Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыҚорам а/оЗаңнама

Заңнама

Ауыл әкімдерінің функциялары, өкілеттіктері, міндеттері мен құқықтары туралы ақпарат

Ауылдық округ әкімінің қызметі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес негізделеді.

3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi.

 1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:

      1) жергiлiктi бюджет;

      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;

      1-1) облыстық бюджеттен және (немесе) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      4) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491, 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ өкімінің құзыреті
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
  1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-1) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-1) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынанқараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

      12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      12-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

      12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

      18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

      24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

      қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.

      1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.

      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.

      1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

      2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      6) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      8) кіріс көздерін қалыптастырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      9) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

      10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап алып тасталды.

      11) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

      12) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      13) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      14) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      15) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру