Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Жер қатынастары бөліміЕреже

Ереже

        Еңбекшіқазақауданы әкімдігінің

         2012  жылғы «30 » қарашадағы

         №  1444  қаулысының

          3 – қосымшасымен  бекітілген

 «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі»

   мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер.

        1. «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Еңбекшіқазақ ауданының аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Ресупбликасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы облыс  әкімдігі мен әкімінің актілеріне, өзге де  нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге  сәйкес  жүзеге асырады. 

       3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы  заңды тұлға болып  табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген  үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес қазынашылық органдарында  шоттары болады.

      4.  Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың  тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Заңнамаға сәйкес бекітіледі.

7. Заңды  тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл  даңғылы,  21, индексі  040400,.   

8.  Мемлекеттік  мекеменің  мемлекеттік тілдегі атауы - «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы – государственное учреждение «Отдел земельных отношений  Енбекшиказахского района».

9. Осы Ереже  «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

10. Бөлім қызметін  қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен  (сметасынан) жүзеге асырылады.

11.  Бөлім кәсіпкерлік  субъектілерімен бөлім  функциялары  болып табылатын міндеттерді  орындау тұрғысында шарттық қатынастарға  түсуге тыйым  салынады.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

   12.Бөлімнің  негізгі міндеттері:

          1) Еңбекшіқазақ ауданында жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады;

          2)иесіз жер учаскелерін есепке алу;

         3) ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

         4) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

         5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

         6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

         7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

  13.Функциялары:     

         8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

         9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

         10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

         11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

         12) ауданның жер балансын жасау;

         13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

         14) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттар беру;

         15) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;

         16) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

         17) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

         18) ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

         19)ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.

         14.   Бөлімнің  құқықтары мен  міндеттері:

         1) мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерлерді пайдалану және қорғау  мәселелері бойынша қажетті ақпараттар талап ету және алу;

         2) ауданның заң актілерінде ескерілген негіздемелер бойынша жер учаскелеріне берілген меншіктік құқықты және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

         3) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

         4) құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру, жер учаскесіне берілген құқық белгілеу мен құқықты куәландыру құжаттарын ресімдеуді тоқтата тұру және қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес анықталған бұрмалаушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар енгізу;

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

         15. Бөлімді аудан әкіміне тікелей бағынатын бөлім бастығы басқарады.    16. Бөлім бастығын Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудан әкімі бөлім бастығын  қызметке тағайындайды және босатады.

            17.Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін, аудан әкімімен бекітілген штат кестесіне сәйкес бөлім бастығы, бас және жетекші мамандары бөлімнің қызметкерлері болып табылады. 

18.Бөлім бастығы өзінің өкілеттілігі :

-    бөлімге басшылық жасайды.

-    Бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады.

-    Қызметкерлердің бөлім бойынша міндетін бөледі

-    Аудан әкімдігінің қаулысымен бекіту үшін бөлім туралы ережеге қол қояды.

-    Қабылданған актілердің орындалуын қадағалайды және үйлестіреді.

-    Бөлімнің құзырына жататын қызметтік құжаттарға қол қояды.

-    Бөлімнің ішкі еңбек кестесін бекітеді.

-    Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлімнің мүлкіне басшылық жасайды.

-    Бөлім аппаратының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялайды.

-    Аудан әкімінің жүктеген басқа да қызметтерін атқарады.

19. Бөлімнің бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. Бөлім қызметкерлері Бөлімнің регламенті мен осы ереженің негізінде жұмыс істейді.

21. Бөлім қызметкерлерін бөлім бастығы  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  1. Бөлімнің мүлкі

22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Бөліммен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

         25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру