Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСөгеті а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сөгеті ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

(аудан және облыс атауы)

2019-2021 жылдарға

Әзірлеуші: «Сөгеті ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматыоблысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылдық округінің дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Сөгеті ауылдық округі 1964 жылы құрылған;

-халық саны-3418 адамды құрайды;

- ауылдық округтің құрамына:

1) Нұра ауылы (ауылдық округ орталығы);

2) Көкпек ауылы

-округ аумағы-70821га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы-2013 жылы құрылып оларға өкілетік берілген;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны-17 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Сөгеті ауылдық округі бойынша әлеуметтік-экономикалық

дамуды талдау 2019 жыл 1 шілде

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Сөгеті ауылдық округінде 2019 жылғы 1 қаңтардағы есеппен халық саны 3418 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 12 ЖШС, 287 ШҚ тіркелген және 16 жеке кәсіпкер халыққа қызмет көрсетеді.

Бюджет және меншікті кірістер

2018 жылы ауылдық бюджетке өз кірістерінің жоспары 89% орындалды, жоспар бойынша 11 648 мың теңге түскені 10 385 мың теңге. 2018 жылыдың шығындары 96,57% орындалды, жоспар бойынша 25 262 мың теңге 24 397 мың теңге жұмсалды.

Өнеркәсіп

Округте өнеркәсіп дамымаған, ауыл тұрғындарының басты кәсібі мал шаруашылығы және егін шаруа қожалығымен айналысады.

Алайда биылғы жылға алдымызда үлкен жоспар мен міндеттер тұр. 1) Округке «ЖШС КЗАКонстракшн» Компаниясы арқылы 500 га жер көлеміне күн көзінен қуат алатын (200 МВТ) батареялар орнатылмақ. Ауыл тұрғындарына жұмыс орындарының ашылуына үлкен себеп және мүмкіндіктер пайда болады. 2) ЖШС «Жетісу Вольфрамы» округімізге 336,0 га жер көлеміне Вольфрам өндіру және вольфрамды өңдеу зауытының құрылысы басталып, 400-500 көлемінде жұмыс орындары ашылғалы тұр.

Кәсіпкерлік

Округте 12-ЖШС, 287-ШҚ, 16-жеке кәсіпкер тіркелген. Нұра ауылында жиһаз цехы, 2 шаштараз, мал азығын дайындау цехы жұмыс істейді. Онда 48 азамат жұмыспен қамтылған,пластик материалдардан жасалған есік-терезе жасайтын цех ашылды. 5 адам жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы біздің округтің негізгі саласы болып табылады. Округтің жалпы аумағы 70821 га, ауылдық жерлер-4990 га, ауылшаруашылық жерлер-65831 га, оның ішінде: егістік-2148 га, жайылым-63521 га.

Округте 2019 жылдың 1 шілдесіне ІҚМ-1891 бас (ет бағытындағы), оның ішінде 52 бас асыл тұқымды. Ұсақ мал-20445 бас, жылқы-978 бас және құс-5960 бас.

Округте ауыл шаруашылық саласын тиімді дамыту үшін 26 бірлік техника тіркелген. Оның ішінде 14-трактор, 4-Зил, 8-Газ 53.

2018 жылдың қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарынан орта есеппен 250 млн теңге салық түсті.

Электр және жылу, сумен жабдықтау

Округте орталықтандырылған электрмен жабдықтау бар, ауыл ішінде ЭБЖ ұзындығы-142,23 км, оның ішінде Нұра ауылы – 109,73 км, тозуы – 70%. Көкпек ауылы-32,5 км, тозуы-65%.

Округ бойынша сумен жабдықтау түрі орталықтандырылған. Су алу көзі жер асты. Кентішілік су құбыры жүйесінің ұзындығы 4 км. оның ішінде Нұра ауылы-4 км. оның ішінде Нұра ауылында 1,8 км жұмыс істейді. Орталық сумен жабдықтауды пайдаланатын тұрғындар саны-3329 адам, оның ішінде су тарату колонкасын пайдаланады – 678 адам. Сумен жабдықтау жүйесінің салынған жылы – 1983 жыл. Сөгеті ауылдық округінің меншігінде. Округте барлық тұрғын үйлер автономды жылумен жабдықталған.

Көлік және коммуникация

Округтегі автомобиль жолының ұзындығы 18 шақырымды құрайды. Оның ішінде қатты жабыны бар-13,3 км топырақ-4,7 км. Округ көшелері 73,9% - ға немесе 13,3 км-ге ғана асфальтталған. 2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Нұра ауылындағы жөндеуге қажет ететін көшелерге 6 млн қаражат бөлініп, нәтижесінде Нұра ауылындағы Абай көшесі (2000 кв.м) асфальтталды, 2019 жылы , Молдағұлова, көшесіне сұраныс беріліп, 10 млн 500 қаражат бөлінді. Биылғы жылы асфальттауға жопарланып отыр.

Білім беру

Округ бойынша 1176 орындық О. Жандосов атындағы мектеп-интернат қызмет етеді.Мектепте 440 оқушы оқиды. Округте 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 223 адам, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен-185 адам немесе 83,0%, мектеп алды 65 адам, 6-10 жас аралығындағы балалар саны-307 адам, 11 жастан 14 жасқа дейінгі балалар саны-164 адам, 15 жастан жоғары балалар саны-103 адам. Мекеме 1984 жылы салынып, 2015 жылы толық күрделі жөндеуден өтті. Мектепте интерактивті тақта -1, мультимедиялық кабинет-1. Жылыту түрі-автономды.

140 орындық «Нұр» бала-бақашасында, 2010 жылы ғимарат тұрғызылған. Бүгінгі күні 120-дан аса бүлдіршіндер тәлім-тәрбие алады. Ата-аналар олардың тек қана тамағына ғана ай сайын 9 мың теңге төлейді. Басқа шығындардың барлығы аудандық бюджеттен қаржыландырылады. Жас бүлдіршіндер үшін бала-бақшада қаладағыдан кем емес, барлық жағдайлар жасалған. Ұйықтайтын, ойнайтын, гимнастика және музыка бөлімдері, спорт залы, асхана т.б бөлмелер қамтылған.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округ бойынша Нұра ауылында дәрігерлік амбулатория, Көкпек ауылында фельдшерлік пунк қызмет етеді. 1982 жылы тұрғызылған, 2007 жылы жөндеуден өткізілген. Арнайы көлікпен науқастар аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округ аумағында жалпы білім беретін мектепте тек бір спорт залы бар. Жастарды спорттық өмір салты мен мәдени мұраға тарту үшін спорт объектілерін салу, сондай-ақ демеушілер мен меценаттарды тарту қажет.

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны өсуде, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 1025 адамды немесе 30% құрады.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша ауылдық округтің жалпы саны – 3418 адамды құрады. Соның ішінде Нұра ауылында – 3329 адам, Көкпек ауылында-89 адам. Халықтың жалпы санынан 48.4% немесе 1656 адам ерлер, 51.6% немесе 1762 адам әйелдер. Халықтың экономикалық белсенді саны барлығы 2063, оның ішінде Нұра ауылы – 2023 адам, Көкпек ауылы – 40 адам. Соның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 1920 адам, Нұра ауылы-1895 адам, Көкпек ауылы-25 адам. Оның ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар-716 адам, Нұра ауылы-695 адам, Көкпек ауылы-21 адам, жұмыссыздар-143 адам, оның ішінде Нұра ауылы-128 адам, Көкпек ауылы-15 адам. Соның ішінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны-31 адам, Нұра ауылында-24 адам, Көкпек ауылында-7 адам.

Қоғамдық қауіпсіздік

Учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 115 шақырым жерде орналасқан.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

-   Ауылдағы ауыз су құбыры жүйесі, 2 скважина 1968 жылы пайдалануға берілген, әбден ескірген, жиі жарылады. Су құбыры жүйесіндегі калонкалар (678 су калонкасы) толық істен шыққан. Суды жоғарғы көшелерге толық шығару мүмкін болмай отыр. Су құбырлары күрделі жөндеуді қажет етеді.

- Сөгеті ауылдық округі бойынша ішкі көшелердегі жолдар 12,98 шақырымды құрайды. (Округ бойынша 18 көше) Оның ешқайсысы жарықтандырылмаған.

     -    Округіміздегі дәрігерлік амбулатория және учаскелік плиция пункті техникалық жағдайға сәйкес келмейді. Әкім аппараты, дәрігерлік амбулатория, учаскелік полиция бір мекемеде орналасқан.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.1 Санитарлық тазалық

2019 ж

2020 ж

2021 ж

801,0

829,0

858,0

Жергілікті бюджет

2019 ж

2020 ж

2021 ж

 
1.2 Көгалдандыру мен абаттандыру

2019 ж

2020 ж

2021 ж

500,0

518,0

536,0

Жергілікті бюджет

2019 ж

2020 ж

2021 ж

 
1.3 Жерлеу және жерлеу орындарын күтіп ұстау

2019 ж

2020 ж

2021 ж

121,0

126,0

130,0

Жергілікті бюджет

2019 ж

2020 ж

2021 ж

 
II. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2.1 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2019 ж

2020 ж

2021 ж

10 500,0

10 867,0

11 247,0

Жергілікті бюджет

2019 ж

2020 ж

2021 ж

 
               

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Сөгеті ауылдық округінің әкімі                                                  Е.Дауткулов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру