5 тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы Заңының 8 бабының 5 тармағын орындау мақсатында
округ әкімінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 1-05/24 өкіміне сәйкес, «Түрген
ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
9 тармақ бойынша: Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алу
электронды түрде жүргізіледі. Жеке кәсіпкерлер есеп шоттарын ESF порталы
арқылы жібереді. 2019 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына
сәйкес, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы 20 437 051,09 мың
теңгеге 26 лоттың барлығы жарияланып, келісім шарттар жасалды. Аталған
шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу
туралы» Заңының талаптарына сәйкес орындалады.
11 тармақ бойынша: «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік
мекемесінде мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері орын алмады.
33 тармақ бойынша: 2019 жылдың 13 ақпанында «Жастар-сыбайлас
жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ауылдың белсенді жастары, білім беру
мекемелеріндегі жас ұзтаздар және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу
өткізілді.
2019 жылдың 14 наурызында округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің,
білім беру мекемелерінің ұстаздары және жоғарғы буын өкілдерінің
қатысуымен Д.Қонаев атындағы орта мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа жол
жоқ» кездесу ұйымдастырылды.
35 тармақ бойынша: Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті
қалыптастыруға, мектепке дейінгі және білім беру саласындағы қызметкерлерге
сыйлықтарды сыйға тартудан бас тартуға бағытталған азаматтарға арналған
жаднамалар әзірліп таратылды.