Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСаймасай а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУБАҒДАРЛАМАСЫ

Саймасай ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

(аудан және облыс атауы)

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Еңбекшіқазақ ауданы

Саймасай ауылдық округі

әкімінің аппараты » ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Саймасай ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

-         Саймасай ауылдық округі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. 1997 жылы Саймасай селолық округі деп өзгертілген.

-         Халық саны - 6462 адам.

-         Ауылдық округ: Саймасай (ауылдық округтің орталығы) және Амангелді ауылдарынан тұрады.

-         Округтің жалпы аумағы - 7915 га.

-         жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 20.07.2016 жыл

-         оларға өкілеттік берілген мерзім -5 жыл.

-         жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны - 11 адам.

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Ауылдық округті дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Саймасай ауылдық округінің ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Саймасай ауылы аудан орталығынан 20 шақырымда орналасқан. Саймасай ауылдық округінің құрамына Саймасай (ауылдық округтің орталығы) және Амангелді ауылдары кіреді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 6462 адамды құрайды.Саймасай ауылдық округі бойынша - 6 ЖШС, 392шаруа қожалығы және101 жеке кәсіпкер тіркелген.

БЮДЖЕТ

2018 жылға ауылдық бюджеттің жоспары өз кірістерінен 53,515 млн. теңгені құрады, оның ішінде 9600 млн.теңге, трансферттер - 43915 млн. теңге салық түсімдері.

2018 жылға арналған бюджет шығыстары 99,7% игерілді. Жоспар бойынша 53515 млн.теңге. 53,356 млн. теңге жұмсалды. 159,0 мың.теңге қалдығы.

Шығындардың жалпы көлемінде ең үлкен үлесті шығыстар алады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер -22586 млн.теңге. 22580 млн.теңге игерілді. (99,9%).

- елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 727,0 мың. теңге игерілді (100%).

- Елді мекендердің санитариясы - 727,0 мың. теңге игерілді (100%).

- елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру -980,0 мың. теңге игерілді (100%)

- облыстық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 7359 млн. теңге игерілді (100%).

- Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында өңірлердің экономикалық дамуына ықпал ету шараларын іске асыруда елді мекендерді дамыту мәселелерін шешуге -9600 млн.теңге, 9,448 млн.теңге (98%) игерілді.

- Бюджеттік алымдар -12063 млн. теңге, игерілді (100%).

- Шығыс қалдық 01.01.2019 жылға 3672 млн. теңгені құрады.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Округ бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны -101,

6 ЖШС, 392 шаруа қожалығы бар.

Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың саны- 380 адамды құрайды. Оның ішінде 7 -тамақтандыру орындары 23 жұмыскерді, 22- дүкен 50 жұмыскерді, 11- қызмет көрсету орындары 43 жұмыскерді жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы Амангелді ауылында «Зубаршаева» жеке кәсіпкері 65 млн. теңгеге 450 орынға арналған тойхана құрылысын бастады. Ағымдағы жылы құрылыс аяқталып қалды.

Сонымен қатар, Саймасай ауылында «Абитов» жеке кәсіпкері сүтті қайта өңдейтін шағын- цех ашып өз жұмысын атқарып жатыр. Қуаттылығы тәулігіне 5 тоннаға дейін жетеді.

Саймасай ауылдық округінің аумағында ашылған «Assorti Rancho» қала сыртындағы мейрамханалық кешені /жазғы демалыс орны/ маусым айынан бастап өз жұмысын бастап кетті. Күніне 50 адамға дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап бұл жерде бөдене өсірумен айналысады. Бүгінгі күнге жалпы бөдененің саны 1500басты құрайды. Күніне 500 жұмыртқаға дейін алады. Бөдененің құс еттері мен жұмыртқалары «Assorti Rancho» мейрамханаларына жеткізіліп тұрады.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округте шаруа қожалықтар қызметінің негізгі түрі – ол, өсімдік және мал шаруашылығы болып табылады.

Округ бойынша жер көлемі - 7915 га, ауыл мақсатындағы жер көлемі- 6459 га, оның ішінде - 5848 гектар егістік, 497- га жайылым, 88 га- шабындық және 120 га -көп жылдық екпелер бар.

Округ бойынша 200 -ауылшаруашылық техникалары бар оның ішінде: 2- комбайн, 123- трактор, 75- басқа да өздігінен жүретін техникалар.

Өсімдік шаруашылығы бойынша «Айдарбаев» шаруа қожалығы 57 га, «Хайдаров» шаруа қожалығы 13 га жерге алма бағын отырғызса, «Malin Almaty» жеке кәсіпкері 20 га, Джамалбекова» шаруа қожалығы 50 га, «Apple World» ЖШС 50 га жерге таңқурай көшеттерін екті.

Сонымен қатар округімізде мал шаруашылығы да жақсы дамуда. Ауылдық округ бойынша: ірі қара мал саны -2059 бас, ұсақ-мүйізді мал 2102 бас, жылқы 310 бас, шошқа 504 бас, түйе 3 бас, құстың барлық түрі 12257 басты құрады. Округіміздің ең ірі шаруа қожалығы - «Айдарбаев» шаруа қожылығы болып табылады. 2018-2019 жылдарда «Айдарбаев» шаруа қожылығы 300 басқа арналған бордақылау алаңын және 250 басқа арналған сүт тауарлы фермасының құрылысын аяқтады. Қазіргі таңда құжаттары дайындалып жатыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін 300 бас ірі қара малды әкелу жоспарлануда. Бүгінгі күні аталған шаруа қожалығында 1047 бас ірі қара мал, оның ішінде 560 аналық бас бар. Күніне 10 тоннаға дейін сүт өндіреді.

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Су құбыры желілерінің ұзындығы - 24 км құрайды. Алайда Саймасай ауылының су құбыры желілерінің 8 шақырымы қанағаттанарлық емес. Сумен қамтамасыз ететін мекеме «Саймасай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ. Су жүйесі орталықтандырылған. Абонент саны 6462 адам немесе 1562 үй. Округ бойынша барлық әлеуметтік объектілер қосылған. Су жүйесі тозған, қайту құру жұмыстарын қажет етеді.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ауылдық округ бойынша 86,4 км электр желілері бар. Тозу пайызы 70 пайыз. Электр қуатымен қамтамасыз ететін мекеме «АЖК» АҚ.

ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

Ауылдық округтің жолдардың жалпы ұзындығы 43,1 км. Оның ішінде: 19,7 км асфальтталған, 23,7 км – жақсы деңгейде, 15 км – қанағаттарлық және 4,4 км – қанағаттандырылмаған.

2018 жылы Саймасай аулында жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат мөлшері – 18600 мың теңге құрады.

БІЛІМ БЕРУ

Округтің білім беру жүйесінде 2 орта мектеп бар. Округ аумағында жалпы мектеп жасындағы балалар саны- 1456, мектеп жасына дейінгі балалар саны-803, оның ішінде 145 бала балабақшамен қамтылған.

1974 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі салынған. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сыйымдылығы 640 орын. Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте 1022 оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі шағын орталығында-25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі оқушылар саны-96 оқушы.

Садыр атындағы орта мектебінің құрылысы 1987 жылы салынған. Сйымдылығы -624 орын. Қазіргі таңда Садыр атындағы орта мектебінде 314 бала білім алуда. Мектепке дейінгі шағын орталығында-25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі оқушылар саны-34 оқушы. Аталған мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет.

Биыл Саймасай ауылында орналасқан А.Байтұрсынов атындаға орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық- сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 499 185 мың. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізулуде. Аяқталу мерзімі желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Саймасай ауылында 2 бала бақша жұмыс істеп жатыр. Ол «Айза» және «Дана» бала бақшалары. Сонымен қатар, «Балапан» бағдарласы шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде «Зубаршаева» жеке кәсіпкер Амангелді ауылында 140 орынға арналған бала бақшаның құрылысын жүргізіп жатыр. Құрылыс құны- 100 млн.теңге. Аталған нысанды қолданысқа беру ағымдағы жылдың аяғына дейін жоспарланған. Округте 3-6 жасқа дейінгі балалар саны -405 бала. Олардың ішінде мектепке дейінгі біліммен қамтылғандар -325 бала, немесе 80,2 % құрайды.

Жалпы мектептерде 8 интерактивті тақталардың саны 8, оның ішінде: Саймасай ауылындағы А.Байтұрсынов мектебінде – 5, Амангелді ауылындағы Садыр мектебінде – 3.

Мультимедиалық кабинеттер саны – 4, оның ішінде: Байтұрсынов мектебінде – 1, Садыр мектебінде – 3.

Жалпы компьютерлер саны – 98, оның ішінде: Байтұрсынов мектебінде – 63, Садыр мектебінде – 35.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункті бар.

Саймасай ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория 1962 жылы салынған. 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен. Барлық дәрігерлер саны- 6, орта медициналық қызметкерлер саны- 16.

Амангелді ауылында орналасқан фельдшерлік- акушерлік пункт 1966 жылы салынған. Күрделі жөндеуден өткен жоқ. Орта медициналық қызметкерлер саны- 2.

Саймасай ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясы Саймасай, Ташкенсаз, Балтабай, Ақши және Бәйдібек би ауылдық округтерінің халқына тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсететін болды. Бұл мақсаттарға 4 бірлік фельдшер және 4 бірлік жүргізушіден тұратын қосымша штат бөлінген.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Саймасай ауылдық округі бойынша мәдениет үйі жоқ.Амангелді ауылында орналасқан Садыр атындағы орта мектептің шағын спорт алаңын аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аббаттандыру жұмыстарына 10 млн. теңге қаржы бөлінген.

Жүйелі спортпен шұғылданатын адамдардың пайызы 25% немесе 1615 адам құрайды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Округте жалпы - 1562 аула, 1596 - отбасы бар. 171- отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны- 3880. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны- 3735, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар- 1096, жұмыссыздар саны- 145, оның ішінде жұмыспен қамту орталығына тіркелгендер саны- 29 адам. 7 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жұмыссыздық деңгейі -3,7 %.

2018 жылы туылғандар саны-113, қайтыс болғандар саны- 45адам.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Саймасай ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер мен тәуекелдер туралы қысқаша түсініктеме:

  1. Саймасай ауылының электр сымдарының ұзындығы 18,6 шақырым жерді құрайды.   Ауылдың электр сымдары тозып кеткен. Сондықтан оларды ауыстыру қажеттілігі туындап тұр. Қажетті сома - 110 млн. теңгені   құрайды.
  2. Саймасай ауылының орталық су құбырының жалпы ұзындығы 24 шақырым жер. Ауылдың орталық су құбыры 40 жылдан бері ауыстырылмаған. Осыған баланысты ұзындығы 8 шақырым болатын су құбырын күрделі жөндеуден өткізу қажет етеді. Қажетті сома – 120 млн.теңгені құрайды.
  3. Саймасай ауылының ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 29,2 шақырым жерді құрайды. 15,7 шақырым жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қажетті сома 160 млн.теңге.
  4. Саймасай ауылындағы ішкі жолдардың жалпы ұзындығы 29,2 шақырым жерді құрайды. Ауылдың бірде-бір көшесі жарықтандырылмаған. Ұзындығы 29,2 шақырым болатын көше жарықтандыруды қажет етеді. Қажетті сома – 150 млн. теңгені құрайды.
  5. Саймасай ауылдық округінің Амангелді ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті ескіріп тұр. Соған байланысты жаңадан дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындап тұр. Қажетті сома- 120 млн. теңгені құрайды.
  6. Амангелді ауылының ішіндегі топырақ жол да сәйкес келмейді. Қажетті сома -50 млн.теңгені құрайды, жалпы ұзындығы 15 шақырым.
  7. Саймасай ауылына участкелік полиция пунктің құрылысын жүргізу қажет. Сомасы – 30 млн.теңге.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары арасында білім алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Тұрақты     Тұрақты
1.2 Саймасай ауылындағы А.Байтұрсынов орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу   499 185,0 ЖБ 2019
II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2.1 Амангелді ауылында ДА құрылысын жүргізу   120000,0 ЖБ 2021
III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
3.1 Электр желілерінауыстыруға ЖСҚ дайындау   7 000,0 ЖБ 2020 ж
3.2 Саймасай ауылындаэлектр желілерін ауыстыру   110 000,0 ЖБ 2021 ж
3.3 Су жүйесінің қайтақұру жұмыстарынжүргізуге ЖСҚдайындау   10 000,0 ЖБ 2020 ж
3.4 Саймасай ауылндасу жүйесінің қайтақұру жұмыстарынжүргізу   120 000,0 ЖБ 2021 ж
3.5 Саймасай ауылындакөшелерді жарықтандыру   110 000,0 ЖБ 2021 ж
IV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
4.1 Саймасай ауылындаішкі жолдардыңағымдағы жөндеужұмыстарын жүргізу   160 000,0 ЖБ 2021 ж
4.2 Амангелді ауылындаішкі жолдардыңағымдағы жөндеужұмыстарын жүргізу   50 000,0 ЖБ 2021 ж
V. БАСҚАЛАРЫ
5.1 Саймасай ауылындатіректі полицияпунктің құрылысынжүргізу   30000,0 ЖБ 2021 ж

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру