Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТүрген а/оЖолдаудың орындалуы туралы

Жолдаудың орындалуы туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар ақпараты.

         2018 жылы атқарылған жұмыстарды тұрғындарға жеткізу мақсатында, халықты барынша қамту үшінокруг аумағындағы білім беру мекемелерінің 2017 - 2018 оқу жылындағы ата-аналар жиналасының кестесіне сәйкес округ әкімінің есепті кездесуінің кестесі бекітілген болатын. Осыған орай, 16 қаңтар күні В.Ломоносов атындағы орта мектептің ата-аналар жиналысында, округ әкімі Елеусізова Бота Серікқызы баяндамасын оқып, ауыл тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

1 наурыз күні, А. Жексембеков атындағы қазақ орта мектебіне «Алғыс айту» күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Іс –шара барысында округ әкімінің орынбасары Карибаев Ержан Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп концертті ашық деп жариялады. Мерекелі іс –шараға этно –мәдениет бірлестіктерінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары қатысты. Шақырылған қонақтар өз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын көрсетті.

3 наурыз күні, Қазақстан халық Ассамблеясының желілік кестесіне сәйкес, округімізде «Ауылдық округ күні» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңестерінің отырысы өткізілді. Күн тәртібіне негізделген үш мәселе қарастырылды, бірінші: ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуді талқылау; екінші: «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының халыққа жолдау бойынша ақпараттық түсіндіру; үшінші: округіміздегі әр түрі мәселелер. Жиналған отырысқа аудандық маслихат депутаты Жылқыбеков Жақсылық Тілешұлы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

6 наурыз күні, Округіміздің мәдениет үйінде 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл Ана» атты мерекелі іс –шара өкізілді. Салтанатты іс –шара барысында алғашқы құттықтау сөзі округ әкімі Елеусізова Бота Серікқызына берілді. Барша нәзік жандарды құттықтау барысында Авесбаева Гулсара, Жиенбаева Галя, Абдуллаева Заринаға «Күміс алқа» алқалары тағылды. Сонымен қатар, аудандық маслихат депутаты Вальков Виталий Викторовичке құттықтау сөз берілді. Мерекелік іс –шара соңында округ әкімі және жеке кәсіпкерлердің атынан гүл шоқтары мен жаулықтар сыйға тартылды.

24-25 мамыр күндері округ аумағында орналасқан орта білім беру мекемелерінде оқу жылының аяқталуына байланысты «соңғы қоңырау» өткізілді. Биылғы жылы округ бойынша түлектердің саны -   70, оның ішінде ҰБТ-ға қатысатындары 35, «Алтын белгіге» үміткерлер-5

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен Түрген ауылы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, «Елім-ай» қоғамдық қоры, Іле Алатау Ұлттық мемлекеттік табиғи паркі Түрген филиалының қолдауымен балаларға арнап мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада асық ату, арқан тартыс сынды спорттық ойындар ойнатылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 26 жыл толуына, және Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай сурет байқауы ұйымдастырылды.

Маусым айының 7-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 26 жыл толуына және Елорда-Астана қаласының 20 жылдығына орай, 2007-2008 жылғы туылған жас өспірімдер арасында Түрген ауылдық округінде шағын футболдан жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты: ауыл тұрғындары арасында спорттық және мәдени іс-шара ойындарын насихаттау, спортшылар арасында спорттық байланысты күшейту.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, ауылдың жастар кеңесінің белді мүшесі. жас кәсіпкер Құттыби Жанастың демеушілігімен 8 маусым күні Түрген ауылының мәдениет үйінде Абайтанушы, мәдениеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, «Харекет» кітабының авторы Омар Жәлел мырзамен «Ауылда адам бар болса, ауыл ала болмайды» деген тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.

9 маусымда Омар Жәлел мырзамен Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы орта мектепте «Бүгінгінің кішісі, ертеңгінің кісісі» атты аудан бойынша мектептерден жиналған ұстаздар қауымымен семинар – тренинг өткізілді. Омар Жәлел мырза қазақтың Яссауи, Бұхар Жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкірім сынды ғұламаларының шығармаларынан дәлелді мысал келтіре отырып, рухани байлық, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі жөнінде терең ойларымен бөлісті.

            29.06.2018ж. Түрген ауылдық округінің мәдениет үйінде «Үкілі домбыра» атты фестивалі өтті. Осы мерекелік іс-шарада Түрген ауылдық мәдениет үйінің шағын ұлт аспаптар ансамблі, Республикалық Әз наурыз байқауының 2-ші орын иегері Дінмуханбетұлы Самат, шаңқобыз үйірмесінің оқушысы Жанымханқызы Мөлдір, бүкіл одақтық халық творчествасы фестивалінің лауреаты, халықтық Фольклор фестивалінің дипломанты Мұратбеков Нұржан, Халықаралық және Республикалық ән-би байқауларының жүлдегері Алтынбек Дана, Пердебай Қажымухан өнер көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде, өз мәнінде өтті.

         Астана қаласының 20-жылдығына орай Түрген ауылдық округінің мәдениет үйі алаңында « Отанымыздың жүрегі - тәуелсіздігіміздің тірегі»,атты мерекелік іс-шара өтті. Осы мерекелік іс-шарада Ломоносов атындағы орта мектебінің музыка пән оқытушысы Мухамеджанова Әлина, 3 «А» сынып оқушысы Пердебай Қажымухан, 6 «В» сынып оқушысы Юсуфова Лейла,     7 «А» сынып оқушысы Ербол Гүлмарал, 4 «А» сынып оқушысы Мухамбетжанов Серік, Республикалық Әз наурыз байқауының 2-ші орын иегері Дінмуханбетұлы Самат, А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінің 2-сынып оқушысы Нұрланқызы Айдана, 9 «Ә» сынып оқушысы Үсен Есенбол, бүкіл одақтық халық творчествасы фестивалінің лауреаты, халықтық Фольклор фестивалінің дипломанты Мұратбеков Нұржан, Халықаралық және Республикалық ән-би байқауларының жүлдегері Алтынбек Дана, өнер көрсетті Іс-шара жоғары деңгейде, өз мәнінде өтті.

Түрген ауылдық округінің әкімі                            Б.Елеусізова

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру