Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан әкімінің аппаратыАппарат басшылығы

Аппарат басшылығы

.jpgКашкимбаев Қуанышбек Қалиұлы

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі

Жалпы ақпарат, білім

Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Кентау электр инженері», 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Мансап

оғары оқу орнын аяқтаған соң мамандығы бойынша қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерге дейін өскен. 1994-2014 жылдар аралығында жер қатынастары, жерге орналастыру жер ресурстарын басқару саласындағы ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі болған. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасын, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқаруда. 

bidaev

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің бірінші орынбасары - Бидаев Айбек Дүйсембекұлы

            Бидаев Айбек Дүйсембекұлы 1980 жылы 22 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия Университетінің заңтану мамандығы  бойынша бітірген.

            Еңбек жолын 2003 жылы “MVA-Security” ЖШС күзетшісі болып бастаған.

2010-2012 жылдары  Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығы қызметін атқарды.  

2012-2013 жылдары Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Еңбекшіқазақ ауыдандық бөлімінің реттеу залының бастығы болды.

2013-2014 жылдары  Бөлек ауылдық округінің әкімі болып істеді.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Халыққа қызмет көрсету орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

 2016 жылдың 5 тамыз айынан бастап Еңбекшіқазақ ауданы әкімі орынбасарының  міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2017 жылдың 9 қаңтарынан 2019 жылдың 28 қазанына дейін Еңбекшіқазақ аудан әкімінің орынбасары. 

2019 жылдың 28 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары - Досымбаев Алтай Машиқұлы

1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық селосында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын - экономист мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980-1982 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1982-1983 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозында жұмысшы.

1988-1992 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы, «Асы» темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевский» асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевка» «Алтын диірмен» ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы. 1999-2002 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «НАСС» ЖШС қаржы саласы директоры. 2003-2005 жылдары «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек селолық округінің әкімі. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары - Нұрғисанов Дәулет Дүйсенәліұлы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында 14.02.1980 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1986 жылы Ю. Гагарин атындағы орта мектепке, бірінші рет табалдырығын аттап, 1997 жылы аяқтады. Сол жылы Алматы қаласына Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетіне түсіп, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша оқып бітірген.

Cол жылы 2002 жылы Қазақ экономика және Консалтинг Университетіне түсіп, 2004 жылы аяқтап сарапшы – бағалаушы мамандығын алды.

2002 - 2005 жылдары полиция полкында бас маман жұмысын атқарды Ішкі істер министірлігі Алматы қаласында.

2005 - 2008 жылдары Алматы қаласында Кеден Бақылау Департаментінде бас маман жұмысын атқарды.

2008 - 2009 жылдары Алматы обл Кеден Бакылау Департаментінде бас маман жұмысын атқарды.

2009-2010 жылдары Қарасай ауданындағы Алматы облысында Заң басқармасының бастыгынын орынбасары болып жұмыс істеді.

2011-2012 Қарасай ауданында Жандосов селолық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2012-2013 Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Отбасы жағдайы – үйленген. Бес баланың әкесі.

 

_МТ.jpg

 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары – Рысбеков Марат Тұқанұлы

1961 жылы 25 сәуірдеАлматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1990 жылы, Алматы сәулет құрылыс институтын сәулетші мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында "ДЭУ-201" 1 разряды бойынша жол жұмысшысы болып бастаған. 1990 жылы тамыз айынан бастап Алматы облысы, Жаркент қаласында "Панфилов кеңшар құрылыс" тресті жанындағы "Тұлпар" участок инженері, 1991 жылдың қыркүйек айынан  Алматы облысы Жаркент қаласы "Панфилов кеңшар құрылыс" тресті жанындағы "Тұлпар" участогының бастығы. 1996 жылы Алматы қаласы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" АҚ, Москва ауданы жөндеу-құрылыс участогының іскері. 1998-2004 жылдары аралығы Алматы облысы, Қаскелең қаласында Қазақстан Республикасының Әділет Министерствосы орталығының Қаскелең филиалының жылжымайтын мүліктері бойынша жетекші маманы. 2004 жылы Алматы облысы, Қаскелең қаласы"Отау Недвижимость" ЖШС директорының орынбасары. 2006-2008 жылдарыАлматы қаласында "Мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау" департаментінің жеке тұрғын ұй құрылысын бақылау  бөлімі бастығы. 2009 жылы Алматы қаласы "Фламинго -9" ЖШС бас сәулетшісі. 2011 жылы Алматы облысы, Текелі қаласы "Текелі қаласының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі" ММ бас маманы міндетін атқарушы. 2011 жылы Талғар ауданы, Талғар қаласында "Талғар ауданының сәулет, қалақұрылыс бөлімі" ММ басшысы, Алматы облысы. 2019 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылында "Іле ауданының Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары. 

          

 

 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру