Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБартоғай а/оАқпарат

Ақпарат

Бартоғай ауылдық округінің 2016  жылғы I жартыжылдығының мәліметтері

Ауыл шаруашылығы  

          Ауыл  шаруашылықта  2016 жылдың 1 жартыжылдығында: 

1- өндірістік кооператив, үлкен 2 - жеке шаруа қожалық, кіші 481- жеке шаруа қожалығы,  5- ЖШС жұмыс жүргізуде. 

    2016 жылдың  1 жартыжылдығында  998 га жерге күздік арпа,  10 га  жерге жаздық арпа,  607 га жерге дәндік жүгері, 797 га жерге соя, 316 га жерге күнбағыс, 94,36 га жерге картоп,  688 га жерге көкөніс, 213 га жерге жоңышқа, 14 га жерге жүгері сүрлемге  егілді. Қазіргі уақытта күздік және жаздық арпаға егін орағы түспеді. Жүгері, соя, күнбағыстың тамырын қобсыту жұмыстары жүргізілуде, жоңышқаның 1- інші орымы басталды, картоптың 30 пайызы жиналды.

      Округте 2016 жылдың 1 жартыжылдығында бойынша ірі қара малдың саны 2328 бас , оның ішінде 891 бас сиыр, қой-ешкі 1690, жылқы 110, шошқа 1560 бас, құс 1000 бас.  Қазіргі уақытта малды асылдандыру жұмыстары жүргізілуде, бұл туралы «Жол картасы» бөлімінде толық ақпарат беріледі.

      2016 жылдың 1 жартыжылдығында ауылшаруашылық малдарына, сібір жарасы,  туберкулез,   пастерелез ауруларына егу жұмыстары және жұқпалы ауруларға қан алып, лабораториялық сараптамалар жасалынды.

Малдан алынған өнімді сатып алатын 2 сүт қабылдау пункті, 5 ет сататын дүңгіршек, 1 тері қабылдайтын пункт жұмыс істейді.  Бұл жерде қосымша 32 адам жұмыс орнымен қамтылған. Сүт қабылдайтын пунктері «Фуд мастер» және «Адал» компанияларына тығыз байланысты жұмыс істейді.

                                     Шағын кәсіпкерлік.

      Ауылдық округте  1 жартыжылдығында екі ауылда:  7 - кафелер, 6 - асханалар,  7 - шайханалар,  25 - дүкендер, 49 - дүңгіршектер, 50 көкөніс сату орны, 2 сүт қабылдау пункті,  1 қонақ және сауықтыру орны, 2 шаштаразы, 2 – ЖМС, 3 - дәріхана, 2 - ТЖО  қызмет көрсетеді. 

   Онда 440 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.  Одан  сырт  жол бойындағы базарда 110 адам сауда саттық жасайды.

                                      Білім беру саласы бойынша.

   Округімізде білім беру саласында 2 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен  және бір бала бақшасы жұмыс істейді. 

            Екі мектепте   1255 оқушы, 62 сынып жинаққа бөлініп, білім алады. Осы оқушыларға 135  мұғалім сапалы білім беруде.  2015-2016 оқу жылында 43 оқушы орта мектепті бітірді.

              М.Мақатаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығында 2015-2016 оқу жылында оқушылардың саны 676, сынып жинағы - 37, 13 оқушы орта мектепті бітірді. Осы мектепте 73 мұғалім сабақ береді, оның 66 мұғалім жоғарғы білімді. 11 сыныпты  13 оқушы бітірді,  оның ішінде БҰТ қатысқан 4 оқушы, ортақ балл -78,2, 1 оқушы Ерғалиева Фариза Талғатовна халықаралық Дарын ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы,   жоғарғы білім алуға грант иегерлері атанды.

 «Айгөлек» мектепке дейінгі шағын орталығында 5 тәрбиеші, 2 топ,  39 бала тәрбиеленеді.

            И.Таиров  атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығында 2015 -2016 оқу жылында оқушылардың саны 579, сынып жинағы - 25,  30 оқушы орта мектепті  бітірді. Осы мектепте 70 мұғалім сабақ береді, оның 66 мұғалім жоғарғы білімді. 11 сыныпты  36 оқушы бітірді,  оның ішінде  БҰТ қатысқан 5 оқушы,  орта балл 87 балл жинады, Турапбаева Наргиза  халықаралық олимпиадаға қатысып  грант иегері.

        «Айгүл» мектепке дейінгі шағын орталығында 4 тәрбиеші, 2 топ,  50 бала тәрбиеленеді.          

 Бижанов ауылындағы «Күншуақ» балалар бақшасында 140 бала тәрбиеленуде, 6 топ балалардың жасына қарап бөлінген.  Осы бала бақшада 21 маман  жұмыс істейді.

«Күншуақ» балалар  бақшасының пайдалынбай тұрған жарты бөлінгін іске  қосу үшін  құжаттары толық жасалынып,  жұмыстар жүргізілуде.

Байсеит ауылында И.Таиров орта мектебінің аумағынан балабақшасын салуға көлемі 0,70 га жер бөлініп, құжаттары толық рәсімделді.

«Жол картасы »

2016 жылдың 1 жартыжылдығында малды асылдандыруға жұмыстар жүргізілуде.   

2015 жылы «Ырыс»  бағдарламалар  аясында  Бижанов  ауылынан «Береке» шаруа қожалығы басшысы Иманчалова Ақмарал 89 бас асыл тұқымды ірі қара мал,  ЖШС «Аян» директорв Даутқұлов Айдарбек 80 бас асыл тұқымды ірі қара мал, «Шелек» ӨК төрағасы Аянбеков Исламбек 87 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып  алды. 

Сонымен  бірге  жастар  тәжірбиесін  жинақтауға 2 азаматша  қабылданды.

2016  жылдың 1 жартыжылдығында  6  жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 жұмыссыз азамат «Шелек» ӨК жұмысқа орналасты.  Әлеуметтік  жұмыс  орындары  туралы  3 азамат «Сайн» шаруа қожалығында жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласында.

2013 жылдың  31 желтоқсанынан  бастап,  Бижанов  ауылында  жедел  жәрдем бөлімшесі  ашылды. Бұл бөлімше Байсеит, Бижанов, Малыбай, Асысаға, Жаңашаруа  ауылына қызмет етеді,  онда 12 адам қызмет көрсетеді.

      Денсаулық  саласында   2  ауылда  2  ауылдық  дәрігерлік   амбулатория,

5 дәріхана  жұмыс  істейді.

Октябрь ауылдық  дәрігерлік амбулаториясы 24 адам қызмет етеді.  

Байсеит  ауылының  дәрігерлік  амбулаториясында  21 адам  қызмет  көрсетеді.   Екі амбулаторияда күндізгі бөлімде ауыл тұрғындары ем алуда.

                                    Халықты әлеуметтік қорғау. 

            Округтегі 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны, 2016 жылы 1 жартыжылдығында  45 жанұяға   жәрдемақы төленді. 

Республикамыздың аумақтық даму бағдарламасында  2016 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызға көтеру көзделген болатын. «Өрлеу» жобасы осындай мақсаттың негізінде өмірге келген. Осы жоба аясында округ бойынша   2 отбасы,  2687518 теңге шартты ақшалай көмек алады.

Ауыз су.

     Екі ауылды таза ауыз сумен Байсеит ауылында жеке кәсіпкер Мусаев Курванжан, Бижанов ауылын «Шелек»  ӨК қамтамассыз етеді.

     Ал 2016 жылы Бижанов ауылының ауыз су құбыры 21 км күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлап отырмыз.

Байланыс бөлімдері.

Екі ауылда қызмет көрсететін екі пошта және байланыс бөлімі жұмыс істейді. Пошта ғимараттарының жұмысы жаңа заманға сай, әр поштаның  ішінде  

2 компьютер ғаламторға қосылған. Байсеит ауылы бойынша 315 телефон нөмірлері бар, 135 «Мейгалайн» желісіне қосылған, 130 сымсыз телефон абономенттері бар, Бижанов ауылы бойынша 213 телефон нөмірлері бар, 93 «Мейгалайн» желісіне қосылған, 180 сымсыз телефон абономенттері бар.

   Округ бойынша жылдан - жылға оқырмандардың саны көбеюде. Баспасөзге жазылу науқанында ауыл тұрғындары 1250газет пен журналдарға жазылды.                        Екі ауылда 2 мәдениет үйі жұмыс істейді. Бірақ аукцион арқылы жеке кәсіпкерлер сатып алған.

      Байсеит ауылының мәдениет үйін халыққа қайтарып беруге жұмыс жүргізілуде. Екі рет халықты жинап жиын өткізілді.  Бірақ әлі шешілмеді.

            Байсеит ауылында жастардың қолдауымен ескі пошта ғимаратының орнын жөндеуден өткізіп, қазіргі  күнде еркін күрестен секция ашылып, оған 40 адам қатысуда.

       2016 жылдың 21мамырында  Бәйдібек би Бижанов ауылының орталық стадионында аудан әкімінің бастамасымен аудандық футбол чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

2016 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының рәміздер күні» Бартоғай ауылдық округі аумағындағы Байсеит ауылының орталық стадионында футболдан  аудандық чемпионаты өтті.

Біздің Байсеит футбол командалары жарысқа қатысуда.    

Округімізде әскери міндеттіазаматтар саны651, оның ішінде 40 әйел,                       41 офицерлер. Әскери қызметке шақырылатындардың саны 438.  2016 жылдың 1 жартыжылдығында  Отан алдындағы борышын өтеуге    4 азамат  аттанды.

      Ауыл тұрғындарын  материалдық қолдауы және  ауыл кәсіпкерлерінің көмегімен мемлекеттік мерекелерді: 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні», 22 наурыз Жаңа жыл  мейрамы,  1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні,  7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталды. Сонымен бірге 1  наурыз Алғыс айту күні атап өтілді.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру