Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыШелек а/о«Шелек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесің 2018 жылдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы анықтама

«Шелек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесің 2018 жылдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы анықтама

«Шелек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесің 2018
жылдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
нәтижелері туралы анықтама
с.Шелек 29.12.2018ж.
 
Кіріспе бөлім
Шелек ауылдық округі әкімінің 2018 жылдың 29 желтоқсандағы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» №167
өкіміне сәйкес Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында (әрі қарай-
Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі
талдау 2018 жылдың мерзімін қамтиды. Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №13 Қаулысымен бекітілген
«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеге сәйкес «Шелек ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ
ауданының Шелек ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016
жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау
жүргізілді:
Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз
қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де
нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Шелек ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-
басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2 «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
қадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және
жұмыстан шығару бойынша.
Штаттық кестеге сәйкес 2018 жылдың 29 желтоқсаны бойынша
аппараттағы жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 16 бірлікті құрайды.
Казіргі таңда бос орындар – 1 (бас маман-салық жөніндегі инспектор).
Талдау барысында анықталды: 2018 жылдың 12 айының ішінде ауылдық
округі бойынша басқа ауылдық округтарға ауысу тәртібімен және өз еркімен
жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерінің саны-3.
(М.С.Смадилова, 02.03.2018ж. - Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары
өз еркімен, А.Р.Садыкова 28.06.2018ж.-Шелек ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманының м.а. өз , С.Т.Уйламова 02.10.2018ж. өз
еркімен) Теріс қылық жасағаны үшін босатылғандар жоқ.
Жұмысқа қабылданғандар – 2 (А.Р.Садыкова – 06.03.2018 ж. Шелек
ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманының м.а., А.Ж.Сәрсенбек
– 02.05.2018 ж. - Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары).
3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша
Шелек аумағында Мемлекеттік корпорацияның бір бөлімі Шелек
ауылында жұмыс жасайды. Шелек ауылдық округі әкімі аппараты өз
жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық
актілерін тікелей басшылыққа алады.
2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Шелек
ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылы 8 (сегіз) түрі мемлекеттік
қызметтер көрсетілді;
1 мекетепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мекетепке дейінгі
жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
2.өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру;
3.шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
4.жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
5.елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
6.сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
7.жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;
8.мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-сатықта
(конкурстарда, аукциондарда) сатып алу.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік қызметтер тізіліміне
енгізілген өзгерістермен: жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы
анықтама беру және мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды
сауда-сатықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу алынып тасталды, 2
жаңа қызмет түрі енгізілді: жер учаскесін алу үшін кезекке қою және
бұрыңғы жер пайдалануға берілетін жер учаскесін жекеменшікке сату.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 3 маманның функионалдық
міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы
әкімінің ресми сайтында аталған мамандардын байланыс телефондары,
қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына
ішкі бақылау жүргізу С.К.Касымоваға 2015 жылдың 28 сәуірдегі №28
өкіммен жүктелген.
2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 104,
оның ішінде
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер
саны – 56,
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 104, ақылы
негізіндегі көрсетілгені – жоқ,
-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 104,
-бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны – 7,
регламенттердің саны – 7
Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін
стандарттар мен регламенттер жазылған 2 стенд бар. Мемлекеттік қызметтер
көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары:
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат
құралдары ілінген. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында
қызметкерлердің квалификациясын көтеру үшін арнайы іс-шаралар өткізелді,
бүл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерді оқыту отырыстары (9 хаттама) және
«Еңбекшіқазақ» аудандық газетке 3 мақала шықты. Шелек ауылдық
округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет
алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет
дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну
мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды Жабдықтау
жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі
адамдарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық
болған жоқ.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу
мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізуді және
жауапкершіліктерін күшейтуді.
4 Тікелей байланыс тәуекелі
Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету
түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен
тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы
мәселе бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын
Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы
арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд
даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
арқылы көрсетілетін қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты
көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін
жұмыстар жүргізілуде.
Шелек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді
электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды
ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар,
хабарландырулар және мәліметтер).
5 Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-
басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.
5.1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына сай жеке және заңды
тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп және есепке алынады және
карастырылады. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ
екендігі анықталды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы
қамтамасыз етілген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.
Қорытынды бөлім
6.Жоғарыда айтылғандардың негізге ала отырып Шелек ауылдық округі
әкіміне ұсынамыз:
1.«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.
2.«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат
кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің саны: 16, казіргі
таңда бос орындар – 1 (бас маман-салық жөніндегі инспектор).
3.«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттері қатан сақталып
бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылсын.
4.Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі
көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары
жүргізілсін және бақылауға алынсын.
5.Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатан түрде сақтау.
6.2018 жылдың 15 каңтарға дейін іс-шара жоспары жасалып Шелек ауылдық
округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
анықтамасы Еңбекшіқазақ ауданның әкімі аппаратына берілсін.
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Ж.Сәрсембек
Ауылдық округі әкімі аппаратының
бөлім меңгерушісі С.К.Касымова
Ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы М.Н.Жампозова
Таныстырылды:
Шелек ауылдық округі әкімі Е.Есенханов
Орынд.: М.Жампозова
тел.: 2-14-45
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру