Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚырбалтабай а/оЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Қырбалтабай ауылдық округіаппараты» ММ Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы 2019-2021 жылдарға

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Қырбалтабай ауылдық округіаппараты» ММ Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы 2019-2021 жылдарға

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген №

                                                                            «   » ____20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қырбалтабай ауылдық округіаппараты» ММ

Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Қырбалтабай ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылдық округінің дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Қырбалатабай ауылдық округі 1929 жылы Қырбалтабай селолық советі ретінде құрылды.

Қырбалтабай ауылыдық округінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3064 адамды құрайды, атап айтқанда Қырбалтабай ауылының -1820 тұрғыны бар, Ақжал ауылы - 301 тұрғын, Екпінді ауылы - 468, Қайнар ауылы - 230, Шалқар ауылы - 245. Қырбалтабай ауылдық округінің ұлттық құрамы: қазақтар – 91,9%, орыстар -4,5%, басқа ұлт өкілдері -2,6%.

Округтің орталық ауылы-Қырбалтабай ауылы аудан орталығы Есік қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Округ аумағынан Есік –Қырбалтабай –Жетіген облыстық маңызы бар автожолы өтеді.

Ауылдық округ солтүстік батысында Талғар ауданымен, солтүстігінде Қапшағай су қоймасымен шекараласады.

Қырбалтабай ауылдық округінің аумағы 30661 га құрайды.

- 23.07.2014 жылы Қырбалатабай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 4 жыл өкілеттік мерзімі бекітілген. 2018 жылдың 5 маусымында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының №30-46 шешімімен Қырбалатабай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітіліп қоғамдастық мүшелерінің өкілеттігі 4 жыла белгіленді.

- Қырбалатабай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелер саны 21, жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерінің саны 9.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қырбалатабай ауылдық округін дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауылдық округ халқы мен округке қарасты елді мекендердің тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталғаншаралар жасау және әлеуметтік экономикалық әлеуетін көтеру көзделген.

Қырбалтабай ауылдық округінің (бұдан әрі-Округ)2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3064 адамды құрайды.Атап айтқанда Қырбалтабай ауылында 1820 тұрғын бар,Ақжал ауылы 301 тұрғын, Екпінді ауылы 468, Қайнар ауылы 230, Шалқар ауылы 245. Округтің орталық ауылы-Қырбалтабай ауылы аудан орталығы Есік қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.

Бюджет және жеке табыстар

2018 жылға төртінші деңгейдегі бюджеттің жеке табысының жоспары 96,4% орындалды. 14120,2 мың теңге жоспарланған нақты орындалғаны 13630,0 мың теңге.

Табыс салығы-1,982 мың теңге.

Мүлік салығы-241 мың теңге.

Жер салығы-710 мың теңге.

Көлік салығы-10,532 мың теңге.

Заңды тұлғалардың көлік салығы-163 мың теңге.

Бюджеттің игерілуі-99,7% құрайды, 2018 жылдың бюджеттің кіріс бөлігі 35065,0 мың теңгені құрайды оның ішінде 12435,0 мың теңге субвенциялар, 9000,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 13360,0 мың теңге салық түсімдері.

Шығыстардың жалпы сомасының басым бөлігі, аппарат қызметін қамтамасыз етуге 49%, тұрғын үй коммуналдық шарушылығы 12%, транспорт және коммуникация 24%, басқа бағдарламалар 15%

Өндіріс саласы.

Округ бойынша ірі кәсіпорындар «Есік көкөніс заводы» қуаттылығы жылына 2177 тонна томат сығындысын өндірді сәйкесінше 150 жұмыс орнымен қамтылған, «Best Meat» ЖШС жылына 1500 тонна ет өңдейді, сәйкесінше 50 жұмыс орнымен қамтылған, «Жетісу Соя» ЖШС-16 мың тонна өнім қайта өңдейді, сәйкесінше -30 жұмыс орны ашылады.

Шағын орта бизнес

Округте 15 ЖШС, 174 ШҚ, 73 жеке кәсіпкер тіркелді шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда. Округ аумағында 11 - магазин және 1 - тойхана, 2- шаштараз, 2-сүт қабылдау пункті, дәріхана халыққа қызмет көрсетіп, жалпы ШОБ 304 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы.

Округ бойынша 29978 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болып саналады,

оның ішінде: егістік - 3279 га.

                               шабындық -2360 га.

                               жайылым – 24321 га.

                                тыңайтылған жер -18 га.

Шаруа қожалықтарымен 420 га арпа, 350 га жемдік жүгері, 500 га қызанақ, 25 га соя, 50 га сафлор, 90 га кортоп егіліп күтілуде.

Округ шаруа қожалықтарының тарихи қалыптасқан айналысатын кәсібі мал шаруашылығы. Бұл жағдай ауылыдық округінің табиғи-климатикалық ерекшелігіне және округ аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі жайылымдық болғандықтан қалыптасып отыр.

Округте 4724 ірі қара бар.

Оның ишінде сиыр- 2437 бас,

аталық бұқа- 52 бас,

басқасы -2238 бас;

Ұсақ мал- 21712 бас,

оның ішінде саулық -10048 бас,

қошқар-291 бас,

басқасы-11373бас,

Жылқы- 1664 бас,

оның бие -669 басы,

айғыр -37 бас,

басқасы-958 бас

Ауылшаруашылы және арнайы 71 техника бар онын ішінде 3 комбайн, 41 трактор, басқада құралдар 30

Өңдіру өнеркәсібі саласында 2 мекеме жұмыс жасауда «Есік көкөніс заводы», «Best Meat» ет өндеу заводы. 1 мекеме «Жетісу Соя» ЖШС соя дақылын өңдеу заводы 2019 жылы іске қосу жоспарлануда.

Бағдарлама округ аумағында тұратын халықтың кедейшілік деңгейін төмендетуге, яғни жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты «Есік көкөніс заводы», «Best Meat» ет өндеу заводы, «Жетісу Соя» ЖШС басшыларымен мемарандум жасалған және «Байсерке Агро» ЖШС мен округ аумағында орналасқан тауық фермаларын жандандыру бойынша келіссөздер жүргізілуде бұл шара жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге бағытталған.

Сүт, ет және қой шаруашылығы бағытындағы ірі шаруа қожалықтарымен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі бойынша іс-шаралар жасалуда. Атап айтқанда «Абука», «Олжас», «Нұржан», «Марал», «Парса», «Калиева Р», ШҚтығыз жұмыс жасалуда.

Ауыз сумен қамту

Ауыз сумен қамту бойынша округте 12, 3 км су құбырлары тартылған , 2019 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Екпінді ауылын орталықтандырылған су жүйесін тарту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Барлығы 2595 адам орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Кәріз жүйесі жоқ

Электр жүйелерімен қамту

Қырбалтабай ауылдық округін электр жарығымен сапалы қамтамасыз ету үшін барлығы 64,9 км электр жүйелерімен қамтылған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ меншігінде, 60% техникалық жағынан сәйкес келмейді.

Көлік және коммуникация мәселелері

2017- 2019 жылы Есік – Қырбалтабай-Жетіген тас жолының 16-36 шақырым жолдары күрделі жөндеуден өткізілді, округ арқылы өтетін жүк тасымалдары және «Жетіген», «Байсерке» теміржол станцияларымен, Қапшағай қаласымен қатынас едәуір жақсарды. Осыған себеп жоғарыда көрсетілген тас жолы Батыс-Европа - Батыс- Қытай халықаралық автожолымен және Алматы-Қорғас автожолымен қиылысады. Бұл фактор Еңбекшіқазақ ауданының трансорт –логистикалық мүмкіндіктерін арттырады.

Жоғарыда көрсетілге авто жолдың күрделі жөндеуден өтуі округтің инфрақұрлымдық жағдайын жақсартады. 2019 жылы Екпінді ауылында 2500 шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өткізілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, тұрғындардың интернет желісіне қол жетімділігін арттыруға бағытталған округ аумағында орналасқан елді мекендерге кең жолақты интернет желісін тарту жобасы әзірленуде.

Білім беру

Округ аумағында 4 мектеп оның ішінде 1 орта, 2 орталау, 1 бастауыш

1. Ы.Алтынсарын атындағы ОМ 1988 жылы салынған, ғимарат 620 орынға арналған.. Жылыту жүйесі жекеленген, 1-11 сыныптарда 506 оқушы. Мектеп алды даярлықта 39 бала

2. Құрөзек орталау мектебі 1985 жылы салынған, ғимарат беймделген 120 орынға араналған Жылыту жүйесі жекеленген. 1-9 сыныптарда 77 оқушы. Күрделі жөндеу 2011 жылы өткізілді.

3. Екпінді орталау мектебі 1962 жылы салынған, ғимарат беймделген 120 орынға араналған Жылыту жүйесі жекеленген. 1-9 сыныптарда 102 оқушы.

3. Қайнар бастауыш мектебі 1991 жылы салынған, ғимарат беймделген 15 орынға араналған Жылыту жүйесі жекеленген. 1-4 сыныптарда 17 оқушы.

Жалпы округ бойынша 1290 оқушы оқиды.

4 мектепте 9 – интерактивтік тақта, 1 - мультимедиялық кабинет. Мектептер жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтылған: биология - 1. Барлық мектептер интернет жүйесіне қосылған, коппьютерлермен жабдықталуы орташа 7 оқушыға 1 компьютер

Округ аумағында 100 балаға арналған «Тоқжан» бала бақшасы бар , казіргі кезде бақша толық

3-6 жас аралығында - 210, оның ішінде мектепке дейінгі білім берумен қамтылғаны 139, немесе 66,1%.

Денсаулық сақтау

Округ аумағында 1 дәрәгерлік амбулатория 2015 жылы салынған 17 медициналық персонал жұмыс істейді, дәрігер көршілес Ақбастау ауылынан келіп істейді

Ақжал, Екпінді, Шалқар, Қайнар ауылыдарында фельдшерлік пунктер жұмыс жасайды, алайда техникалық жағдайы санитарлық талаптарға сай емес

2019 жылы туылғаны 68 бала, қайтыс болғаны 15адам.

Мәдениет және спорт

Округ аумағында мәдениет үй жұмыс жасап тұр 2011 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

Мектептер жанында спорттық объект бар оның ішінде 4 спортзал және мини спорт алаңы. Осыларда жүйелі түрде халық спортпен айналысады

Округтің әлеуметтік саласы

«Атаулы әлеуметтік көмек» алуға 85 отбасы өтініш өткізді, оның ішінде 61 отбасының құжаттары қабылданып 12 620,2 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Әр санат бойынша 374 зейнеткерге 164 597,0 мың теңге зейнетақы төленді. Туберкулез ауруы бойынша 1 адамға 72182 тенге көлемінде төленді.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп саласы бойынша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында округ аумағында жалпы 17 қылмыс тіркелген, оның ішінде бөтеннің мүлігін ұрлау -13; бұзақылық -3; зорлау-1. Аталған қылмыстардың 11 ашылған, ұрлықтың басым бөлігі мал ұрлығы -9, осыған себеп мал иелерінің жайылымда мал бағу кезіндегі салғырттығы.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының «Бастау бизнесі» жобасы аясында 7 адам сертификат алды, бір адам 2,500 мың.теңге көлемінде несие алды.

Қырбалтабай ауылының күн шығыс жағынан жеке тұрғын үй құрлысын салу үшін 48 га жерге 340 жер телімін орналастыруға 541,483 мың теңгеге инфрақұрылым жүргізілу толығымен аяқталды. Кәзіргі таңда кезекте тұрған тұрғындарға жер телімдері беріліп, тұрғындар үй құрлысын бастап кетті. Жоспар бойынша жер телімдері толық игерілгенен соң әлеуметтік нысандар салынады.

Экологиялық мәселелер.

Қырбалтабай ауылы бойынша малдарды жайылымымен қамтамасыз ету мақсатында 249 га қоғамдық мал жаюға арналған жер заңдастырылып мемлекеттік АКТ әзірленді. Алдағы уақытта округе қарасты Қайнар, Шалқар, Екпінді, Ақжал ауылдарында тұрғындарға ортақ қоғамдық мал жайылымдарын заңдастыру жоспарда бар.Қазіргі кезде округте атты қалдық полигонының құжаттамаларын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Инфрақұрылым мәселелері:

Қырбалтабай ауылдық округін электр жарығымен сапалы қамтамасыз ету үшін техникалық жағдайы және қуаттылығының жетіспеуіне байланысты 5,54 км желі нысанын жаңартуға бюджеттен 35 млн.теңге қажет.

Қырбалтабай ауылын орталықтандырылған ауыз су жүйесінің 1973 жылы салынған, тұрғындарды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 км. желіні ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 25 млн.теңге қажет.

Көлік және коммуникация мәселелері:

Екпінді ауылы бойынша жалпы жолдардың ұзындығы 2,85 км құрайды, оның 1,49 км жаңа жолдар, техниқалық талаптарға сәкес келмейтіні 1,36 км жол. Бюджеттен қажет етілетін сома 15 млн.теңгені құрайды.

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.1 Қырбалтабай ауылдық округін электр жарығымен сапалы қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық жобалық жұмыстарын жүргізу Келісім-шарт, жұмыстарды орындау актісі 3500,0 Жергілікті бюджет 2020 жыл
1.2 Қырбалтабай ауылын орталықтандырылған ауыз су жүйесінің 1973 жылы салынған, тұрғындарды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 км. желіні ағымдағы жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттарын дайындауға Келісім-шарт, жұмыстарды орындау актісі 2500,0 Жергілікті бюджет 2021 жыл
II. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2.1 Екпінді ауылының Бірлік және Тәуелсіздік көшелеріне жол тосеу Келісім-шарт, жұмыстарды орындау актісі 8,750   2019 жыл

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Қырбалтабай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі                           А.Темешов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру