Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудандық бөлімдер Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018

«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің 2018 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу нәтижесі туралы ақпарат
 
Қазақстан республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдар туралы» заңының 8 бабының 1 және 5 тармақтарын және
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19
қазандағы № 12 бұйрығын орындау мақсатында, «Еңбекшіқазақ ауданының
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 06
наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»
№ 2/1 бұйрығы негізінде 2018 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді.
«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі
«Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» №
327 қаулысы негізінде қызметін жүзеге асырады.
«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай Бөлім) мәдениет саласында мемлекеттік
басқару қызметін және мемлекет саясатын іске асыруға уәкілетті аудан бюджетінен
қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган болып табылады.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ
БОЙЫНША:
1 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін бөлімше атауы
– «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесі;
2 Үлгілік қағиданың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдаудың бағыты:
2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша бөлім өз қызметінде:
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V
Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2012 жылғы 12
қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасының Заңы
- «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан
Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23
қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңы;
-2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексі;
- 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының бюджеттік
кодексі;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану туралы N 1488-ХІІ Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы Әкімшілік-
аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды
қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы № 138
қаулысы;
-Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңын басшылыққа алады.
Бөлім қызметкерлерімен қызмет бабында кодекстер, заңдар, нормативтік-
құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
туындайтын мәселелер талқыланды. Нәтижесінде мемлекеттік функцияларды
орындау кезінде жеке немесе топтық мүдделерге ақпарат беруде пайдаланатын
ешқандай фактілер жоқ.
2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша бөлім өз қызметінде:
Бөлімнің штат кестесінде 4 бірлік, оның ішінде 1 – бөлім басшысы, 2 – бас маман,
1 – жетекші маман жұмыс істейді. Кадрлардың ауысуы орын алған жоқ. Мүдделер
қақтығыс орын алған жоқ. Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді. Қазіргі
таңда бос лауазымдық орын жоқ. Бөлімнің мамандары өздерінің функционалдық
міндеттеріне сай жылдық жұмыс жоспары негізінде жұмыс атқарады. Бөлімде
қызметкерлер арасында жақын туыстық қарым-қатынастар немесе ерлі-зайыптылық
туралы фактілер анықталған жоқ. 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416 және 2005 жылғы 12
сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс,
үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» №36
Заңдарына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданында үкіметтік емес ұйымдарының арасында
әлеуметтік маңызы бар жобалар қызметтерінің ашық конкурстарын өткізу
барысында арыздар мен шағымдар түспеді. Талдау барысында осы кезеңдерде
бөлімге жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Бөлім қызметінде
атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша аудан әкімдігінің сайтына және әлеуметтік
желілерге, бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар жарияланып отырады.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында бөлім
басшысы тоқсан сайын аудандық мәдениет саласының қызметкерлерімен
басқосулар өткізіп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, жемқорлықтың салдары мен оның
қоғамға тигізер зардаптары туралы қысқа метражды видеофильмдер көрсетіліп
отырады. Осы уақытқа дейін әрбір ауылдық окрутерде орналасқан мәдениет үйлері
ауылдық кітапханалармен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»,
«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»,
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыптарда көптеген іс-шаралар
өткізіп отырды.
Жоғарыда аталғандар негізінде, «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыс тобы 2018 жылдың 5 айы
мерзімінде ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны
туралы қорытынды жасады.
Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуын болдырмау
мақсатында дөңгелек үстелдер мен семинарлар, акциялар өткізу.
1
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру