Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСаймасай а/оСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Саймасай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

2017 жылдың 11 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығымен бекітілген, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы қараша айының 24- 30күні аралығында жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімінің 2017 жылғы 24 қарашасындағы № 59»Н»     өкімімен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей нормативтік құқықтық актілер қарастырылды:

         Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» , «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік сатып алу туралы»,  Қазақсатан Республикасының  Заңдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының  2015 жылғы  18 желтоқсанындағы № 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларды өтініштерін есепке алу қағидалары»,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылғы 22 желтоқсанындағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттама басқарудың үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы №144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазанындағы №568 қаулысымен беітілген,Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің  2014 жылғы 4 желтоқсанындағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алуды» жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы №648 бұйрығымен, 2016 жылы 11 тамызындағы Еңбекшіқазақ ауданы Әділет басқармасында тіркелген «Саймасай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін, қызметкерлер қызметте басшылыққа алып жұмыстанған.

         Ауылдық округ әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің штаттық саны 15. Соның ішіде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер – 8. Қызметкерлердің  бір-біріне туыстық қатынасы анықталмады.

         Жыл басынан  мемлекеттік қызметшінің алтауы аттестациядан өтіп, «Атқарылған лауазымына сәйкес» деген коммиссия шешімінің оң қорытындысын алған. Екі қызметкер бала күтіміне және жалғыз басты ана болғанына байланысты аттестациядан босатылды. Екі мемлекеттік әкімшілік қызметкер өз өтініші негізінде жұмыстан босатылған. Алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге тәлімгер бекітілген. Топтық ауысу болмаған және мүдделердің қақтығысы тірмелмеген. Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер біліктілік талаптарға сай.

         Ішкі талдау барысында заң бұзушылықтар анықталмаған, екі мемлекеттік қызметшіге өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза тағайындалып, бір қызметкердің ескертуін мерзімінен бұрын алынған.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

         - Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама бер» - 18 өтініш тіркелді.

         -  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2 өтініш тіркелді.

         - Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 8 өтініші тіркелген.

         - Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру – өтініш тіркелген жоқ.

         - Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу –  өтініш тіркелген жоқ.
         - Сауда саттық (конкурсатрды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 12 өтініш тіркелген.
           - Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберүшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою - өтініш тіркелген жоқ.

         Мекемеде қызмет берушілерге стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының номерлері, өтініш бланкілерінін үлгілері көрсетіліп ілінген. Әр мемлекеттік қызмет түріне мамандар бекітілген және бұл сала бойынша жүргізілген жұмыстары үнемі бақылауда. Әр тоқсанда баспа сөзге хабарландырулар мен  Еңбекшіқазақ ауданының сайтына керекті деректер жарияланып  отырған.

         Есепті мерзім ішінде ауыл әкімінің 59 шешімі, 102 өкімі қабылданды. Соның ішінде 42 өкім жеке құрам, 60 өкім негізгі қызмет бойынша, жеке тұлғалардан 130 өтініш, заңды тұлғаларда 2 өтініш тіркеліп. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты өтініштер теркелген жоқ. Өтініш қарау мерзімі бұзылмаған. Келіп түскен өтініштер уақытымен веб-еуол программасына енгізіліп, аудандық әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөліміне айлық, тоқсандық есептер уақытында тапсырылып отырған.

         Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі жоспарға сай, заң талаптары сақтала отырып, ашық электрондық конкурспен, баға ұсынымдарының сұранысы және бір көзденалу тәсілімен шартты тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылады.

         «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар ауыл тұрғындарына таратылған және плакаттар көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда орнатылған.

         Жоғарыда аталған негізінде, жұмыс тобы «Саймасай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың 11 айы мерзімінде ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытынды жасады.

Ұсыныс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар, құқықтық оқулар өткізуді ұсынамыз

          

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру