                       

            Дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықты бұқаралық спорт түрлеріне жаппай тартуға, кәсіби спортшыларды қолдауға барынша назар аударылуда.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынған. Ішкі істер басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайтылып, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Мұның өзі оң нәтиже бере бастады.

Бүгінде полиция кез-келген қылмысты ауыр және жеңіл қылмыс деп қарамай уақтылы тіркеп, тиісті шара қолдануда.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру