Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыЖаңашар а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округі ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округі ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

   2019 жылғы " "

№ жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен БЕКІТІЛГЕН

 

 

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Жаңашар ауылдық округі

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ

ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзірлеуші: " Еңбекшіқазақ ауданының

Жаңашар ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

 

1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Атауы

         Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

     - Жаңашар ауылдық округі 1963 жылы құрылған.

       - 2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны 7681 адамды құрады. Халық 13 ұлт пен ұлыстан тұрады.

       - Жаңашар ауылдық округінің аумағы 92,6 км, Есік қаласынан 24 км қашықтықта орналасқан. Әкімшілік орталығы-Жаңашар ауылы.

       - Ауылдық округтің құрамына үш ауыл кіреді: Жаңашар, Космос, Базаркелді және 16 бау-бақша қоғамдары.

      

         - Жергілікті қоғамдастық 2014 жылы құрылған. Оның құрамына 41 адам кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

  1. нің

әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Жаңашар ауылдық округінің ауыл тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 7681 адам.

Ауылдық округ бойынша 1 АҚ, 3 ЖШС, 1 ӨК, 164 ШҚ, 68 жеке кәсіпкер тіркелген.

Шаруа қожалықтарының негізгі қызмет түрі – мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, өнеркәсіптегі негізгі бағыт - сүтті қайта өңдеу.

Бағдарлама экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді ұсынумен, жұмыссыздықтың азаюымен, жаңа жұмыс орындарын және т. б. құрумен байланысты мәселелерді қозғайды.

Бюджет және меншікті кірістер

2018 жылы ауыл бюджетіне жеке кіріс жоспары 100% орындалды, 50 млн. теңге жоспармен 50 млн. теңге түсті.

Шығындар барлығы 55000 мың теңгені құрады. Шығындар жалпы сомасында ең үлкен үлес салмағын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 8400 мың теңге және оқушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру 5058 мың теңге алады.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп саласында округте "Адал" агроөнеркәсіп компаниясы акционерлік қоғамы жұмыс істейді, кәсіпорын 600-ге жуық адамды жұмыс қамтуда, сүт және сүт өнімдерін өңдеумен және өндірумен айналысады.  

Космос ауылында 1396 басқа арналған " Адал АӨК " АҚ мегафермасы пайдалануға берілді, тартылған инвестиция көлемі 2286 млн. теңгені құрады, 45 жұмыс орны құрылды.

400 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы ашылды.          

2019-2021 жылдары кірпіш өндіретін 2 кәсіпорын ашу жоспарлануда, 10 жұмыс орны ашылады.

Кәсіпкерлік

Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 68 бірлікті құрайды, сонымен қатар 3 ЖШС, 164 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив 310 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. 19 сауда нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 2 минимаркет және 17 дүкен. Тұрмыстық және сервистік нысандар – 5, сондай-ақ 2 дәріхана.

Ауыл шаруашылығы

Барлығы 6432 гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде жайылымдар-1500 гектар.

2019 жылдың 1 шілдесіне мал басы: ІҚМ-5045 бас, оның ішінде сиыр-2153 бас, ұсақ мал-1320 бас, жылқы-253 бас, құс-1815.

71 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген, оның ішінде 24-трактор және 1 - комбайн.

Сумен жабдықтау және су беру

"Ақсу" өндірістік кооперативі сумен қамтамасыз ететін өнеркәсібі, Жаңашар ауылы, Космос ауылы және Базаркелді ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Су құбыры желілерінің ұзындығы 24,5 км құрайды. Қосылған абоненттер саны 1627 үйдің 1450 тұрғын үйін құрайды. Округте 2 су мұнарасы жұмыс істейді.

2017 жылы "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында Космос ауылында су қысымды мұнара салынды. Оған 15 миллион теңге жұмсалды.

1976 жылдан қазіргі уақытқа дейін су құбыры желілерінде күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Ауылдық округ халқының санының өсуіне байланысты, сәйкесінше осы желілерге жүктеме артты. Осыған байланысты ауыз су беру мәселесі туындады. Су құбыры құбырларында қысым жоқ.

Осы мәселені шешу үшін су қысымды мұнараға сорғы орнату қажет. Бірақ ұзақ уақыт пайдаланғандықтан, су құбыры ауыз судың қуатты қысымына төтеп бере алмайды, осылайша авариялық жағдай туғызу және барлық су құбыры желісінің істен шығу ықтималдығы бар. Тиісінше, су құбыры желілерін күрделі жөндеу қажеттілігі туындайды.

Орталық сумен жабдықтауға 3 мектеп, 3 балабақша, 3 дәрігерлік амбулатория, 1 мешіт, 10 сауда орны қосылған.

Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау

"Алматыэнергосбыт" АҚ балансындағы ұзындығы 55,2 км барлық электр желілері қанағаттанарлық.

Жылумен қамту округте автономдық.

Көлік және коммуникация

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 34 км құрайды, оның ішінде облыстық маңызы бар 18 км., асфальтталған жолдар-19 км., қатты жамылғысы-11,7 км, топырақ жамылғысы-3,3 км.

2019 жылға жалпы сомасы 10,5 млн. теңгеге 5300 м² ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарланған.

Өткен 10 жыл ішінде қазіргі уақытқа дейін Жаңашар ауылында              М. Тоқышев, Егемендік және Абай көшелерінде пайдалануға берілген үйлердің саны үш есе өсті,осы көшелерде жалпы тұрғындардың саны артты. Жоғарыда аталған көшелерді асфальттау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады, әсіресе күзгі-көктемгі кезеңде осы көшелерде қатты төсемнің жоқтығынан қиындық туындайды, әсіресе оқушылар мен зейнеткерлерге қиын.

Білім

Округте 3 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде типтік - 2. Жалпы 1332 орынға арналған. 250 орындық 3 жеке балабақша жұмыс істейді: 250 бала қамтылған.

1. Жаңашар ауылы «Т. Рысқұлов ат. ОМ» КММ салынған жылы 1972 ж., ғимарат типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Мектепте 65 балаға арналған 5 топ бар. Жылыту түрі-автономды. 1-11 сыныптарда барлығы 785 оқушы.

2. Космос ауылы «І. Жансүгіров атындағы ОМ» КММ салынған жылы 1987 ж., ғимарат типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Жылыту түрі-автономды. 25 балаға арналған шағын орталығы бар. 1-11 сыныптарда барлығы 435 оқушы. Мектепте 29 балаға арналған 2 топ мектепке дейінгі дайындық бар.

3. «Базаркелді БМ» КММ салынған жылы 1982 ж., ғимарат бейімделген, жобалық қуаты 52 орынға. Жылыту түрі-автономды. 1-4 сыныптарда барлығы 42 оқушы.

Округтегі оқушылар саны 1262 оқушыны құрайды.

3 мектепте 7 интерактивті тақта орнатылды. Бүгінгі күні барлық мектептер интернет желісіне қосылған, компьютермен жабдықталу 1 компьютерге 8,5 оқушыны құрады.

250 орындық 3 жеке балабақша жұмыс істейді: 250 бала қамтылған. Балабақша ғимаратының техникалық жағдайы бойынша стандарттарға сәйкес келеді.

Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны-430, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен 344 немесе 80% қамтылған.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен 100% қамту үшін Космос ауылында 75 орындық балабақша салу қажет.

Денсаулық сақтау

Жаңашар ауылдық округінің аумағында 3 денсаулық сақтау ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде Жаңашар ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Космос ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Базаркелді ауылының фельдшерлік пункті.

Жоғарыда көрсетілген денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары бейімделген.

2018 жылы 181 бала дүниеге келді, 51 адам қайтыс болды.

Ағымдағы жылдың 6 айында бала туу көрсеткіші 47 баланы құрады, өлім-жітім 22 адам.

Мәдениет және спорт

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны өсуде, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы 2227 адамды немесе 29,0% құрады.

        

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 3538 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 3429 адамды құрады, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтығандар-1478 адам.

2018 жылы жұмыссыздар саны 122 адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 3,4% құрады.

2019 жылы 1 шілдеге округте АӘК бойынша жаңа форматтағы табысы кедейлік шегінен төмен 180 отбасына 11,5 млн.теңгеге тағайындалды.

Округте 153 мүгедек және 576 зейнеткер тұрады.

Қоғамдық қауіпсіздік

Учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 24 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.

  1. 2.2Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Жаңашар ауылдық округі бойынша проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

- мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу қажет

Жаңашар ауылы Т. Рысқұлов және Космос ауылы І. Жансүгіров атындағы орта мектебі;

- Базаркелді ауылында 120 орындық жаңа орта мектеп салу қажет;

- Жаңашар және Космос ауылдарында дәрігерлік амбулатория салу қажет;

- Жаңашар ауылындағы 10,3 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу қажет;

- Жаңашар ауылындағы ауылішілік жолдарды күрделі және орташа жөндеу;

- Жаңашар ауылы М. Тоқышев, Егемендік және Абай көшелерін асфальттау қажеттілігі

- "Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

- Қызметтік тұрғын үйі бар учаскелік полиция пунктінің құрылысы;

- Ауыл санитариясын қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою.

- Табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар санының азаюы.

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі

(мың теңге)

Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімі
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ
1.1 Оқушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастыру   4 443,0 Жергілікті бюджет 2019 ж. қаңтар-мамыр, қыркүйек-желтоқсан
1.2

Жаңашар ауылы Т. Рысқұлов орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама

  15 000,0 Жергілікті бюджет 2021 ж.
1.3 Космос ауылы І. Жансүгіров орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама   15 000,0 Жергілікті бюджет 2021 ж.
1.4

Жаңашар ауылы Т.Рысқұлов орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу

  500 000,0 Жергілікті бюджет 2022 ж.
1.5 Космос ауылы     І.Жансүгіров орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу   500 000,0 Жергілікті бюджет 2022 ж.
II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2.1

Жаңашар ауылының стадионын абаттандыру

  15 000,0 Жергілікті бюджет 2019 ж.
III. ТРАНСПОРТ И КОММУНИКАЦИИ
3.1 Ауылдық округтегі ауылішілік жолдарды ағымдағы жөндеу   10 500,0 Жергілікті бюджет 2019 ж.
3.2 Жаңашар ауылы М. Тоқышев көшесін орташа жөндеу (1000 м.)   13 000,0 Жергілікті бюджет 2021 ж.
3.3 Жаңашар ауылы Егемендік көшесін орташа жөндеу (800 м.)   10 400,0 Жергілікті бюджет 2021 ж.
3.4 Жаңашар ауылы Абай көшесін орташа жөндеу (1600 м.)   20 800,0 Жергілікті бюджет 2021 ж.
IV. БАСҚАЛАР
4.1 «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама   2 000,0 Жергілікті бюджет

2019 ж.

4.2 «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратын күрделі жөндеу   30 000,0 Жергілікті бюджет 2020 ж.
4.3 Қызметтік тұрғын үйі бар учаскелік полиция пунктінің құрылысы   25 116,0 Жергілікті бюджет 2020 ж.

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жаңашар ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Жаңашар ауылдық

      округтің әкімі                                       Ж.Кураметов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру