Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыРахат а/о2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қауымдастықтың жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ _____

«   » _____________20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

(ауылдық округтің атауы)

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ

(ОБЛЫС АТАУЫ МЕН АУДАННЫҢ АТАУЫ)

2019-2021 ЖЫЛДАР

Дайындаушы: «Рахат ауылдық

окргінің әкімі аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама атауы 2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің даму бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер

-Рахат ауылдық округі 1933 жылы құрылған;

- адам саны - 2019 жылдың 1 қаңтарына 25356 адамды құрайды;

-Ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдар саны – 4, олар: Қайназар ауылы (округ орталығы), Рахат ауылы, Өрікті ауылы, Азат ауылы;

- Ауылдық округтің жер көлемі -8969 га-ны құрайды;

- Жергілікті қауымдастықтың құрылған күні 2014 жылдың 22 шілдесі. Оның сайланған уақыты – 5 жыл;

- Жергілікті қауымдастықтың мүшелерінің саны – 35.

II. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДЫҢ АНАЛИЗІ

2.1 Рахат ауылдық окургінің дамуы

2019-2021 жылдарға арналған Рахат ауылдық округінің жергілікті қауымдастықты дамыту бағдарламасы ауыл тұрғындарына және округ маңында орналасқан елді мекендерге қолайлы жағдай жасауы үшін қарастырылған.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы адам саны - 25356 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 18 –ЖСШ, 561- ШҚ, 3- өндірістік кооператив және 209- ЖК тіркелген.

Бағбаншылық, егіншілік, өсімдік шаруашылығы және де мал шаруашылығы Шаруа қожалықтарының басты бағыты болып табылады.

Өндірістік өнеркәсібі

Барлығы 4 өндірістік өнеркәсібі бар. Ауылдық округтің өндірістік өнеркәсіптері даму үстінде, бірақ қазіргі уақытта ауыл шаруашылық саласы экономиканың басымырақ саласы болып саналады. Округіміздің аумағындағы үлкен кәсіпорын жұмыс жасайды. Ол Өрікті ауылындағы ЖШС «Дионис» - вино мен коньяк өндірісімен айналысады. Ол 47 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Округіміздің территориясында өндірістік өнеркәсіптен бөлек құрылыс материалдарын да шығаратын өндірістік орындар да бар. Мысалға ЖШС «КазСтрой», ЖШС «Құрылыс көмек», ЖШС «Интелект Сервис», ЖШС «Кайназар». Барлық жұмыс жасайтын адам саны 1000 адам. Шығаратын өнімдерін (құрылыс материалдары) жергілікті құрылыс компаниялары мен басқа аудандарға да экспортқа шығарылады.

2020-2011 жылдары округ аумағында бетон және кірпіш, яғни 2 өндіріс орындарының ашылуы жоспралануда. Жуықтап 50 жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы

Округтің жалпы аумағы 8969 га–ны құрайды. Оның 3733 га ауылдардың орналасқан жері, 5236 га ауыл шарушалағана арналған жер көлемі. Ауыл шарушалағана арналған жердің құрамына: 3392 га егіндік (2631 га – суармалы жерлер) 83 га шабындық және 1129 га жайылым жерлер.

Ауылдық округ аумағында ауыл шарушалақ саласын дамыту мақсатында 213 ауыл шаруашалақ техникасы тіркелген. Оның 2 Комбайн, 91 трактор және 120-сы басқа да өзі жүретін ауылы шаруашылық және жол-құрылыс машиналары.

Ауылдық округ аумағында бақтар саны көбеюде және теплица шаруашалқтары дамуда. 2018 жылдың қорытындысы боынша бақтар көлемі 600 га-ды құрады.

Алма бақтарының көбеюі округіміздің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Жаңа жұмыцс орындары құрылады, сонымен қатар округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Округте бақтардан басқа дәнді – дақылдар, көкөністер және көпжылдық шөптер өсіру дамуда.Округ бойынша өсімдік шарушылығымен айналысатын адам саны 1200. Көп тараған дәнді-дақылдардың түрлері: кукуруз, соя, қартоп тұқымдары, көкеністер болып табылады.

Теплица шарушылықтарын дамыту округіміздің басты міндеттердің бірі. 2020-2021 жылдар аумағымызда ЖШС «ЖамиАгро» 15 га жерге теплица құруды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 5 млрд.тенге құрап отыр. 30 жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар, өздерінің қосалқы шарушылығы бар ұсақ теплицалар да құрылады.

Мал шарушылығын дамыту үшін, округте жайылым жерлер де аз емес,

2019 жылдың 1 қаңтарында мал саны: ірі қара мал - 4145 бас, (асыл тұқымдылары ) ұсақ-түйек малдар саны 10741 бас, аттар -729, құстар барлық түрі -5827 бас.

Мемлекет тарапынан мал шарушалағына қолдау көрсету мал шаруашалағының дамуына жақсы әсерін берді. Ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары мал шаруашылыған жақсы мәне бере бастады. Шаруа қожалықтары сүтті, етті ірі қара малдарға көп көңіл бөле бастады. Осылай «Усенов » шаруа қожалығы 2015 жылы сүтті бағыттағы 50 бас сатып алды. Қазіргу уақытта мал саны 85 –ке көтерілді. 2018 жылы «Усенов» шаруа қожалығы 114605 литр сүт өнімін шығарды. Сүт өнімі «Фудмастер» компаниясымен және басқа комнапиялармен өңделуде.

Кіші және орта бизнес

Ауылдық округ аумағында кіші және орта өндіріс орындары 791 бірлікті құрайды, оның ішінде 18 –ЖШС, 561 – шаруа қожалығы, 3- өндірістік кооператив және 209 жеке кәсіпкерлер 122 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде: 43 сауда орындары (90 адамды жұмыспен қамтып отыр), 7 тұрмыстық қызмет атқарады (олар 15 адамды жұмыспен қамтып отыр), сонымен қатар 3 тамақтану саласында (17 адамды жұмыспенг қамтып отыр).

Рахат ауылдық округі Алматы-Талгар-Маловодное облыстық жол бойында орналасқан, бұл жол арқылы Түргень шатқалы және Ассы жайлауы сияқты туристік орындарға баруға болады, соның арқасында жол бойындағы қызмет көрсетудің дамуына ықпал етеді. Қызмет көрсету мен сауда саласының дамуына байланысты салық түсімі көбейеді және жаңа жұмыс орындары құрылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестен түскен салық түсімдері 25 миллион теңгеден асты.

Бюджет

2018 жылға бюджет жеке кіріс жоспарын округіміз 130% - ға орындалды, 70 млн.ға жоспарда болса 91 млн. теңге тусті.                    

Оның ішінде 2 миллион 556 мың теңге мүлік салығы,   3 миллин   692 мың теңге жер салығы,   58   миллин 654 мың тенге көлік салығы және   26 миллион   664 мың теңге жеке табыс салығы.

Шығынтар үшін 2018 жылға игерілгені 99 %, жоспар бойынша 80 млн. 815 тенге, жұмсалғаны 79 млн 952 теңге.

Шығындарының жалпы сомасындағы ең көп үлес салмағын мектепке дейінгі білім беруге 8 млн 300 теңге жұмсалды, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына тиесілі 25% . көлік және комуникация 28% құрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 14073 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 13385 адамды құрады, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтығандар - 1323 адам, оның ішінде өнімді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-1413.

2018 жылы жұмыссыздар саны 688 адамды құрады. жұмыссыздық деңгейі-4,2 пайызды құрады.

2019 жылы 1 шілдеге округ бойынша жаңа форматтағы АӘК 879 кедейлік шегінен төмен отбасына тағайындалды. Жалпы сомасы 177 млн. 504 мың теңгеге 879.

Округімізде 630 мүгедек және 1795 зейнеткер тұрады.

Үйде оқитын және мүгедек 58 бала көлемінде 486494 мың теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша ауылдық округтің жалпы халық саны 25356 адамды құрады. Оның ішінде: Қайназар ауылында – 5280 адам, Рахат ауылында – 2566 адам, Азат ауылында – 4496 адам, Өрікті ауылында – 13014 адам.

Халықтың жалпы санынан 47,9 % немесе 12165 ер адамдар, ал 52,1 % 13191 әйел адамдар болып табылады.

           2018 жылы экономикалық белсенді халықтың жалпы саны 14073 адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар - 13385 адам, өзін - өзі жұмыспен қамтығандар - 1323 адам, жұмыссыздар-688 адам.

         Ауылдық округтегі халқының саны Өрікті ауылына іргелес жатқан саяжай есебінен көбейеді. Саяжай Есік қаласынан төмен орналасқан, бірақ Рахат ауылдық округінің құрамына кіреді. Саяжайдың көпшілігі көрші республикалардан келген оралмандар болып табылады. Саяжайда халық санының артуы есебінен мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және т.б. құрылыстар салынуын қажет етеді.

         Ауылдық округ басшылығы ауданның жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Суды бұру және сумен жабдықтау саласы

Ауылдық округтегі сумен желілерінің жалпы ұзындығы 76.5 км. Ортақтандырылған. Су жүйесінің тозуы 60 % құрайды. Ауыз сумен қамтапмасыз ету 100%. 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Азат ауылының сумен желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Өрікті және Рахат ауылдарындағы сумен желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Ағымдағы жөндеу жұмымтарын жүргізу халықты сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету мәселесін толығымен шеше алмайды. Сумен жабдықтаудың жаңа жүйесін қайта құру және салу қажет.

   Электр қуатымен және жылумен жабдықтау саласы

Ауылдық округтегі электр желілерінің жалпы ұзындығы 137 ,76 км. Электр желісінің тозуы 70% - дан асады. КТП/ТП 39 бірлігі бар. Тұрғындарды электр қуатымен қамтамассыз етуде ешқандай үзілістер жоқ.Электр желілерін жөндеу және ауыстыру қажет.

Барлық ауылдарда пошта бөлімщелері бар. Тұрақтандырылған.

2020-2022 жылдары ауылдық округті газдандыру жоспарлануда, бұл экономикалық өсуге, тұрғындарының тұрмыстық жағдайдарын жақсартуға, сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсартуға әкеледі.

Көлік және байланыс саласы

Ауылдық округ ішіндегі жолдарының ұзындығы 67,5 км құрайды, оның ішінде қатты жамылғысы бар 26.8 км. Жол жағдайы төмендегідей: 30,3 км немесе 44,9% жақсы жағдайда 23,8 км немесе   35,2% қанағаттанарлық жағдайда және   13,4 немесе   19,9% қанағаттанарлықсыз. Ауылдық округтің жолдарын жөндеудің барлық түрлері қажет.

Білім беру саласы

Округте алты мектеп жұмыс істейді, оның алтауы да типтік.

  1. Азат орта мектебі 1961 жылы салынған. Типтік ғимарат, Жобаланған сиымдылығы 140 оқушыға арналған. Жылыту түрі - сұйық отын. 1-9  сыныптарда барлығы 274 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны -37.
  2. №1 Азат орта мектебі 2016 салынған, типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 300 орын. Жылыту түрі - сұйық отын. 1-9 сыныптарда барлығы 475 оқушы, мектепке дейінгі балалар саны 48.
  3. Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, 1977 жылы салынған, ғимараттың жобалық сиымдылығы 420 оқушы. Жылыту түрі - сұйық отын, 1-11 сынып, барлығы   950 оқушы. Мектепке дейінгі балалар саны - 98.
  4. Рахат орта мектебі 2010 жылы салынған. Типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 300 орын. Жылыту түрі - сұйық отын. 1-11 сыныптар барлығы   672 оқушы. Мектеп жасына дейінгі балалар саны – 71.

5. Б. Майлин атындағы орта мектеп 2018 жылы салынды, ғимарат типтік, жобалық сиымдылығы 300 орынға арналған. Жылыту түрі – сұйық отын. 1-11 сыныпқа дейін 699 оқушы оқиды.Мектепке дейінгі балалар саны – 102.

6. Рахат №1 орта мектебі 2017 жылы салынған. Типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 600 орынға арналған. Жылыту түрі – сұйық отын. 1-11 сыныпқа дейін 1904 оқушы оқиды.

Округ бойынша оқушылар саны 4830 оқушыны құрайды.

6 мектепте 10 интерактивті тақта, 5 мультимедейный кабинет бар. Мектептер жаңа модификациялық кабинеттермен қамдалған: химия -3. Физика-3, биология -6 кабинеті бар. Бүгінгі күні барлық мектептер интернет желісіне қосылған, компьютер 10 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Мемлекеттік 1 балабақша жұмыс жасайды. «Әдемі» балабақшасы 100 орынға арналған. 1964 жылы құрылып, 80 баланы қамтыған.

Жеке меншік бала бақша саны – 11, 865 баланы қамптиды.

Округ бойынша 3-6 жастағы балалар саны 3085, олардың барлығы 100% мектепке дейін тәрбиемен қамытлған. Ауылдық округ бойынша балаар саны 8965 мың. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны 3096.

Балабақша ғимараттары мемлекеттік стандартқа сай, капиталдық ремонтты қажет етпейді.

2020-2021 жылдары 2 балабақша ашылуы жоспарлануда. Округтегі барлық балаларды қамту үшін.

Денсаулық сақтау саласы

Округ бойынша 4 дәрігерлік амбулатрия жұмыс жасайды.

  1. Азат ауылының дәрігерлік амбулаториясы 2012 жылы салынған. Типтік, 3 дірігер, 10 мед. қызметкелер жұмыс жасайды.
  2. Қайназар ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1989 жылы салынған. 2 дірігер, 12 мед. қызметкелер жұмыс жасайды. 2000 жылы капиталдық ремонт жасалған.
  3. Рахат ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1960 жылы салынған. 1 дірігер, 5 мед. қызметкелер жұмыс жасайды.
  4. Өрікті ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1960 жылы салынған. 2 дірігер, 10 мед. қызметкелер жұмыс жасайды. 2004 жылы капиталдық ремонт жасалған.

2018 жылы 65 бала туылып, 26 адам қайтыс болған.

Дәрігерлік амбулатроия ғимартаттары ескірген, қазіргі деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуге жарамайды. Жаңа құрылыс және капитальный ремонтты қажет етеді.

Мәдениет пен спорт саласы

Ауылдық округіміздің Қайназар ауылында 1 Мәдениет үйі бар. (2015 жылы капиталды ремонттан өткізілген.) және жалпы білім беру мекемелерінде орналасқан   7 спортзалдар бар. Жастарды салауатты өмір салтына баулу және мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу үшін жаңа спорт ғимараттары мен мәдениет үйлерін салу керек, сонымен қатар спонсорлар тарту мәселелері қарастырылу қажет.

Жыл сайын дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адам саны көбеюде. Округ бойынша дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адам саны 4379 немесе 29,0%.

Қиындық тудыратын сұрақтар мен тәуекел

-         Қайназар ауылының ДА (бейімделген ғимарат) құрылысы -130 млн. теңгегені қажет етеді.

-         Қайназар ауылының электр желілерінің жалпы ұзындығы 36 км құрайды. Оның 7,2 км ауыстыруды қажет етеді. Оған қажет ақша 50млн тенгені құрайды.

-         Қайназар ауылының су желілерінің ұзындығы 26 км. Ескіргені - 60% асады. 6,5 км қайта құру және күрделі жөндеу қажет. Қажетті сома - 75 миллион теңге.

     - Қайназар ауылының ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы -22,08 км. Оның тек 2,4 шақырымында ғана көше шамдары жанып тұр. 19,68 км ұзындыққа көше жарығын орнатуды қажет етеді. Қажетті сома 50 млн. теңгені құрайды.

     - Қайназар ауылының ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы -22,08 км. Оның 6,94 км жағдайы жақсы. Қалған 15,14 км аймақтық стандарттар жүйесіне сәйкес келмейді және жөндеуді қажет етеді. Жөндеуге -160 млн. теңге;

       -Қайназар ауылында учаскелік полиция бөлімшесінің құрылысына 30 миллион теңге қажет;

         -Рахат ауылы дәрігерлік амбулаториясының (бейімделген ғимарат) құрылысына -120 миллион теңге көлемінде қажет етеді;

         - Рахат ауылындағы су желілерінің жалпы ұзындығы 13,2 км құрайды. құрығаны 70% -дан асады. 220 млн.теңге сомасына 7,9 км сумен желілерін қайта құру және салу қажет етеді;

         - Рахат кентінің ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы 11,85 км құрайды, оның 6,35 км жақсы жағдайда, ал 5,5 км барлық жөндеуді қажет етеді. Қажетті сома - 75 миллион теңге;

-Өрікті ауылында (бейімделген ғимарат) ДА құрылысын қайта салуды талап етеді 120 млн. теңге қажет;

-Өріктідегі сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 16,3 км. Тозғаны 60% -дан асады. 50 млн.теңге сомасына 4,9 км сумен желілерін жабдықтауды қайта құру және күрделі жөндеуді қажет;

- Өрікті ауылындағы ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 17,48 км құрайды, оның 9,98 км жақсы күйде, 7,5 км барлық жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қажетті сома -75 миллион теңге;

- Азат ауылында су желілерінің ұзындығы 21 км. Тозғаны 60% -дан асады. 50 млн.теңге сомасына 3 км сумен желілерін қайта құру және күрделі жөндеуден өткізу қажет;

- Азат ауылының ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы 16,04 км құрайды, оның ішінде: 11,54 км жақсы жағдайда, ал 4,5 км барлық жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қажетті сома -55 млн.теңге;

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

2019-2021 жылдар

Іс-шара атауы Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі

(мың. тенге)

Қаржыландыру көзі Аяқтау мерзімі
1 2 3 4 5 6
I. Денсаулық сақтау саласы
1.1 Тұрғындар арасында жалпыға міндетті медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

-

қажет емес

-

жыл сайын

II. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
2.1 «Аймақтық дамыту» бағдарламасы аясында су желіліерін жөндеу Рахат және Өрікті ауылдары

Атқарылған жұмыстардың актісі

30 000,0 ЖБ

2019 жылдың мамыр тамыз айлары

III. Мәдениет, спорт жіне туризм саласы
3.1 Жалпы мәдени, спорттық және туристтік іс-шаралар өткізу - Қажет     етпейді - Жыл сайын
IV. Көлік пен байланыс саласы
4.1 Қайназар ауылының жолдарын жөндеу Атқарылған жұмыстардың актісі 19955,0 ЖБ 2019 жыл
V. Басқалары
5.1 Ауыл шаруашалағында КОБ –ның дамуына үлес қосу - Қажет емес - Жыл сайын
5.2 «Аймақты дамыту»   бағдарламсын орындау Атқарылған жұмыстардың актісі 30 000,0 ЖБ 2020 жылдың қаңтар желтоқсан
5.3 ПБП қүрылысы Қызметтік тұрғын үймен үйлестіру Қайназар ауылы Атқарылған жұмыстардың актісі 24718 ЖБ 2020 жыл
5.4 Рахат ауылдық округінң Әкімшілік ғимаратын капиталды ремонттан өткізу Атқарылған жұмыстардың актісі 35 430 ЖБ 2020 года
             

Ескерту: Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуына «Рахат ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ жауап береді.

Рахат ауылдық округінің әкімі                       Ақшабаев Қ.            

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру