Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Ветеринария бөлімі«Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесің 2018 жылда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы анықтама

«Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесің 2018 жылда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы анықтама

Есік қаласы 10 қаңтар 2019 жыл
Кіріс бөлімі
«Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесі
басшысының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы «Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №31-Ө өкіміне сәйкес
«Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі
талдау 2018 жыл мерзімін қамтиды.
«Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз
қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 327
қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүргізеді.
Ережеге сәйкес мемлекеттік мекемесінің миссиясы Еңбекшіқазақ
ауданы аумағында қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды
қамтамасыз ету мен ветеринариялық қызметті ұйымдастыру болып
табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылды:
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік
құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоғарыда аталған кадрлардың тұрақтамаушылығы сыбайлас
жемқорлыққа ықпал етуді туғызуы мүмкін, себебі кадрлардың жиі ауысуы
және аталған бағыттағы тиісті тәжірбиенің жоқтығы әр түрлі әкімшілік
кедергілерге әкеліп соғады.
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша
Штаттық кестеге сәйкес 2018 жылдың 31 желтоқсанға жалпы
мемлекеттік қызметшілер саны 8 бірлікті құрайды, аталған бірліктер кадрмен
толықтырылған.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің
немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне
кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын
адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес
мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол
бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге
асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының
бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе
табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де
ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік
өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға
осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың
персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не
лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау,
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық
белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де
тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын
бұзу орын алған жоқ.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар
қабылдансын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру
жұмыстары жүргізілсін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша
Ағымдағы кезеңде мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін
қызмет түрінің жалпы саны – 2, олар «Ветеринариялық бақылау және
қадағалау обьектілерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
мен «Өңдірістік обьектілерге есептік номер беру»
Аталған кезеңде Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруын бақылау бойынша арнайы
ведомствоаралық комиссияның
тарапынан 4 бақылау іс шаралары
жүргізілді. Бақылау іс шараларының қорытындысы бойынша мүмкіндігі
шектеулі және мүгедектерге арналған сервистік мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер бойынша кемшіліктер анықталмады. Бақылау іс-шаралары
бойынша төмендегі ұсыныстар берілді:
1) Бөлім басшысына мүмкіндігі шектеулі және мүгедектерге арналған
сервистік мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша
жағдайлар жасау;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын қатаң түрде
сақтау
3 Қолданылған шаралар бойынша тиісті ақпаратты арнайы
ведомствоаралық комиссияға жолдау.
Тікелей байланыс тәуекелі.
Талдау барысында басым көпшілік мемлекеттік көрсетілетін қызмет
мемлекеттік қызмет беруші кеңсесінде көрсетілу себебінен мемлекеттік
көрсетілетін қызмет барысында көрсетілетін қызметті алушымен тікелей
байланыс орын алу тәуекелі бар.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де мәселелер.
Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Заңның талаптары
бұзылмағандығы анықталды. Аталған заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес
заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға,
тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. 2018 жыл кезеңі бойынша
тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Корытынды бөлім
Ұсыным:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңды бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдансын,
сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары
жүргізілсін;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңды, тиісті стандарттар мен регламенттер талаптарын қатаң түрде
сақтау, мүмкіндігі шектеулі және мүгедектерге арналған сервистік
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша орын алған кемшіліктерді
жою, сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша
аппарат қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұлжытпай орындау,
сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау туралы
тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
4) «Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі » мемлекеттік
мекемесіне бір
айдың ішінде ішкі талдау анықтамасында көрсетілген ұсынымдарды орындау
бойынша орындалу мерзімі, жауапты орындаушылар және Еңбекшіқазақ
аудандық әкімдігіне жоспарды орындау барысы туралы аралық ақпарат
жіберу мерзімі көрсетілген тиісті жоспар әзірленсін. (Ұсынымдарды орындау
мерзімі 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
Бөлім басшысы Б.Бименов
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру