Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСөгеті а/оҚазақстан Республикасы Президенті жолдауының іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Сөгеті ауылдық округ

Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Сөгеті ауылдық округ

Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының
іске асырылуы туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Сөгеті ауылдық
округі тұрғындарымен талдау жиналысының
№ 1 ХАТТАМАСЫ
Нұра ауылы 10 қаңтар 2019 жыл
Жиналыс төрағасы : Е.Дауткулов – округ әкімі
Жиналыс хатшысы : Е.Курманбаев – округ әкімі аппаратының бас
Жиналысқа: Сөгеті ауылдық округі бойынша әкімі аппаратының мамандары,
ауыл тұрғандары, мекеме, кәсіпорын басшылары, қауымдастық мүшелері,
ауыл жастары, әйелдер кеңесінің мүшелері, көше комитеттері, шаруа
қожалық басшылары – 35 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын талдау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша округ әкімі Е.А.Дауткулов, жолдау
бойынша түсініктеме жасады. Өз сөзінде: биылғы жылғы Елбасы
Жолдауының маңызының өте зор екенін айта келе, жолдаумен таныстырды.
Елбасы Жолдауын әрбір Қазақстандыққа түсінікті түрде жеткізу, оның
орындалуына барынша ықпал жасауға сіздер мен біздің негізгі
міндеттеріміздің бірі болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев өз сөзінде:
Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері
күшейе түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Мызғымастай көрінген
жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері
бұзылуда. Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек
ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды
күрделендіруде. Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде. Бұл
орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа
«сабын көбігін» үрлеуде. Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар
тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және
мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму
мәселесі болып отыр.
Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның
басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет. Қазақстандықтардың әл-
ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс.
Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке
лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын.
Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты
өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты.
Сөз сөйлегендер:
Атамкулов Е. – Нұра ауылының тұрғыны кәсіпкер, бүгінгі күні
талқыланып отырған Елбасымыздың Жолдауы – бұл Қазақстанның
экономикалық дамуының құжаты, себебі, бұл жолдаудың бір бөлігі – еңбек
өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын
2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мемлекеттік қолдаудың барлық
шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға
бағыттау. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл
шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды
адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін
пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа
дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн – деп,
дәйек етіп айтып кетті Елбасымыз мен осыған қосыламын және сіздерді де
осы жодлаудың іске асуына атсалысуға шақырам.
Ы.Т.Салманов – О.Жандосов атындағы мектеп – интернатының
директоры, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 –
қазандағы халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілеген 6 тармағы
бойынша округ көлеміндеде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Бұл
Жолдау «Қазақстан – 2050» стратегиясымен «100 нақты қадам» Ұлт
жоспары, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» негізінде іске асырылады.
Жиналыс қаулысы:
1.Қазақстан Республкасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының
төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын округ тұрғындарының
арасында талқылап, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
2.Елбасы жолдауының округ жастары арасында түсіндіріліп, кеңінен
таратылуы бойынша іс – шаралар ұйымдастыру Сөгеті ауылдық округі әкімі
аппаратына тапсырылсын.
Жиналыс төрағасы Е.Дауткулов
Жиналыс хатшысы Е.Курманбаев
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру