Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының
8 бабының 5 тармағын орындау үшін Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратында 7
әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Өткен кезеңде теріс себептермен
босатылған мамандар жоқ. Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің мүлкі мен
табысы туралы декларациялар белгіленген мерзімде тапсырылады. Аппараттың
мемлекеттік қызметшілері біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Туыстарымен бірге
жұмыс істеу фактілері жоқ. Саймасай ауылдық округі әкімінің шешімдері мен
өкімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметте
мүдделер қақтығысы мен шектеулер мәселелері тұр емес.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-
бабын орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жоғарыда көрсетілген
заңға сәйкес жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері заңда белгіленген мерзімде қаралады,
негізсіз бас тарту, қосымша құжаттарды талап ету фактілері, мерзімі өткен өтініштер
жоқ.Анонимді көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қызмет көрсету
сапасы бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Өткен кезеңде азаматтардың
сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдары мен өтініштері түскен жоқ.
Саймасай ауылдық округі әкімінің аппаратында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін)
жастағы балаларды кезекке қою; өтініш берушінің(отбасының) атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру; бұрын жер пайдалануға берілген жер
учаскесін жеке меншікке сату; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.; жер учаскесін алуға кезекке
қою; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік
меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу. Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратының
ғимаратында ақпараттық стендтер бар.
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарына сәйкес, Саймасай ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалау және сыртқы талдау жүргізуді
қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын ішкі тәуекелдерге талдау жүргізіледі,
атқарылған жұмыс туралы талдау анықтамасы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында
жарияланады (сайтқа сілтеме www.enbekshikazah.gov.kz). Саймасай ауылдық округі әкімі
аппаратының ғимаратында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі
бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік бейнероликтер көрсетіледі, сондай-ақ әкім
және әкім аппаратының жұмысы туралы ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік
орнатылды, апта сайын жәшікке келіп түскен 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы
бойынша халық тарапынан ұсыныстар мен шағымдар түскен жоқ.