Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыЕсік қаласыСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019
жылдың І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі
талдау анықтамасы 
 
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасарының Есік қаласы
әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуелдерін анықтау
мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы келесі
мәселелерге талдау жүргізеді: кадрлардың ауысу, қызметкерлердің жұмыстан
шығу себептері, мемлекеттік органның басшылығымен бағынысты
адамдардың бірігуі, мемлекеттік қызметкерлердің мүдделер қақтығысы,
бірлесіп жұмыс істеген туыстарын анықтау, нормативтік-құқықтық
актілердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және т.б
Есік қаласы әкімінің аппаратында 10 әкімшілік мемлекеттік
қызметшілер жұмыс істейді. Өткен кезеңде (2019 жылдың I-ші тоқсаны
бойынша) теріс себептермен жұмыстан босатылған жоқ. Есік қаласы
әкімінің шығарған шешімдері мен өкімдерінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдері анықталған жоқ. Бірлесіп істеу немесе туыстарымен жұмыс
істеуге фактілері жоқ.
Азаматтардың өтініштері заңдар белгіленген мерзімде қаралады,
негізсіз бас тартулар, қосымша құжаттарды талап ету фактілері мерзімі
өткен өтініштер жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері ұлттық
біліктілік талаптарына сәйкес. Есік қаласы әкімінің аппаратында 6 (алты)
мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда:- Мектепке дейінгі
балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін)
жастағы балаларды кезекке қою;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
- Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке
сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Жасырын көрсетілген және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы
бойынша құқық бузушылықтар анақталған жоқ. Өткен кезеңде
азаматтардан сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шығымдар
мен өтініштер түскен жоқ. Бұл мемлекеттік қызмет түрін стандартқа сәйкес
ʺАзаматтарға арналған үкіметʺ МК коммерциялық www.egov.kz арқылы
алуға болады.
Бюджеттік қаражатты нысаналы игеру көлемінің ұлғаюына
байланысты, мемлекеттік сатып алуды жүргізу және коммуналдық меншік
объектілерді мәселелерді бойынша қосымша штаттардың бөлінуі қажет
деп есептеймыз.
Аппарат бойынша декларация белгіленген мерзімде өткізіледі және
бұзылуы туралы фактілер жоқ.
 
Есік қаласының әкімі Б.Бименов
 

Есік қаласы әкімінің
26.06.2019 ж №43 өкімі
 
«Есік қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартын бекіту туралы
 
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
35,37 баптарына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18
қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес:
1 «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 Осы өкімнің орындалуын бақылау Есік қаласы әкімінің орынбасары
Д.Сейдахметовке жүктелсін.
 
Есік қаласының әкімі
Б. Бименов
 
 
Есік қаласы әкімінің
2019 жылғы «26» маусымдағы
«Есік қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартын бекіту туралы»
№43 өкіміне қосымша
 
«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
 
1 Қоғамдық қатынастар саласының атауы: «Есік қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі қызметін ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық -
құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Есік қаласы
әкімінің аппараты» (бұдан әрі - Аппарат)
3 Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет
қағидалары.
4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты салада:
4.1. заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен
өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау;
4.2. кез келген мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін
шаралар қабылдау;
4.3. жеке және заңды тұлғалардың өз құқықары мен заңды мүдделерін іске асыруын
қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4.4. жеке мүліктік және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;
4.5. жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді
шешудің оңтайлы да үнемді және басқа құзырлы әдістерін қолдану;
4.6. қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілін
арттыру;
4.7. қызметтік жағдайын асыра пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау кезінде бюракратизм көріністеріне және әуре-сараңға салуға,
дөрекілікке жол бермеу;
4.8. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;
4.9. қолдау және әріптестерінен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті сақтауын талап ету.
5 Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және
қабылдау кезінде:
5.1. Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау;
5.2. құпилықты сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамассыз ету;
5.3. кәсіби (қызметтік) әдептілікті сақтау;
5.4. өзге тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген
жағдайда бөлім басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жазбаша түрде
хабарлау;
5.5. мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді
тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару,
жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;
5.6. лауазымдық міндеттерін
атқару кезенде жеке және заңды тұлғаларға
артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
5.7. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметтік ықпал
ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
5.8. үшінші тұлғалардың мүддесін білдіруден немесе жақтаудан, сондай-ақ олардың
атынан әрекет жасаудан аулақ болу;
5.9. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау;
5.10. әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын,
олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен
жүгінуден аулақ болу.
6 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
6.1. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
түсіндірме жазбаны қоса тіркеп, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде
жолдау, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі
келісу кезінде жолдау;
6.2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын сараптамалық кеңесте қаралға дейін міндетті түрде
бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарында жариялау.
7 Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-
қатынастар кезінде:
7.1. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға
қатысты қажетті шаралар қабылдау;
7.2. қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адами
қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
7.3. басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы
мәліметтерді ұсыну;
7.4. мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік
мақсатта ғана пайдалану;
7.5. ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты
орнату мен нығайтуға ықпал ету;
7.6. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы
Аппарат басшысы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
уәкілетті органға дереу хабарлау.
8 Өзге де шектеулер мен тыйымдар
1) Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы
заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
3) аппарат басшысының өз лауазымдық уәкілеттігі шегінде шығарған
бұйрықтарын орындау;
4) әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар
бермеу;
5) қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;
6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға
итермелемеу және ынталандырмау;
7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда табу
мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты
пайдаланбау.
 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы» Заңының 35,37 баптарын басшылыққа ала отырып:
1 2019 жылдың бірінші тоқсан кезеңі бойынша сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін және аудан әкімі
аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөліміне жолдансын.
2 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін
жұмыс тобы келесі құрамында құрылсын:
1). Сейдахметов Досжан Қайратұлы- Есік қаласы әкімінің
орынбасары, топ жетекшісі;
2). Барсаев Жанкельды Аманкельдович- қала әкімі аппаратының
бас маман заң-кеңесшісі;
3). Булекбаева Зарина Бақытжанқызы- қала әкімі аппаратының
жетекші маманы;
3 Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
 
Есік қаласының әкімі Б.Бименов
Таныстым________________Д.Қ.Сейдахметов
Таныстым________________Ж.А.Барсаев
Таныстым________________З.Б.Булекбаева
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру