Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыТүрген а/оАқпарат

Ақпарат

21 шілде күні Түрген ауылы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде «Руxани жаңғыру» мен "Цифрлы Қазақстан" бағдарламалары аясында жаңа интерактивтік тақташасының сенсорлық мультитач экраны және оқулық материалдық-теxникалық заттармен қамтамасыз етілген биология кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Нұрғисаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергенов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Ұзақов, сондай-ақ демеуші, "Казинтерсервис" компаниясының басшысы Т.Тулеповтар мектеп оқушыларына ізгі тілектерін арнады. Іс-шара соңы Дінмұxамед Аxметұлының ескерткішіне гүл шоғын қоюмен жалғасын тапты. 1992 жылдың наурызында Дінмұxамед Аxметұлы Қонаев Түрген ауылына ат басын тіреп, мектептің оқу үрдісімен танысып, оң бағасын берген болатын, ал мектепке 1993 жылы еліміздің аяулы перзенті, ұлы тұлға Д.А.Қонаев есімі берілген. Білім ордасында 1082 оқушы білім алуда.

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

140818 140818 140818


«Национальный день домбры»

«Национальный день домбры»

В Казахстане впервые отметили Нацинальный день домбры. 13 июня 2018года Нурсултан Назарбаев учередил этот праздник в целях дальнейшей консолидации общства вокруг идеи сохранения и возраждения национальной культуры и идентичности. Отмечать День домбры в нашей стране будут ежегодно в первое воскресенье июля.

С большим удовольствием и радостью народ Казахстана принял этот день празднования. В подтверждения этому, в нашем Тургенском сельском округе в доме культуры был проведен фестиваль « Үкілі дмбыра». Где приняли участие: Малый ансамбль нацинальных инструментов, под руководством Мұратбеков Нұржан, лауреат фестиваля всесоюзного народного творчества, дипломант фестиваля народного Фольклора Муратбеков Нуржан, призер 2-го места Республиканского конкурса «Әз Наурыз» Динмуханбетулы Самат, призер Международного и Республиканского конкурса песни и танцев Алтынбек Дана и Пердебай Кажымухан. Мероприятие прошло на должном и высшем уровне.

ГУ «Аппарат акима Тургенского сельского округа»

16051841605184


« Отанымыздың жүрегі - тәуелсіздігіміздің тірегі »

        «Астана – Еліміздің жүрегі » ол бүкіл дүние жүзін өзіне қаратып өсу қарқынымен жәнеде жасалып жатқан саяси шараларымен таңқалдыруда, Астана еліміздің елдігімен, кең пейіл кеңдігімен, ұлт – жандылығымен Дүние жүзінің дін өкілдерінің басын қосқан, берекемен бірліктің қайнар көзі болған бас қала, ғасырлар бойы атабабамыз аңсаған киелі шаңырақ. Астана қаласының 20-жылдығына орай Турген ауылдық округінің мәдениет үйі алаңында «Отанымыздың жүрегі - тәуелсіздігіміздің тірегі»,атты мерекелік іс-шара өтті. Осы мерекелік іс-шарада Ломоносов атындағы орта мектептің музыка пән оқытушысы Мухамеджанова Әлина, 3 «А» сынып оқушысы Пердебай Қажымухан, 6 «В» сынып оқушысы Юсуфова Лейла,     7 «А» сынып оқушысы Ербол Гүлмарал, 4 «А» сынып оқушысы Мухамбетжанов Серік, Республикалық Әз наурыз байқауының 2-ші орын иегері Дінмуханбетұлы Самат, А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінің 2-сынып оқушысы Нұрланқызы Айдана, 9 «Ә» сынып оқушысы Үсен Есенбол, бүкіл одақтық халық творчествасы фестивалінің лауреаты, халықтық Фольклор фестивалінің дипломанты Мұратбеков Нұржан, Халықаралық және Республикалық ән-би байқауларының жүлдегері Алтынбек Дана, өнер көрсетті Іс-шара жоғары деңгейде, өз мәнінде өтті.

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

160718 160718 160718


ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 4 тармағына сәйкес, 2018 жылдың 17 шілдесінде «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Жергілікті қоғамдастықтың комиссия мүшелерінің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жасалған мониторинг нәтижелері туралы талдамалық ақпаратын талқылау.

                                             «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, ауылдың жастар кеңесінің белді мүшесі. жас кәсіпкер Құттыби Жанастың демеушілігімен 8 маусым күні Түрген ауылының мәдениет үйінде Абайтанушы, мәдениеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, «Харекет» кітабының авторы Омар Жәлел мырзамен «Ауылда адам бар болса, ауыл ала болмайды» деген тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.

9 маусымда Омар Жәлел мырзамен Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы орта мектепте «Бүгінгінің кішісі, ертеңгінің кісісі» атты аудан бойынша мектептерден жиналған ұстаздар қауымымен семинар – тренинг өткізілді. Омар Жәлел мырза қазақтың Яссауи, Бұхар Жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкірім сынды ғұламаларының шығармаларынан дәлелді мысал келтіре отырып, рухани байлық адами , ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі жөнінде терең ойларымен бөлісті.

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2106182 21061822106182 2106182


Маусым айының 7-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 26 жыл толуына және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай, 2007-2008 жылғы туылған жас өспірімдер арасында Түрген ауылдық округінде шағын футболдан жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты: ауыл тұрғындары арасында спорттық және мәдени іс-шара ойындарын насихаттау, спортшылар арасында спорттық байланысты күшейту.

 

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

210618

210618


1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түрген ауылдық әкімі аппаратының мамандары мен Түрген ауылы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, «Елім-ай» қоғамдық қоры, Іле Алатау Ұлттық мемлекеттік табиғи паркі Түрген филиалының қолдауымен балаларға арнап мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада асық ату, арқан тартыс сынды спорттық ойындар ойнатылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 26 жыл толуына, және Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай сурет байқауы ұйымдастырылды.

«Түрген ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ

21061862106186


Денсаулық күні

2017 жылдың 22 қыркүйек күні, Түрген ауылдық округі, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің спорт алаңында жыл сайын өткізілетін «Денсаулық күніне» арналған спорттық жарыстар (100м арақашықтықта жүгіру, ерлер 2000м арақашықтықта жүгіру, қыздар 1000м арақашықтықта жүгіру және шағын футбол) өтті.  Жарыс мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын халық арасында насихаттау және ауыл тұрғындарын салауаттын өмір салтына балу. Жалпы қатысушылардың жас ерекшеліктері 16 жас пен 60 жас арлығында болды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар округ әкімінің атынан мадақтамаларға ие болды.

Түрген ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы                              Б.Искелдиев

-------------------------------------------------------------------

«Қазақстан Республиксында жаңғақ өнімдерінің дамуы» туралы халықаралық семинар

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні, Түрген ауылдық округінде жыл сайын өткізілетін «Алқап күніне» арналған, «ЖАФ Түрген» ЖШС басшысы Жексембекова Маншүк Абыханқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республиксында жаңғақ өнімдерінің дамуы» туралы халықаралық семинар өтті. Аталмыш іс –шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары С.И.Бескемпіров, Қазақ ұлттық аграрлық университеттің ғылыми департаменттің басшысы М.Қ.Қалиасқаров, «Интеграция» халықаралық қорының төрағасы С.А.Терещенко, Италияндық ғалым Д.Калькани, ҚР БҒМ ҒК «Микробиология және вирусология институты» РМК қызметкері Ғ.Қ.Таубекова және жақын орналасқан аудан әкімдері қатысты.  Халықаралық семинарды Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Б.Ә.Ысқақ жүргізді. Семинар тақырыбына сай ғалымдар өз баяндамаларын оқып, аграномдармен пайдалы кеңестермен пікір алмасты. Келген қонақтар 20 гектарға отырғызылған жаңғақ алқабымен таныстырылды.

Түрген ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы                              Н.Жапар

--------------------------------------------------------------------------

«Мектепке жол» акциясы

2017 жылдың 28 тамызында Түрген ауылдық округінде  «Нұр Отан» партиясы  Түрген бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен,  «Нұр Отан» партиясының мүшелері В.Вальков, Қ.Лимтонов, С.Бегимов, С.Күрішбаев, А.Баяуов, С.Бейсебаев және «Apple Wordt» ЖШС-нің бас директоры Г.Копбаев, ЖАФ «Турген» ЖШС-нің директоры М.Жексембекова және округтің белсенді кәсіпкерлері Ә.Кадыров, И.Чачидзенің  қолдауымен  «Нұр Отан» партиясының   «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияда округтің білім беру мекемелерінің әлеуметтік аз қамтылған  жиырма оқушысы мектепке қажетті құрал жабдықтармен, спорттық киімдермен және мектеп формасымен  қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын жүрегімен түйсініп, қолдан келген көмегін беріп, балалардың жүрегіне қуаныш, жүздеріне күлкі ұялатқан кәсіпкерлер округ әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Түрген ауылдық округінің

әкімі аппаратының бас маманы                                          Ж.Кушербаева

--------------------------------------------------------------------------------------------

«Діннің қоғамға әсері» атты семинар өткізілді

Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс –қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 29 маусым күні, «Діннің қоғамға әсері» атты аудандық семинар өткізілді. Аталмыш іс –шараға округіміздің ақсақалдар алқасы, жергілікті қауымдастық мүшелері, белсенді ауыл жастары және «Сәулет Көркем» жөндеу зауытының жұмысшылары қатысты.

Түрген ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы                              Ж.Искелдиева

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру