Мен, Еменбаев Турсунь Әшімжанұлы 15 ақпан 1964
жылы Еңбешіқазақ ауданы (бұрынғы Шелек ауданы) Қорам
ауылында, шаруа отбасында дүниеге келгем. Ұлтым қазақ.
Қорам ауылының Қорам орта мектебіне 1971 жылы бірінші
сыныпқа барып, 1981 жылы бітірдім.
Өз еңбек жолымды 1981-1984 жылдары Алматы қаласы
құрылыс монтаж басқармасында бетоншы болып бастадым.
1984-1989 жылдары Алматы Саулет құрылыс институтында
ағаш өндеу технологиясы мамандығы бойынша бітірдім.
1989-1990 жылдары Қазақстан тұрмыс қажет-өтеу
техникасының ғылыми зерттеу институтында технолог;
1990-2000 жылдары Қорам темекі совхозында құрылысшы,
құрылыс шебері, кассир;
2001-2006 жылдары Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы
каналында гидротехник.;
2006-2010 жылдары Алматы қаласында «Стройтек» ЖШС-де
прораб;
2010-2014 жылдары су пайдаланушылар кооперативінің
төрағасы; 2014 жылдан 2015 жылдың қазан айына дейін
«Ақжолагротранс ЖШС» директордың орынбасары
қызметтерін атқардым.
2015 жылдың 29-қыркүйегіндегі сайлау қорытындысы
бойынша, 01.10.2015 жылдан Қорам ауылдық округі әкімі
лауазымын атқарып келемін.
Үйленгенмін, 3 балам бар, 3 немерем бар