Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТескенсу а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

___Тескенсу ауылдық округі________

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

_Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы________

(аудан және облыс атауы)

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Тескенсу ауылдық округі

                     әкімінің аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Тескенсу ауылдық округінің құрылу кезеңі 1929 жыл

-01.01.2019 жыл халық саны – 7206 адам: атап айтқанда Тескенсу ауылының халық саны – 5150 адам, Көлді ауылы- 1030 адам, Толқын ауылы – 1026 адам.

Округтің орталығы – Тескенсу ауылы аудан орталығы Есік қаласынан – 50 шақырым жерде орналасқан. Округ аумағынан Республикалық маңызы бар Алматы-Көкпек-Қорғас автожолы өтеді.

- ауылдық округтің құрамына 3 ауыл кіреді: Тескенсу, Көлді, Толқын.

- ауылдық округ аумағы – 10902 га құрайды; оның ішінде 9520 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып саналады:

                                               Егістік -2941га

                                               Шабындық – 1025га

                                               Жайылым -5511га

   Ауылдар аумағы орналасқан жер көлемі – 1382га

- 2014 жыл Тескенсу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы құрылып, оның өкілеттілік мерзімі 4 жылға бекітілген.

- Тескенсу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының   мүшелерінің саны - 31 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Тескенсу ауылдық округті дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 7206 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 9 ЖШС, 1 ӨК, 418 ШҚ, 78 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал және өсімдік шаруашылығы - шаруашылықтардың негізгі қызметі.

Салықтар және бюджет

2018 жылы округ бойынша жалпы салық түсімдері 130 пайызға орындалып, 17,9 млн.. тг құрады, жоспар- 13,3 млн. тг.

2018 жылғы шығыс 99,9 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 33,5 млн.тг, шығыс-33,4 млн.тг.

Шығындардың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті әлеуметтік саланың шығыстары құрайды – 51,9 млн.тг (67%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа – 5,9 млн.тг (7,6%), көлік және коммуникация – 5,9 млн.тг. (7,6%) және басқалары 13 млн. тг (16,9%).

Кәсіпкерлік

Округ бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 507. Соның ішінде 9 ЖШС, 418 шаруа қожалықтары, 1 өндіріс кооператив және 78 жеке кәсіпкер тіркелген, бұл салада 1184 адам жұмыспен қамтылған. Ауылдық округте 20 сауда нүктелері бар. Тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету нысандары 4. 2 қоғамдық тамақтандыру нысандары халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Ауыл шаруашылық

Округте барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 9520 га жер бар. Оның ішінде жайылымдық – 5511 га, шабындық – 1025 га, суармалы жер - 2941 га.

Округ бойынша 2019 жылға 2941 га жер игеріліп, оның ішінде дәнді жүгері 995 га жерге, 121 га жерге бұршақ (соя), 469 га жерге көкөніс өнімдері егілді.

Бірінші жарт жылдықа 2019 жылдың мал басы:

- Ірі қара малы – 2880 бас; оның ішінде сиыр – 1647 бас;

- Жылқы – 544бас;

- ҰММ – 8783 бас;

- Құс – 7231.

Округ бойынша тіркелген ауыл шаруашылық техникалары саны – 86, соның ішінде: комбайндар – 2, тракторлар – 67, басқа да өздігінен жүретін а/ш техника – 17.

2021 жылға дейін 2 балық өнімдерін өңдеу кәсіпорны мен 1 күйдірілген кірпіш құю цехын қайта ашу жоспарлануда. Қосымша жұмыс орындары ашылады.

Ауыз сумен қамту.

Округтің тұрғындарын сумен МКК "Есік Су" қамтамасыз етеді. Толқын ауылында орталықтандырылған су және кәріз жүйесі жұмыс істеп тұр. 856 ауыл тұрғындары орталықтандырылған су құбырын пайдаланады. Көлді ауылында орталықтандырылған су құбыры жүйесі салынуда. Биылғы жылы толық іске қосылады, яғни 1030 ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Тескенсу ауылының тұрғындары 7 артезиан құдықтарының ауыз суын пайдаланады. Ауыз сумен жабдықтау желілері салынбаған, кәріз жүйесі жоқ. Округтегі сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 5,7 км құрайды. Орталықтандырылған су құбырына 3 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 1 ФП қосылған. Су мұнарасының саны – 2. Толқын ауылында орналасқан су мұнарасы ескіруіне байланысты ауыстыруды қажет етеді. Жалпы қосылған абонент саны – 2779. Ауыл тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 41 км су құбыры желілерін салу қажет етеді. Сонда ғана 100% көрсеткішке жетеміз.

Электрмен жабдықтау және байланыс

Округ тұрғындарын электр жабдықтаулармен қамтамасыз ететін «Шелек РЭС» АҚ есебіндегі 189,4 шақырымға созылған электр желісінің 70 пайызы тозған және электр энергиясының тапшылығы байқалады, осыған байланысты электр желілерін жаңартуды қажет етеді.

         Тескенсу ауылындағы почта бөлімшесі Тескенсу, Көлді, Толқын ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Округ аумағында тұратын 1280 жанұя 420 телефон нөмерімен қамтылған. Тeскенсу ауылдық округі аумағында Тele2, Beeline ұялы байланыс желілері жұмыс істейді.

Көлік және коммуникация

Тескенсу ауылдық округі бойыншаавтокөлік жолдарының қашықтығы 50 км құрайды. Олардың 37,3 км асфальттанған, 11,8 км тас төселген жолдар. Округ көшелерінің 60% немесе 37,3 км ғана асфальттанған.

2018 жылы Ашимов, Кенжетаев көшелерінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылы Тескенсу ауылының Жанбол көшесінде 2,4 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы , Толқын ауылында 3,5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Округке қарасты 42 көше бар. Соның ішінде орталық басты 1 көшеде ғана түнгі жарықтандыру тіректері орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 2,5 км құрайды. Жалпы алғанда округ көшелерінің 5% пайызына ғана түңгі жарықшам орнатылған, сол себепті округтің қалған көшелеріне жарықшам орнату қажет етеді. Тескенсу ауылында саябақтың жобалақ-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Білім

Ауылдық округінде 3 мектеп орналасқан, олардың 3 де типтік.

«Жамбыл атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ 1975 ж. 640 орынға салынған, типтік мектеп. Мектепте: шағын орталықта 1 топ 25 бала, мектепке дейінгі 125 бала, 1-11 сыныпта 940 оқушы бар. Жылыту түрі-автономдық. Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Көлді орта мектебі мектеп жасына дейінгі шагын орталығы бар» КММ 2004 ж. 180 орынға салынған, типтік мектеп. Мектепте: шағын орталықта 1 топ 25 бала, мектепке дейінгі 20 бала, 1-11 сыныпта 169 оқушы бар. Жылыту түрі-автономдық. Күрделу жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Толқын орта мектебі» КММ 1973 ж. 320 орынға салынған, типтік мектеп, 320 орынға. Мектепте дейінгі 20 бала, 1-11 сыныпта 149 оқушы бар. Жылыту түрі-автономдық.. Күрделу жөндеу жұмыстары 2009 жылы жүргізілген.

Округ бойынша оқушылар саны 1474 бала.

3 мектепте 12 интерактивтік тақта орнатылған, 3 мультимедиялық кабинет бар. Округ мектептері жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған: химия - 1, физика - 1, биология - 1. Бүгінгі күнге барлық ауыл мектептері интернет желісіне қосылған. Бүгінгі күні 1 компьютерге оқушы саны 15 болып тұр.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесі

01.07.2019 жылға ауылдық округте 2 балабақша қызмет жасап тұр, олардың 1 – мемлекеттік.

«Еркетай» б/б ғимараты 1974 жылы салынған, 2007 жылы күрделу жөндеу жұмыстары жүргізіліп салтанатты түрде ашылған. 100 орынға, 100 бала тәрбиеленуде.

«Асанали» б/б ғимараты 2018 жылы салынып, салтанатты түрде ашылған. 50 орынға, 50 бала тәрбиеленуде.

Тескенсу ауылдық округінде 3-5 жас аралығында балалар саны 528, оның ішінде мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтылғаны-365, яғни 69%.

Денсаулық

         Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 1 ФП жұмысын атқарып тұр, олардың 3 бейімделген.

1. ШЖҚ МКК «Тескенсу дәрігерлік амбулаториясы» 1987 жылы салынған, бейімделген. 3 жоғарғы білімді дәрігер мамандары, 11 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. Дәрігерлік амбулаторияның ғимараты бүгінгі күнгі талапқа сай емес, күндізгі емдеу бөліміне, жүкті әйелдерге арналған,   науқастарды қабылдайтын бөлмелер жетіспейді.

2. «Көлді фельдшерлік - акушерлік пункті» 1977 жылы салынған, бейімделген.2 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. Бүгінгі күнгі талапқа сай емес, күндізгі емдеу бөліміне, жүкті әйелдерге арналған,   науқастарды қабылдайтын бөлмелер жетіспейді.

3. «Толқын фельдшерлік пункті» 1978 жылы салынған, бейімделген. 1 орта буынды медицина қызметкері қызмет етеді. Күрделі жөндеу жұмыстар жүргізу қажет етіледі.

2018 жылы 102 нәресте дүниеге келіп, 28 адам қайтыс болды.

Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде Тескенсу ауылдық округі бойынша 34 нәресте дүниеге келіп, 19 адам қайтыс болды.

Мәдениет және спорт

Тескенсу ауылдық округінде 2 мәдениет үйі бар, Көлді және Толқын ауылдарында орналасқан. Екеуі де жұмыс істемейді. Күрделі жөндеу жұмыстар жүргізу қажет етіледі. Тескенсу ауылында кітапхана бар, оғанда жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Округта 5 қол жетімді спорттық нысандар бар, соның ішінде: 3 спорт зал 3 орта мектептерде, шағын футбол және үлкен футбол алаңдары бар. 2015-2019 жылдардың салыстырғанда жаңадан салынған спорттық нысандар жоқ.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны 2030 адамды құрап, жалпы халық санынын 29% құрады.

Округ көлемінде спорттық кешен жоқ. Округ жастары жылдан жылға спортқа деген құлпынысы артуда. Сол себепті округке спорт кешені қажет.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 3220 адамды құрап отыр.

Әр-түрлі салада жұмыс жасайтындардың саны 2961 адам. Ауылдық округте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 1931 адам, олардың ішінде нәтижелі жұмыспен қамтылғандар саны – 925, нәтижесіз – 259 адам.

2018 жылы жұмыссыз халық саны 259 адамды құрап, округ бойынша жұмыссыздық деңгейі – 8% болды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі -5%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі -2,7%.

2019 жылы 1 шілдеге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 51,9 млн. теңге 262 кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасына тағайындалды. Мүгедек балаларды тәрбиелеп оқытатын отбасыларына төленетін әлеуметтік көмек 8 адамға 291,2 мың теңге. Округте 194 мүгедек азамат және 750 зейнеткер тіркелген.

Қоғамдық қауіпсіздік

Учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан.

Тескенсу ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Радиациялық фон саны 0,16 мк3в/ч. Ауыз судың сапасын, жалпы минералдану (құрғақ қалдық) саны суда 0,190 гр / литр.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Тескенсу ауылы бойынша мәселелер мен тәуекелдер.

- Тескенсу ауылына дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу қажет;

- Жамбыл атындағы мектеп ғимаратын кеңейту үшін қосымша мектеп корпустардың салу қажет;

- Тескенсу ауылында 140 орынға бала бақша ғимаратын салу үшін жер телімі бөлініп, сметалық – жобалау құжаттарына сұраныс берілген болатын. Балапан бағдарламасының жабылуына байланысты жоғарыда аталған жұмыс өз шешімін таппай отыр;

- су құбырының желілерін 28 км, кәріз желілерін 12 км және су мұнарасын салу қажет;

- сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу үшін қолжетімді спорттық кешен салу қажет. Жер телімі бөлінген. Саябақты да осы кешенде орналастыру қарастырылып жатыр;

- Тескенсу ауылы Абай көшесіндегі терек ағаштарын 4-6 метрден қалдырып кесу жұмыстарын ұйымдастыру. 40-50 жыл бұрын егілген ағаштар қурап жарықтандыру тіректеріндегі сымдарды үзіп автожолға құлап жатыр. Орындарына жаңа ағаштар егіледі;

- Тескенсу ауылының күн батыс жағында орналасқан Салимов, Рузиев, Ашимов, Керейбаев, Жамбол көшелерінен көктем айларында жер асты сулары көтерілген кезде тұрғын үйлер сазданып кетеді. Сондықтан бұрын қазылған дренаждарды қайта қалпына келтіру мәселерін шешу. Дренаждар ауылдың күн батыс жағында орналасқан;

- Тескенсу ауылының ішінде қалып бара жатқан қоқыс төгетін орынды экологиялық талаптарға сәйкес сыртқа шығару қажет болып отыр;

- ауыл айналасында бұрын жайылым жер болған, кезінде жеке шаруашылыққа беріліп кеткен жерлерді ҚР- ның заң талаптарына сәйкес қайтарып алу мәселелерін шешу;

- тірек пунктінің құрылысын жүргізу мәселесін шешу қажет. Құрылыс жүргізуге жер телімі белгіленіп, мемлекеттік жер актісі дайындалған;

- қазіргі талапқа сай мал дәрігерлік пункты салу қажет. Құрылыс жүргізуге жер телімі белгіленіп, мемлекеттік жер актісі дайындалған;

- әкімшілік ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді;

- инфрақұрылымның болмауына байланысты тұрғын үйге жер бөлу проблемасын шешу.

- ауылдың электр желілерін жаңарту қажет.

Көлді ауылы бойынша мәселелер мен тәуекелдер.

-   жаңа фельдшерлік – акушерлік пункт құрылысын жүргізу қажет;

мәдениет үйіне күрделі жұмыстар жүргізу;

күл-қоқыс төгетін ауыл маңындағы орындарды жойып, экологиялық талаптарға сәйкес күл-қоқыс тастайтын орындарды ұйымдастыру;

қосымша жұмыс орындарын ашу үшін тоған шаруашылығына инвесторларды тарту;

ауылдың электр желілерін жаңарту қажет.

инфрақұрылымның болмауына байланысты тұрғын үйге жер бөлу проблемасын шешу.

Толқын елді мекені бойынша мәселелер мен тәукелдер.

-         фельдшерлік пункт ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

-         мәдениет үйіне күрделі жұмыстар жүргізу;

-         күл-қоқыс төгетін орынды белгілеп, экологиялық талаптарға сәйкес заңдастыру мәселесін шешу.

-         мектепке және фельдшерлік пункте баратын орталық көшені жарықпен қамтамасыз ету.

-         мектеп ауласына жақын жатқан алаңды заңдастырып спорт алаңы ретінде қолдану үшін мектеп иелігіне беру мәселесін шешу.

-         Толқын ауылын сумен жабдықтау және кәріз жүйесі мәселесіндегі барлық кемшіліктерді жою және су мұнарасын ауыстыру;

-         Толқын – Көлді –Шелек маршруты бойынша қатынас мәселесін шешу;

-         жолаушылар тасу мекемелерімен аудан аралығы қатынастарын жақсарту мақсатында Толқын – Көлді –Шелек маршруты бойынша қатынас мәселесін шешу.

-         Облыстық маңызы бар Көлді – Толқын – Құлжа жолына күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу;

-         инфрақұрылымның болмауына байланысты тұрғын үйге жер бөлу проблемасын шешу.

-         абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

-         табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар санын азайту.

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Жамбыл атындағы орта мектепке қосымша ғимараттың құрылысына Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау   54 000,0 ЖБ 2020
1.2

Жамбыл атындағы орта мектеп. Құрылыс

жұмыстарын жүргізу

 

776 000,0

ЖБ 2021
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 51 937,0 ЖБ 2019 ж
2.2 Тұрғын үй көмегі   743,0 ЖБ 2019 ж
2.3 Тұрғын үй көмегі   41 000,0 ЖБ 2020 ж
2.4 Тұрғын үй көмегі   31 000,0 ЖБ 2021 ж
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Тескенсу ауылында дәрігерлік амбулаториясының құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын дайындау   15 000,0 ЖБ 2020
3.2 Тескенсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясының құрылысы   180 000,0 ЖБ 2021
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1 Елді-мекендерді жарықтандыру Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 4 000,0 ЖБ 2019
4.2 Қызмет көрсету Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 600,0 ЖБ 2019
4.3 Тазалық Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 400,0 ЖБ 2019
4.4 Жерлеу рәсімі Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 121,0 ЖБ 2019
4.5 Абаттандыру Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 800,0 ЖБ 2019
4.6 Ауыз су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын дайындау   15 000,0 ЖБ 2020
4.7 Ауыз су құбырын жүргізу Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 150 000, ЖБ 2021
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 Көлді ауылындағы мәдениет үйінің сметалық-жобалау құжаттарын дайындау   10 543,0 ЖБ 2018-2019
5.2 Көлді ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары   235000 ЖБ 2020
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
6.1 Жолдарды жөндеу Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 5 964,0 ЖБ 2019
VII. БАСҚАЛАР
7.1 Каналдарды жөндеу жұмыстары Келісім шарт, жұмыстарды орындау актісі 13 000,0 ЖБ 2019
7.2 Тескенсу ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу   30 000,0 ЖБ 2021
7.3 Тескенсу ауылына инфрақұрылым жүргізу үшін. Сметалық-жобалау құжаттарын дайындау   7 200,0 ЖБ 2020

7.4

Полиция пунктін салу үшін. Сметалық-жобалау құжаттарын дайындау   3 000,0 ЖБ 2020
7.5 Полиция пунктін тұрғын үйімен қоса салу. Құрылысын жүргізу   30 000,0 ЖБ 2021
7.6 Мал дәрігерлік пункті. Сметалық-жобалау құжаттарын дайындау   2 500,0 ЖБ 2020
7.7 Мал дәрігерлік пункті. Құрылысын салу   25 000,0 ЖБ 2021

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Тескенсу ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы                                    Н.К.Жамалов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру