Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыСөгеті а/о Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

Нұра ауылы                                                                                           24.06.2019ж

Кіріспе бөлім

Сөгеті ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» 2019 жылдың 24 маусым № 19 өкімі негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға 2019 жылдың I-тоқсаны қамтылды. Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы №815 қаулысымен бекітілген «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

1.«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде кадр қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бойынша.

2.1.«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің 2019 жылдың 1 қаңтардағы бекітілген штат кестесіне сәйкес 13 адам құрайды. Қазіргі таңда бос орындар жоқ. Теріс қылық жасағаны үшін босатылғандар жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша.

   Сөгеті ауылдық округі аумағында Мемлекеттік корпорацияның мобильдік тобы Нұра ауылына келіп азаматтарды қабылдайды. Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 7 түрі көрсетіледі.

  1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» -0,
  2. «Өтініш берушінің (отбасының ) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» -0,
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1,
  4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» -,
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»-0,
  6. «Бұрынғы жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»-0,
  7. «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -0,

2019 жылдың 1 Сәуіріне дейін жеке тұлғалардан -1 өтініш, жеке қабылдау-4.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініщтерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауптар берілді.

Ауылдық округтің бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

        2019 жылдың өткен уақытта жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Сөгеті ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.

   Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентерінің бұзылуын алдын алу бойынша аулдық округі әкімі аппараты тарапынан «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтында ақппараттар үнемі жарияланып отырады. Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін маманды бекіту жөніндегі тиісті нормативті актісі қабылданды. Халықты хабардар ету үшін Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында – қызмет берушіде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондардың нөмерлері, өтініш бланкелерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

   Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен бірлесіп ай сайын ауылды аралап қызмет көрсетеді.  

   Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

   Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізуді және жауапкершіліктерін күшейтуді.

   Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде.

     Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар, хабарландырулар және мәліметтер).

5.Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық- басқару қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.

5.1. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың   өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына   сай жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп және есепке алынады. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтінішерін қарау бойынша заң бұзушылықтар жоқ екендігі анықталды.

     Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес   жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.

Қорытынды бөлім

         Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып Сөгеті ауылдық округі әкіміне ұсынамыз:

1. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жұмыс жүргізілсін.

2. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің саны толық.

3. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін стандарттары мен регламенттері қатаң сақталып бақылауға алынсын және жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылсын.

4. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін және бақылауға алынсын.

5. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтіншерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.

6.Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі аппаратына берілсін.

Сөгеті ауылдық округі әкімі                                            

Е.Дауткулов


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

       Сөгеті  ауылдық округі бойынша нақты жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны 7. Аталған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарының негізінде жүзеге асырылады.

        Жалпы 2018 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

       Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жеке мүлік және табысы туралы ақпаратты өткізулері үнемі қадағаланып, аудан әкімі аппаратына ақпарат беріледі.

       Сөгеті  ауылдық округі әкімі аппараты қызмет көрсетуші жұмысын жасайды.  Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

       Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

       Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 8 түрі көрсетіледі.

       2018 жылға Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының медиа-жоспары бекітілген (мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі БАҚ-да  басылымға шығу).

       2018 жылдың өткен уақытта жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген

мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ.

        Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бұзылуын алдын алу бойынша ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан «Еңбекшіқазақ» газетіне мақалалар, аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар үнемі жарияланып отырады. Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін маманды бекіту жөніндегі тиісті нормативті актісі қабылданды. Халықты хабардар ету үшін Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында – мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттары мен регламенттері, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер бірінші қабатта ілінген.

         Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

        

Сөгеті ауылдық  округінің  әкімі                                     Е.Дауткулов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру