Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыРахат а/о Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2019-01-18  АНЫҚТАМАСЫ

Қазіргі таңда Рахат ауылдық округі бойынша нақты жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны – 12. Аталған  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Рахат ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жүргізілді.

Рахат ауылдық округінде 20.11.2017 жылы әкімнің № 88 н/қ қаулысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

"Рахат ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің саны 2018 жылғы штаттық кестеге сәйкес 15 адамды құрайды. Қазіргі таңда бос лауазым саны - 2. 2018 жылы жұмыстан босатылған қызметкерлер саны - 2 (Даурықбаева А.- Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маманы, өз еркімен, Карипбай А. - Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маманы, өз еркімен), қайтыс болды – 1 (Жолдыбаев А.А., округ әкімі). Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар жоқ, ешкім тәртіптік жауапкершілікке тартылмады, шектеулер мен тыйым салуларды бұзған фактілер жоқ.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр  қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі.

Рахат ауылдық округі әкімімен 2019 жылға Медиа-жоспар бекітілді («дөңгелек үстелдер», БАҚ мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында мақалалар жариялау).

Сыбайлас жемқорлықтың жоспарына сәйкес көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің стандарттары мен регламенттері бұзылуының алдын-алу бойынша  «Еңбекшіқазақ» газетінде мақалалар, Аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар  жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.        

Мемлекеттік қызметтер келесі қағидаттар негізінде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз қол жеткізуі;

Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері азаматтарға 315 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының Еңбекшіқазақ ауданының Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне ақпарат беріліп отырады.

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды бекіту туралы» 01 қарашада 2018 жылы №108 н/қ өкім шығарылды.       

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі стандарттар мен регламенттерге сәйкес қызмет көрсетудегі кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеде қызметкерлермен тиісті іс-шаралар, семинарлар өткізіліп тұрады.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда қызмет берушілердің стандарттары мен регламенттері, телефон номерлері, өтініш  бланкісінің үлгілері  орналастырылған стенд ілінген.

2018 жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға аралығында жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша арыз шағым түскен жоқ. Рахат ауылдық округіне келіп түскен өтініштерге жауап бергенде бланкінің артына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы жадынама шығарып отырылды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның талаптары қатаң сақталады.

Жұмыс тобының мүшелері:

Ауылдық округ әкімінің

орынбасары                                                            А.Джамашева

Ауылдық округі әкімі

аппаратының жетекші маманы                                  А.Кишикбаева

Ауылдық округі әкімі

аппаратының жетекші маманы                                  А.Ордабаева


2018-01-12 АНЫҚТАМАСЫ

      Рахат ауылдық округі бойынша нақты жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны – 14. Аталған  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

      Талдау жасау аралығында 2017 жылы мемлекеттік қызметтен 4 адам өз еркімен босатылып, 3 адам ауысты, теріс қылық жасағаны үшін босатылғандар жоқ.

      2017 жылы Рахат ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылу және сыбайлас жемқорлық факторлары тіркелмеген.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жеке мүлік және табысы туралы ақпаратты өткізулері үнемі қадағаланып, жеке істеріне енгізіліп, аудан әкімдігіне ақпарат беріледі.

      Барлық мемлекеттік органдар өз жұмыстарында мемлекеттік  қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

      Мемлекеттік қызметтер келесі қағидалар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік жәнге ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

         Рахат ауылдық округі әкімдігінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысыменбекітілген  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 2017 жылдың 07 сәуіріндегі № 177 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес Рахат ауылдық округінде көрсетілетін 8 нысаннан 4 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналыстырылған стендтер ілінген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2016 жылғы 16 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Рахат ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жүргізілуде.

Рахат ауылдық округінде 20.11.2017 жылы әкімнің № 88 н/қ қаулысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Рахат ауылдық округі әкімімен Медиа-жоспар бекітілді («дөңгелек үстелдер», БАҚ мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында мақалалар жариялау).

Сыбайлас жемқорлықтың жоспарына сәйкес көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің стандарттары мен регламенттері бұзылуының алдын-алу бойынша  «Еңбекшіқазақ», «ЮиТ» газеттерінде мақалалар, Аудан әкімдігінің сайтында ақпараттар  жарияланды.

2017 жылы  жеке және заңды тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағым түскен жоқ.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру