Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБалтабай а/оБалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау АНЫҚТАМАСЫ

Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау АНЫҚТАМАСЫ

Балтабай ауылы
 
10 қаңтар 2019 жыл
 
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Балтабай ауылдық округі әкімінің "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу туралы" 2018 жылдың 10 мамырдағы № 41 өкіміне сәйкес 2018
жылдың тамыз - қаңтар айларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізілді.
Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 815 қаулысымен бекітілген
"Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
"Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылдық округі аумағында
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
"Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бойынша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
№12 бұйрығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
қағидараларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз
қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар
өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Балтабай ауылдық округі
әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге
асырады.
БАЛТАБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2."Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде кадр
қызметінің жұмысы, оның ішінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару:
"Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі
мемлекеттік қызметкерлерінің саны 2018 жылғы штаттық кестеге сәйкес 9
адамды құрайды.
Қазіргі таңда бос лауазым саны жоқ. 2018 жылдың тамыз –желтоқсан
айларында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны - 1 (Смадилова М. -
округ әкімінің орынбасары) жұмысқа қабылданғандар саны-1 сот шешімінің
қаулысы негізінде (Алипова С.Б - округ әкімінің орынбасар) . Персоналды
басқару, соның ішінде кадрлардың ауысу мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық
персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімі арқылы
жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың
барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді
қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында
қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына
декларацияларды уақытында тапсырған. Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шектеулер мен тыйым салуларда құқық бұзу фактілері жоқ.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы»
Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік
қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін
күшейту.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша
Әкім аппараты өз жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету реестріне
сәйкес, ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңымен мемлекеттік
қызмет көрсету саласындағы ҚР басқада нормативтік құқықтық актілерін
тікелей басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде енгізілген:
оның ішінде, қызметтердің түрлері бойынша : бұрын жерін пайдалануға
берілген жер учаскесін жекеменшікке сату; жер учаскесін алу үшін кезекке
қою; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген регламенттерінің
жалпы саны-6.
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-13, сауда-саттықты (конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер
учаскелеріне құқықтарды алу-3
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын аңықтама беру мемлекеттік қызметіне-6
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы
және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да,
қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны,
барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша: 10
Жыл басынан бері азаматтарға 462 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Дөңгелек үстел» 2018 жылдың 18 қыркүйегінде № 4 хаттамасы, 9 адам
қатысуымен Бөлім қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету туралы ,
Көрсетілетін қызметтің Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің
артықшылықтары туралы «дөңгелек үстел» 2018 жылғы 30 қазан № 2
хаттамасы, 30 адам.Тақырыбы : Мемлекеттік қызмет электронды түрде
Халыққа қызмет көрсету, «Мемлекеттік коорпарациясы арқылы жүргізілетіні»
туралы жарияланды. Әкім аппартында қызметтің түрлеріне жауапты
мамандар бекітілген. Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда қызмет
берушілердің стандарттары мен регламенттері, телефон номерлері, өтініш
бланкісінің үлгілері орналастырылған стенд ілінген. Есепті мерзім ішінде жеке
және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз
шағым түскен жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет
көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету
туралы» Заңымен мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының
басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аталған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне ақпарат
беріліп отырады.
«Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі
бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі
жұмыстарға жауап беретін және тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті құқықтық
акті қабылданды.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу және
жауапкершіліктерін күшейту.
2018 жылдың тамыз –желтоқсан айларында жеке және заңды тұлғаларға
көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. Балтабай
ауылдық округінің әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түсетін
өтініштерге берілетін жауаптың артқы жақ бетіне сыбайлас жемқорлықтың
алдын алуға бағытталған жадынама басып шығарылады.
Ұсыныс:
Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу
мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен семинар – кеңес өткізу және
жауапкершіліктерін күшейту.
4 Тікелей байланыс тәуекелі
Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету
түрлерінің бірқатары қағаз түрінде көрсетілетіндіктен қызмет алушымен
тікелей байланыс тәуекелі бар. Сол себептен осы мәселе бойынша мемлекеттік
қызметтер көрсетудің біртұтас провайдері болып табылатын Мемлекеттік
корпорациясы арқылы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы
көрсетілетін қызмет бойынша халыққа жарнама ретінде стенд даярлау және
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін
қызметтер санының ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін қызметтерге
қарағанда пайыздық көрсеткішін көбейту үшін жұмыстар жүргізілуде. Соның
ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы
тұтынушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде (БАҚ-қа мақалалар,
хабарландырулар және мәліметтер).
Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде
көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын
алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.
5 Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқару
қызметіне байланысты басқа да сұрақтар.
5.1. «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 1 тармағына сай жеке және заңды
тұлғалардың өтініштері қабылданып, тіркеліп, есепке алынады және
қарастырылады. Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратында жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ
екендігі анықталды. 2018 жылы қабылданған барлық өтініштердің саны -192,
заңды тұлғалардың саны-1.Қабылданған өкімдер: жеке құрам бойынша -28
өкім, негізгі қызмет бойынша 82 өкім. Кіріс құжаттардың саны-1075, шығыс
құжаттардың саны -1009
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң түрде сақтау.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
6.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып Балтабай ауылдық
округі әкіміне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын
орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік
қызметкерлер арасында тиісті іс-шараларды жиі жүргізу және
жауапкершіліктерін күшейту.
2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында
мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бірқатары қағаз түрінде
көрсетілетіндіктен қызмет алушымен тікелей байланыс тәуекелдерінің алдын
алу мақсатында барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.
4) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң
сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімінің орынбасары м.а Р.Камалова
Ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы Р.Камалова
Ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы Р.Хан
Таныстырылды:
Балтабай ауылдық округінің әкімі Ж.Мықыбаев
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру