Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСаймасай а/о«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 2019

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 2019

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
№12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде, Саймасай ауылдық округі әкімінің 2019
жылғы 30 сәуірдегі № 23 «Н» өкімімен құрылған жұмыс тобы сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – ағымдағы жылдың 1 тоқсаны аралығы.
Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей нормативтік
құқықтық актілер қарастырылды:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,
Қазақстан Республикасының Заңдары «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29
желтоқсандағы №152 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6
қазанындағы №568 қаулысымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді
рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары»,
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы
басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын»
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703
қаулысы, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18
желтоқсанындағы № 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларды
өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің
2014 жылғы 4 желтоқсанындағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің
атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі», Қазақстан Республикасы
Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсанындағы №648 бұйрығымен
бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», Еңбекшіқазақ
ауданы Әділет басқармасында тіркелген, 2018 жылдың 12 қаңтарындағы №13
қаулысымен бекітілген «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің ережесін қызметкерлер қызметте басшылыққа алады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкім аппаратының лауазымды
тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды
тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі
жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен
нормалардың болуы анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті
қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің
штаттық саны – 14 адам. Соның ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер саны –
8 адам. Қызметкерлердің бір-біріне туыстық қатынасы анықталмаған.
Екі мемлекеттік әкімшілік қызметкер өз өтініші негізінде жұмыстан
босатылған. Топтық ауысу болмаған және мүдделердің қақтығысы тірмелмеген.
Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер біліктілік талаптарға сай.
Ішкі талдау барысында заң бұзушылықтар анықталмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі бойынша – 8 қызмет
көрсетілді.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі
бойынша - қызмет көрсетілмеген.
- Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру қызметі бойынша
–қызмет көрсетілмеген.
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру қызметі бойынша – қызмет көрсетілмеген.
- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату қызметі
бойынша- қызмет көрсетілмеген.
- Сауда саттықты (конкурсатрды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі бойынша – 1
қызмет көрсетілді.
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою қызметі бойынша- қызмет
көрсетілмеген.
Мекемеде қызмет берушілерге мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен
регламенттер, өтініш бланкілерінін үлгілері арнайы стендте ілінген. Әр
мемлекеттік қызмет түріне мамандар бекітілген және бұл сала бойынша
жүргізілген жұмыстары үнемі бақылауда.
Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтерге қатысты
мәліметтер мен ақпараттар мерзімді баспасөз беттерінде және Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігінің ресми сайтында жариялануда.
Есепті мерзім кезінде ауыл әкімімен 15 шешім және 28 өкімі қабылданды.
Оның ішінде 7 өкім жеке құрам, 6 өкім азаматтық жеке құрам, 15 өкім негізгі
қызмет бойынша, жеке тұлғалардан 26 өтініш түсіп, заңды тұлғалардан өтініш
түспеді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты өтініштер тіркелген жоқ. Өтініш
қарау мерзімі бұзылмаған. Келіп түскен өтініштер уақытымен веб-еуол
программасына енгізіліп, аудандық әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз
ету және бақылау бөліміне айлық, тоқсандық есептер уақытылы тапсырылып
отырады.
Прокурорлық қадағалау актілері округ әкімінің аппаратына түспеген.
Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі Қазақстан Республикасының
заңнамалардың талаптарына сәйкес жоспарға сай жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы
№986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында
бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған.
Жоғарыда аталған негізінде, жұмыс тобы «Саймасай ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша ішкі талдау
жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытынды
жасады.
 
Ұсыныс: Аппарат қазметкерлерінің кәсіби дайындығы деңгейін арттыру.
Саймасай ауылдық округі
әкімінің орынбасары Д.Тулебаева
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы –
салық жөніндегі инспекторы
Б. Нұрсалимов
Саймасай ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы
Б. Жайнакова
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру