Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЭкономикаАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындыларыЕңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың 1 жарты жылдығының қортындылары туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2016 жылдың 1 жарты жылдығының қортындылары туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 6 айында  ауданда 20 млрд. 459 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Бұл 2015 жылға қарағанда 323 млн. теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 101,6 % құрады.

Интенсивті технологияны қолдану, тамшылатып суару әдісі, жаңа бау-бақ отырғызу  көлемі барынша өсуде, ірі қара, жылқы, қой, ешкінің және құстың өсімі қамтамасыз етілуде.

Өнеркәсіп саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ауданда өндіріс  көлемі   13 млрд. 650 млн.теңгеге жетті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда    2 млрд.теңгеге арттық. Нақты индекс көлемі 99,7 % құрады.                                 

2016 жылдың 6 айында ауданға 24 млрд. 983 млн.теңге инвестиция тартылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8 млрд. 441 млн.теңгеге артық. Нақты индекс көлемі 145,9 % құрады

Шағын және орта бизнес жоспарлы дамуда. Кәсіпкерлер жыл басынан бері 7 млрд. 540 млн.теңгенің өнімі мен қызметін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 403,5 млн.теңгеге артық.

Шағын кәсіпкерліктен 2 млрд.теңге салық түсті. Бұл 2015 жылға қарағанда меженің 178 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Бағаны тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету мақсатында  аудан тұрғындарының аз қамтылған топтары үшін сауда нүктелерінің ішінде 8 әлеуметтік бөлімше және Есік қаласында басты  әлеуметтік азық-түлік тауарларын арзандатылған бағамен сататын 1 дүкен қызмет көрсетеді.

Cалық түсімдерінің жоспары орындалды. 6 айдың  қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,7 млрд.теңге түсіп, жоспар 107,5 пайызға, оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 3,1 млрд.теңге болып,  жоспар 106,7 пайызға, ал республикалық бюджетке түскені 2,5 млрд.теңге болып, жоспар 108,5 пайызға  орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 3,5 млрд.теңгені құрады. Ол 99,8 пайызға игерілді.

Құрылыс саласы

       2016 жылдың 6 айында  атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі      5 млрд. 977 млн. теңгеге жетті . Нақты индекс көлемі 85,8% құрады.

Есепті кезеңде  19389 шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның барлығы халықтың өз қаржысына салынды.

Ағымдағы  жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу шараларын іске асыру жалғасын тауып, оған 220 млн. 160 мың теңге бағытталады, оның ішінде:     21 ауылдардағы жолдарды ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік сала

Кеңейтілген және жаңа өндіріс орындарында 1372жұмыс  орындары ашылды.

Бірінші жартыжылдықта  2036 адам жұмыспен қамтылып, 128адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Бағдарламаның бірінші бағыты (ауылдық елді мекендерді өркендету) бойынша ауданда 4 жоба жүзеге асырылуда.                       

          Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерінің де біршама төмендеуіне қол жеткізілді. Ана өліміне жол берілген жоқ.

          Бұл көрсеткіштерге жетуімізге денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайтылуы да себепші болуда.

Ағымдағы жылы мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.

            Дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықты бұқаралық спорт түрлеріне жаппай тартуға, кәсіби спортшыларды қолдауға барынша назар аударылуда.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға алынған.

Бүгінде полиция кез-келген қылмысты ауыр және жеңіл қылмыс деп қарамай уақтылы тіркеп, тиісті шара қолдануда.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру