Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚырбалтабай а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

21 қаңтар 2019 жыл

Қырбалтабай ауылдық округі бойынша бүгінгі таңда нақты жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны – 7. Аталған  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Қырбалтабай ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жүргізілді.

Қырбалтабай ауылдық округінде 21.11.2017 жылы әкімнің №63-Ө өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

"Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің саны 2018 жылғы штаттық кестеге сәйкес 7 адамды құрайды. 2018 жылдың 26 ақпанында Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Ж.С. Акчибаева аудандық конкурстық комиссия қорытындысы негізінде Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі лауазымына ауысып келді. Қазіргі таңда бос лауазым саны - жоқ. Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар жоқ, ешкім тәртіптік жауапкершілікке тартылмады, шектеулер мен тыйым салуларды бұзған фактілер жоқ.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр  қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.

Қырбалтабай ауылдық округі әкімімен 2019 жылға Медиа-жоспар бекітілді («дөңгелек үстелдер», БАҚ мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында мақалалар жариялау).

Сыбайлас жемқорлықтың жоспарына сәйкес көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің стандарттары мен регламенттері бұзылуының алдын-алу бойынша  аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар  жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.        

Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі;

Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 7 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері азаматтарға 54 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының Еңбекшіқазақ ауданының Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне ақпарат беріліп отырады.

«Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды бекіту туралы» 2018 жылдың 23 қазанында №73-Ө өкім шығарылды.       

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі стандарттар мен регламенттерге сәйкес қызмет көрсетудегі кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеде қызметкерлермен тиісті іс-шаралар, семинарлар өткізіліп тұрады.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда қызмет берушілердің стандарттары мен регламенттері, телефон номерлері, өтініш  бланкісінің үлгілері  орналастырылған стенд ілінген.

2018 жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға аралығында жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша арыз шағым түскен жоқ. Қырбалтабай ауылдық округіне келіп түскен өтініштерге жауап бергенде бланкінің артқы бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы жадынама шығарып отырылды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның талаптары қатаң сақталады.

Жұмыс тобының мүшелері:

Қырбалтабай ауылдық округі

әкімінің орынбасары                                                  Н. Тайсариев

Қырбалтабай ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы                                   Е. Суйенишев

Қырбалтабай ауылдық округі

әкімі аппаратының жетекші маман                             Л. Кезбаева


Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  туралы нәтижелерінің

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Қырбалтабай ауылы                                                     30 қараша 2017 жыл

КІРІСПЕ:

Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 қараша №63-Ө «Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  туралы»өкімі негізінде сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізілді. Ішкі талдау 2017 жылды қамтыды.

Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданды әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы №815 Қаулысымен бекітілген «Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес атқарады.

2016 жылғы 19 қазандағы №12 Президент Жарлығына сәйкес сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау жұмыстары мына бағыттар бойынша жұмыстар атқарды.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары және бұйрықтарға, сондай-ақ  «Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесін басшылыққа алады.

2. Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратында нақты  жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны 5 (2 вакансия) адамнан тұрады.  Жыл басында бас маман салық инспекторы Ж.Е. Рахимова өз еркімен жұмыстан босатылды.. 2017 жылдың 1 тамызында жетекші маман А. Хасым өз еркімен жұмыстан босатылды. 2017 жылдың 20 қыркүйек күні Д.Ш. Танышпаевтың зейнеткерлікке шығып 1 жыл келісім шарты аяқталғандықтан жұмыстан босатылды. Жетекші маман салық инспекторы лауазымына А.Т. Байбитова, Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратынан жалпы конкурс арқылы 2017 жылдың 10 қазан күні ауысып келді.  2017 жылдың 20 қарашасынан бастап бас маман (еспеші) Б.А. Байшигашева зейнеткерлікке шығып 1 жыл келісім шарты аяқталғандықтан жұмыстан босатылды. Қазіргі уақытта 2  жұмыс орны бос.

Аталған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарының негізінде жүзеге асырылады.

Талдау жасау уақыт аралығында мемлекеттік қызметтен босатылған қызметкерлер жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша:

«Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласынадағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекетті көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі аппараты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету Реестріне (тізіліміне) сәйкес мемлекеттік қызметтің 7 түрін көрсетеді.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін қағаз жүзінде – 38 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері:

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 0.

2) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру – 0.

3)  Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 36.

4) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2.

5) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру-0.

6) Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу – 0.

7) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 0.

2017 жылдың 21 қараша күні округ әкімдігінің Медиа-жоспары бекітілді (БАҚ Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы жарияланды).

2017 жылдың ішінде жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағым және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзылуының алдын алу бойынша «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтына ақпараттар үнемі жарияланып отырады. Жоспар бойынша ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жасап, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті жинақтауға жауапты тұлға туралы округ әкімінің 10.10.2017 жылғы №51-Ө өкімі және жауапты тұлғаларды бекіту туралы округ әкімінің 10.10.2017 жылғы №52-Ө өкімімен тиісті нормативтік актілер қабылданды.

Халықты хабардар ету үшін әкім аппаратында – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған жаңа үлгідегі стенділер ілінген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында (enbekshikazah.gov.kz).

Есептеу мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі арыз, шағым түскен жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша:

2017 жылдың 30 қарашасына дейінгі уақытта жеке тұлғалардан – 137 өтініш, заңды тұлғалардан – 2 өтініш түсті. Өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» бойынша қаралып, уақыты жауаптары берілді.

2017 жылдың 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының №2-20460-17-01843 ұсынысына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жауабын беру кезінде өтініш иелерінің жауапты алу туралы қолдарының болмағандығы үшін бас маман Танышпаев Дюсебек Шакертович 02 мамыр 2017 жылы №9-К өкімімен ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершіліке тартылды.

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жеке мүлік және табысы туралы ақпаратты аудандық персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөліміне 2017 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылды.

Ұсыныс:  

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және мемлекеттік қызмет стандарттарын түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметкерлермен үнемі семинар-кеңестер өткізіліп отыруын;

Жұмыс  тобының мүшелері:

Қырбалтабай ауылдық  округі

әкімінің  орынбасары                                                 Н. Тайсариев

Қырбалтабай ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы                                 Е. Суйенишев

Қырбалтабай ауылдық округі

әкімі аппаратының жетекші маман                            Л. Кезбаева

Танысты:

Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі                     А. Темеш

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру