Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетБарлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруі АқпаратЕңбекшіқазақ ауданы әкімінің және Есік қаласы, селолық округ әкімдерінің қорытынды есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2015 жылдың IV- тоқсандағы жағдай бойынша орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің және Есік қаласы, селолық округ әкімдерінің қорытынды есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2015 жылдың IV- тоқсандағы жағдай бойынша орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, 2015 жылдың 26 қаңтар– 06 ақпан  аралығында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің және Есік қаласы, ауылдық округ әкімдерінің қорытынды 27 халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.

Есепті кездесу өткізілу  барысында тұрғындар 14 ұсыныс-пікір айтты,оның ішінде 3 ұсыныс автомобиль жолдарын  жөндеу бойынша, денсаулық сақтау, білім және мәдениет бойынша 1,  елді мекендерді электрмен,газбен және телефонмен қамтамасыз ету тұрғысында 3, абаттандыру,санитарлық жағдай және экологиялық жағдай 3, басқа мәселелер жөнінде 5.

2015 жылдың IV тоқсанына  орындалу барысы :

Малыбай ауылының көшесіне жарықтандыру жұмыстарын және Ават ауылдық округінде Құлжа автокөлік жолының бойындағы «Арзу» және «Абдукахар» кафелері орналасқан ара қашықтыққа жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс хат жіберіліп,  2016 жылдың бюджетін қалыптастыру барысында бұл мәселе ескерілетіндігі туралы жауап алынды.

Бәйдібек би ауылының телефон желісінің  кабельдері «Қазақтелеком» АҚ-ы тарапынан сымсыз байланыс желілеріне ауыстырылды. Жылдың басында 150 телефон нөмірлері болса, қазіргі уақытта 500 нөмерге ұлғайды. Сонымен қатар интернет желісі жаңартылып, ауыл тұрғындарының МЕГАЛАЙН, ІD-TV желілеріне толықтай қосылуына мүмкіндік туындады.

 Елді мекендерде футбол алаңдары қайта қалпына келтірілді. Бәйдібек би ауылдық округінің  Байдібек би ауылында, Асы ауылдық округінің Гайрат ауылында, Жаңашар ауылдық округінің Жаңашар ауылында футбол алаңдары қайта қалпына келтіріліп, безендіру жұмыстары жүргізілді және  Есік қаласының орталық футбол алаңына  мінбелер (трибуна) орнатылды. Сондай-ақ , Рахат ауылдық округі Қайназар ауылында жаңа футбол алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Спорт кешенінің жанынан жаңа футбол  алаңын салуға қаражат бөлу туралы Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс хат жолданып, 2016 жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қарастыру кезінде ескерілетіндігі  туралы жауап алынды.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 2015 жылы  «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес,  бюджеттік несиеге тұрғын үй сатып алуға үміткер мамандардан  15 адамның және көтерме жәрдемақы алуға үміткер мамандардан 15 адамның құжаттары комиссияда қаралып, оң нәтижесін алды. Барлығы 44 595,0 мың теңге бюджеттік несие және 2 081,1 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: бюджеттік несие алғандардың 13-і білім саласынан, 1-денсаулық сақтау, 1-ветеринария; көтерме жәрдемақы алғандардың 13-і білім саласынан, 1-денсаулық сақтау, 1-ветеринария саласынан.

Бюджеттік мекемелерге арнаулы тігілетін киімдердің тапсырысын «Арлан 777» ЖШС-не  орналастыруға ықпал ету   туралы 2015 жылдың                      І жарты жылдығында аудан  әкімдігінің мәжіліс залында Еңбекшіқазақ ауданы  әкімінің орынбасары Нұрғисанов Дәулет Дүйсенәліұлының төрағалығымен аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық  қадағалау басқармасы, «Арлан 777» ЖШС-нің басшысы Дайрбекова Асель Талғатқызымен  бірлесе аудандағы ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары шақырылып жиын өткізілді. «Арлан 777» ЖШС-нің  кәсіпорынында қазіргі заман талабына қарай сапасы өте жақсы маталарды, әр кәсіпорынның тұтыну стиліне сәйкес және тиімді бағамен арнайы киімдерді өндіретіндіктері туралы хабарланды. Облыстық индустриалды - инновациялық даму басқармасы тарапынан ұйымдастырылған көрмелерге «Арлан 777» ЖШС-нің қатысуына аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан ықпал көрсетілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан өткізген семинар тренингтарына қатыстырлып, арнайы сертификат тапсырылды.

Малыбай ауылы  Дуғанов көшесіндегі көпірді  және ауыл жолын  күрделі  жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық «Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына» 2016 жылға қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім берілді.

Есепті кезеңде орындалуы жоспарланған іс-шаралар уақытында іске асырылды.

Әкімдердің  тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімдігінің мәжілісінде тоқсан сайын қаралып, жергілікті  «Еңбекшіқазақ» газетінде және аудан әкімдігінің «Веб» сайтында тоқсан сайын ұсыныстардың орындалу барысы жарияланып отыр.

            Тұрғындармен өткізілген есептік кездесулерде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау жұмыстары жалғастырылуда.

         

        Аудан әкімінің

            бірінші орынбасары                                                 Н.Құдайбергенов   

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру