Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыРахат а/оРахат ауылдық округі әкімінің 2018 жылдағы атқарылған жұмыстары туралы есесбі

Рахат ауылдық округі әкімінің 2018 жылдағы атқарылған жұмыстары туралы есесбі

Құрметті ауылдастар

Сіздерді Рахат ауылдық округінің 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы баяндама және 2019 жылдың даму жоспары туралы  есеп  беру жұмысымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Уважаемые односельчане

Представляю Вам отчетный доклад социально-экономического развития Рахатского сельского округа за 2018 год и планах развития на 2019 год

            Құрметті ауылдастар! 2018 жыл еліміз үшін қай сала болмасын тағы да бір қарқынды даму жолындағы нақты қадам жасалған жыл болды. Сол арқылы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс деген мақсатына бір табан жақындады десек те болады.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының арттыру» атты 2018 жылғы 05 қазандағы жолдауында айтылғандай,  Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз. Осы байлықты ұстап тұру, оны ары қарай дамыту Сіз бен Біздің қолымызда!

2017 жылғы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» мақаласының аясында көптеген жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл бағдарлама Елбасымыз атап айтқандай «Жаңа компоненттері ата-баларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береде. Осының жалғасы ретінде 2018 жылдың 21 қарашасында Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры атты» бағдарламасының жарық көрді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болуы үшін бұл бағдарлама үлкен серпін береді деген сенімдемін!

Так же нельзя не отметить новую программу «7-20-25» которую 05 марта 2018 года представил глава Казахстана Нурстултан Абишович Назарбаев. Впервые в Казахстане принята жилищная программа, рассчитанная исключительно на превичный рынок от застройщика, которого участник программы выбирает сам. Данное программа позволит бюджетным работником приобрести доступное жилье.

Бүгінде біз  "Қазақстан-2050" Стратегиясының кезекті мәселелерін шешуге талпынуымыз қажет. 2018 жыл округ тұрғындары үшін жақсылыққа толы жыл болды деп ауыз толтырып айтуға болады. Атап айтсақ:

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ

Округімізде ауыл шаруашылығына арналған 8169 га жер телімі бар. Жайылым жерлер - 4224 га. Оның ішінде: суарылатын - 3375 га, шабындық - 83 га, жайылым -1003 га. Есепті кезеңде өңделген жерлер 2761 га-ды құрап отыр (2017 жылы 2703 га). Өңделген жерлер көбіне шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі.Округ бойынша бүгінгі таңда 667 (2017 жылы 580шаруа қожалығы) шаруа қожалығы өз жұмыстарын жалғастыруда.Онда 1401 адам (2016 жылы 1282 адам) жұмыспен қамтылған.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.К.Евниевтің 2018 жылдың 1 ақпандағы тапсырмасын орындау мақсатында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік алқаптарын «Goldau.kz» веб порталында Рахат ауылдық округі бойынша 402 жеке шаруа қожалықтары енгізілді (2750 га).

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі

Өнім атауы Өнім егілген жер (га) Өлшемі (т.)
1 жүгері 556 га 3820,5 т .
2 майлы бұршақ 185 га 462,5т.
3 Картоп 541 га 7844,5 т.
4 көкеністер 150 га 4672,5 т.

Мұндай жоғары көрсетіштерге қол жеткізу ең алдымен инвестициялар тарту, озық технологиялар мен егіншілік шаруашылықтардағы жаңа сорттар мен түрлерді енгізудің арқасында мүмкін болып отыр. 

«Ырыс» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға Усенов Хамражан шаруа қожалығы 2015 жылы 25 млн. теңгеге 50 бас ірі қара мал алған, есепті кезеңге мал басы 82ге жетті. Жыл басынан 114605 литр сүт өнімі алынса, оның Фут Мастер компаниясына 15500 литрі өткізілді.

      «Боканчинов» шару қожалығы 2017 жылға 2000 бас қой болса, есепті кезеңге 3824 басқа жетті.

           Мал шаруашылығы қауіпсіз өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету мақсатында індетке қарсы уақтылы шаралар өткізілуде. Атқарылған жұмыстардың арқасында округте адам мен малға ортақ аса қауіпті аурулардың тарауы тіркелмеді.

ӨНЕРКӘСІП, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС, САЛЫҚ, ИНВЕСТИЦИЯ

Жалпы округ бойынша кіші және орта бизнеске жол ашылып, халыққа қажетті қызмет түрлері толық қамтылған. Атап айтқанда округте: 1 кафе, 3 шаштараз, 3 дәріхана, 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 2 жанар май станциясы, 4 өнім өндіретін өнеркәсіп және 42 сауда дүкені жұмыс істейді. «Дионис» ЖШС шарап шығаратын өнеркәсіп 2018 жылдың ІV тоқсанында 8407,0 мың литр шарап шығарса, «Хашиева Р.Б.» ЖК, «Құрылыс көмек XXI» ЖШС, «Казстрой» кірпіш, «Интеллект сервис» ЖШС-сі бетон, өнімдерін шығаратын зауыттар өз жұмыстарын жалғастыруда.

Говоря о налогах:

План на 2018 год был - 75,414,8 млн. тенге. Общая сумма налоговых поступлений в бюджет составила 91,568,211 млн. тенге. Таким образом прогнозные показатели состовляют -121,4%.

- Индивидуальный подоходный налог с доходов, не облогаемых у источника выплаты – 26,664,383 млн.тг.

- Налог на имущество физических лиц – 2,555,603 млн.тг.

- Земельный налог – 3,691,505 млн.тг.

-налог на транспортные средства с физических лиц- 58,264,978 млн.тг.

- Налог на транспортные средства с юридических лиц – 389,336 тыс.тг.

Округке инвестиция тарту бойынша өткен жылы іске асырылған бірқатар ірі жобаларды атап кетуге болады:

Рахат ауылдық округінде мемлекеттік тапсырыс бойынша есепті кезеңде

«Балапан» бағдарламасы аясында 5 жекеменшік балабақшасы ашылды:

- Қайназар ауылынан 100 орынды «Умай ана» балабақшасы 30 бала тәрбие алуда 8 адам жұмыспен қамтылған;

- Қайназар ауылында 75 орынды « Жібек» балабақшасы 50 бала тәрбиеленіп, 12 адам жұмыспен қамтылған;

- Өрікті ауылында 50 орынды «Еркетай» балабақшасы ашылып 7 адам жұмыспен қамтылды;

- Өрікті ауылында 50 орындық «Аленушка» балабақшасы ашылып, бүгінгі таңда 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

- Рахат ауылдық округіне қарасты «Көксай» саяжайында «Қошақан» 50 орынды балабақшасы ашылып 20 адам жұмыспен қамтылған.

- Қайназар және Рахат ауылдарында 2 дәріхана ашылды.

Округіміздегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Натижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 2018 жылы өз кәсіптерін ашып, мал басын көбейту үшін 6 азамат 25 млн. 977 мың теңге көлемінде  шағын несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2018 жылы округте инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.Атап айтсақ,

- 2018 жылға "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша Өрікті ауылының    Подгорная көшесінің 1800 метр2 5 млн 400 мың теңгеге тас жол төселді;

- Жергілікті бюджеттен Набережная көшесіне 2000 метр2 жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн. теңге қаражат бөлініп, тас жол төселінді.

- Өрікті ауылында бейітке баратын жолға аталған ауыл тұрғындары демеушілік етіп, жол тегістеліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Қайназар ауылының да бейтке баратын жолы ауыл демеушілерінің көмегімен тегістеліп, қалыпқа келтірілді.

А так же была произведена полная замена уличного освещение в селе Орикти с обычного освещения на светодиодные лампы. Так же были устовлены 8 дополнительных столбов уличного освещение перед школой им.Б.Майлина.

В селе Орикти 2017 году в весенне-летней паводковый периуд с увиличением росхода воды и из - за наполнением наносоми русла реки    Красный Восток было смыто 3 трубчатых моста, расположенных по улице Набережная 1, Набережная 2 и Советская. В 2018 году мосты были восстановлены. Так же в прошедшем году аварийный мост в селе Кайназар соединяющий дорогу между БАК и село Кайназар был восстановлен.

Елбасымыздың 2017 жылға арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» акциясы барысында округіміздің азаматтары Боканчинов Ақат Думчебайевич, Ашимов Бақберген және ауыл тұрғындарының көмегімен Қайназар ауында мешіттің құрылысы аяқталып, тамыз айында қолданысқа берілді.

«Жүз мектеп, жүз аурухана» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мақсатында округке қарасты Өрікті ауылында Б.Майлин атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық қосымша ғимарат салынды. Онда қазіргі таңда 598 оқушы білім алуда, 43 мұғалім жұмыс жасайды, мектепке дейінгі білім берумен 60 бала қамтылған.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар да назардан тыс қалған жоқ. Зейнетақы төлемі - 1795 зейнеткер.

Бүгінгі таңда округімізде:

- 21 ауған соғысының ардагері (4 008 672 теңге төленді)

- 64 тылда жұмыс істеген  еңбек ардагерлері (3 469 826 теңге).

- 2 Чернобль апатына қатысқан ардагерлеріміз бар.

2018 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларына 14 ана өтініш білдірді. Бүгінгі таңда округте 312 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Оларға төленген қаражат сомасы 47 млн 865 мың 740 теңгені құрады.

2018жыл бойынша округте:

-         20 адам құрт ауруымен (туберкулез) тіркелген. Оның 20-сы әлеуметік қолдауға өтініш білдіріп, оларға 1 млн. 130 мың 350 теңге төленді

-         пробация қызметінде есепте тұрған 7 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек – 252 мың 525 теңге көлемінде төленді.

-         За 2018 год получатели адресной социальной помощи (АСП) – 790 человек, выплачено – 27 млн. 102 тысч. 158 тенге.

-         Социальная помощь семьям, воспитывающим и обучаюим детей на дому – 28, выплачаемое сумма составила – 1 млн. 446 тыс.794 тенге.

-         Жилищное пособие – 80 семей – 2 млн. 183 тыс. 047 тенге.

-         Социальная помощь на приобретение топливо, проживающим в сельской местности (образававние, здровохронение, раб.культуры и спорта, ветеренария) – 497 человек, выплачено – 5 млн. 976 тыс. 425 тенге.

С начала 2018 года на различные общественно-полезные  оплачиваемые работы направлены 45 человек, им выплачено в виде заработной платы 1 млн. 552 тыс. 500 тенге.

Наряду с государственной помощью социально уязвимым слоям населения, в округе, в рамках социальной ответственности бизнеса перед обществом, ряд предпринимателей как: А.Бошкулов, А.Толқынов, И.И.Поплавский, Т.Жанабаев, И.Тамазов, Э.Багиров, В.Крылов, Э.Надирова, Е.Сисаров, З.Муналбаева, г.Гаитова постоянно оказывают спонсорскую и благотворительную помощь нуждающимся. На «Международный женский день», на 1 июня «День защиты детей», к 20 летию дня Астаны, 30 августа в «День Конституций Республики Казахстан», 1 октября «День пожилых людей» и На Новый год.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай округке қарасты Өрікті ауылының

тұрғыны, соғыс ардагері Алиев Қошалиге құрмет көрсетіліп, округтегі кәсіпкерлердің көмегімен азық – түлік себеті дайындалды. Сонымен қатар ардагердің үйінде Б.Майлин атындағы орта мектеп оқушыларының көмегімен сенбілік ұйымдастырып, аула көгалдандырылып, күл-қоқыстан тазартылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-ші бағыты-жұмыс берушінің қажеттілігінің шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдем бойынша даярлау және қайта даярлау курсы бойынша 29 адам оқытылып, 15 адам жұмысқа орналасқан.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 бағдарламасы» бойынша 6 адам жастар тәжиребесінен өтіп бүгінгі таңда жұмыспен қамтылған. 5 азамат жұмысқа орналастырылды.

БІЛІМ БЕРУ

Жаңа ғасырда өсіп келе жатқан балалардың сауатты болып өсуіне аса назар аударуымыз керек. Біздің балаларымыз талапқа сай білім алып, өте сауатты болулары қажет.

Округте 6 білім беру мекемесі бар, оның ішінде 5 орта және 1 орталау мектеп, онда 4507 оқушы білім алып, 401 мұғалім еңбек етуде. Қосымша үйірмелер мен спорт секцияларында 100-ден астам оқушы қамтылған.

       ҰБТ-ның көрсеткіштерін арттыру мақсатында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, Рахат округі бойынша 26 бала тестке қатысты. Қайназар ауылы Ш.Уалиханов орта мектебі бойынша 82,0- орта балл, Рахат орта мектебі бойынша 61,1- орта балл және Өрікті ауылы Б.Майлин орта мектебі 73,0 орта балл нәтижелерін көрсетті, округ бойынша орта балл 72,1.

Жалпы округ бойынша орта мектеп бітірген 40 - бала ішінен 18-жоғары оқу орнына түскен (5-грант, 13-ақылы), 3- бала техникалық коллледжге ақылы бөліміне түскен.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, СПОРТ

Округте 4 дәрігерлік амбулатория бар.

Денсаулық саласында барлығы 62 адам қызмет атқарады. Оның 10 дәрігер, 52 орта медициналық және техникалық персонал.

Демографиялық көрсеткіштер: 2018 жыл

Туу - 353 адам (2017 жылы - 335 адам) 

Өлім – 78 адам (2017 жылы – 77 адам)

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Елбасымыздың жолдауында айтылғандай спортқа айырықша көңіл бөлінуде және спорт кешендері қарапайым халықтың игілігіне жұмыс істелуде. Атап айтсақ округімізге қарасты мектептердің спорт залы кешкі сағат 19:00 ден кейін ауыл тұрғындарының қолданысында. Кешкі уақытта ауыл жастары бокс, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерімен шұғылданады. Бұдан бөлек Қайназар ауылының мәдениет үйінде таэквандо және тоғызқұмалақ үйірмерелі жұмыс істеуде.

Аудандық футбол жарысында Рахат ауылдық округінің «Рахат» футбол командасы I орынға, ал «Азат» футбол командасы III орынға ие болды.

Сонымен қатар «Айбын» ауданаралық әскери жарысында округіміздің командысы жүлделі бірінші орынға ие болды.

МӘДЕНИЕТ

Биылғы жылы мәдениет саласында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мысалға округіміздің «Баһар» бишілер тобы Республикалық конкурстардан жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, 21 сәуірде Астана қаласындағы жасөспірімдер арасында өткен би фестивалінен Гранприді ұтып алса, 20 мамырда Павлодар қаласында өткен «Қазақстан жұлдыздары» халықаралық би байқауынан да Гранприді қанжығаларына байлады. Сонымен қатар 24 маусымда Алматы қаласында өткен «Бала шабыты» атты байқауға қатысып 3 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.

        Сонымен қатар 2018 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының тапсырмасымен өңірлерде идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауын қайта атау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, округке қарасты 27 көшенің атауы өзгертіліп, облыстық әділет департаментінде тікеуден өткізілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табады.

     ҚЫЛМЫС

По итогом 2018 года в округе было зарегистрировано 104 приступления. Из них раскрыто 52, что состовляет 89%.

В том числе:

-         Тяжкие -2/0

-         Особо тяжкие – 1/0

-         Угроза – 2/2

-         Кража частного имущества – 54/27

-         Кража скота – 5/2

-         Хулиганство – 4/3

-        

       Әскери жұмыс бойынша

Округ бойынша әскери міндеттілердің жалпы саны - 2540 адам. Өткен жылы әскери есепке алынған азаматтардың саны- 192, әскери есептен шыққандар – 7. 2018 жылғы көктемгі әскерге шақырушылар саны 348 адамды құрады, оның 90 %, ал күзгі әскерге шақырушылар 399 адам, оның 93 % Еңбекшіқазақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне баса назар аударылуда. Округу бойынша мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Есепті кезеңге 315 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына шағымдар мен қызмет көрсетудің қарау мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген.

2019    жылы округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 508 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 502 жеке тұлғадан, заңды тұлғадан – 6 өтініш.

2020ЖЫЛДЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ

-         Өрікті және Рахат ауылдарының су құбырларын күрделі жөндеу жұмысынан өткізу;

-         Қайназар ауылының ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-         Рахат ауылының көше шамдарын толық жарықдиотты шамдарға ауыстыру;

-         Рахат ауылдық округіне қарасты жайылым жерлерді мемлекет тарапына қайтару;

                             Құрметті округ тұрғындары !

Призываю в Вашем лице всех своих односельчан к активной работе каждого на своем месте и участке. Мы со своей стороны готовы оказывать Вам своевременные и качественные государственные услуги.

         Желаю Вам крепкого здоровья, благополучия и стабильности! Пусть в вашем доме всегда царят мир, согласие и взаимопонимание.

Қорытындылай  келе алдағы уақытта халықтың сын-ескерпелеріне,  ұсыныс-пікірлеріне сәйкес нақты жұмыстар  атқарылатындығын айтқым келеді. 

        Еліміздің, оның ішінде округіміздің бүгiнi де, болашағы да өз қолымызда. Мiндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Олай болса, округтің жетiстiгi мен дамыту жолында қол ұшын беретіндеріңізге сенім білдіремін!

        Барлықтарыңызға Денсаулық, Мейірімділік, Түсіністік пен Жанашырлық сезім тілеймін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

        Назарларыңызға рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру