Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБәйтерек а/оЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Бәйтерек ауылдық округі Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы 2019 – 2021 жылдарға

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Бәйтерек ауылдық округі Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы 2019 – 2021 жылдарға

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бәйтерек ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы

(аудан және облыс атауы)

2019 – 2021 жылдарға

Әзірлеуші:

«Бәйтерек ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйтерек ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Бәйтерек ауылдық округ құрылу кезеңі;

-халық саны 18212 адам;

- Бәйтерек ауылдық округінің жалпы алаңы 8900 га, оның ішінде ауылдық аймақтардың территориясы – 690 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 5966 га;

- Жергілікті қоғамдастық жиналысы 2014 жылдың 08 тамызында № 2 хаттама негізінде құрылып және оларға өкілестік берілген мерзімі – 5 жыл.

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 58 адам, соның ішінде қол қою құқығы бар 15 адам.

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Бәйтерек ауылдық округті дамыту

2019 – 2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 18212 адамды құрайды

Ауылдық округ бойынша 38 ЖШС, 243 ШҚ, 205 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал және өсімдік шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Өнеркәсіп
        Бәйтерек ауылында тау-кен, тас құмы, құм-қиыршықтас қоспасы, тастар және т.б. өнеркәсіптік сынамаларды әзірлеумен айналысатын ірі өңдеу кәсіпорындары бар.

Негізгі кәсіпорындар:

-         «Асфальтобетон» ЖШС - жұмысшы орындарының саны - 128 адам, өңделген өнімнің көлемі - жылына 440 мың м3.

-         «Кентас» ЖШС - жұмысшы орындарының саны - 114 адам, өңделген өнімнің көлемі - жылына 440 мың м3.

-         «АДСК» ЖШС-де 92 адам жұмыс істейді, өңделген өнімнің көлемі жылына 160 мың м3, сонымен қатар 120 мың м3 асфальт өндірумен айналысады.

-         «Альфа Пласт» ЖШС - бұл пластиктен жасалған бұйымдардың (қораптар, контейнерлер және т.б.) ірі өндірушісі, жұмысшылар саны - 98 адам, шығарылатын өнімнің көлемі - жылына 250 мың дана.

                           

Ауыл шаруашылығы

         Шаруа және фермер қожалықтарының негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Бәйтерек ауылдық округінде ІҚМ-1891 бас, жылқы - 104 бас, қой мен ешкі - 2939 бас, шошқа - 580 бас, құс - 15559 бас бар.  

         Бәйтерек ауылдық округінде шаруа қожалықтары: арпа - 520 га, дәндік жүгері - 1504 га, май бұршақ - 1120 га, көкөністер – 216 га, бақша дақылдары – 90 га, жемшөп дақылдары -375 га.

2018жылы «Астық АгроП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Пак Олег Алға ауылының маңында 2гектар тәлімбақ (алма, жидек) пен 20гектар алмабақ отырғызды. Барлық тартылған инвестицияның соммасы 16млн.400 мың теңгені құрады.

Ауыл тұрғындарына арнап жеке кәсіпкер «MURATagro» ауыл шаруашылық саласында пайдаланылатын тыңайтқыштар, тұқымдар, жылыжайға қажетті барлық материалдары бар дүкен ашты.

         Сондай-ақ, Бәйтерек ауылдық округінде жылыжай фермасы дамуда, олар: «Ким» шаруа қожалығы 2 гектар жылыжай, 1,128 га болатын «Азанбекова» жылыжайы, ауданы 1,223 га «BIF» ЖШС - і және «Rafe аgro» жылыжайында 1,33 га алаңдарында қияр, қызанақ өсірумен айналысып, тұрақты жұмыс орындарымен қамти отырып Алматы қаласының азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етумен айналысады.

Шағын және орта бизнес

Ауылдық округтегі шағын және орта бизнес саласында 205 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде қызмет көрсету саласында 121, оларда 429 адам жұмыс істейді. Бәйтерек ауылы арқылы Алматы-Қорғас тас жолы өтетіндіктен экономикалық жағынан тығыз байланысты. Өйткені, карьерді өңдеу орталықтары, техникалық қызмет көрсету станциялары, супермаркеттер, жанармай құю станциялары, мейрамханалар, кафелер, нотариус, базар және т.б. бар.

2018 жылы Бәйтерек ауылдық округінде «Шағала Д» АЖ-де асхана, шаштараз және қойма бөлмелері үшін қосымша ғимараттың құрылысы, 19 млн.теңгеге, «Китадзе» ИП 20 млн.теңге сомасында бөлшек сауда дүкені салынып, «Ахмет Мұратбек» ​​шаруа қожалығы жылыжай салу шамамен 15 млн. теңге, «Дайрабаев» ИП дүкен құрылысы 2 млн. теңге, «Нұр» көтермелі сауда саттық орнын 12 млн. тенгеге өз қаражаттары есебінен өз кәсіптерін ашты.

Салық түсімдері

         2018 жылы ауылдық округ бюджетжоспары 96 млн тенге болса, орындалғаны 101 млн. тенге, демек пайыз мөлшерлемемен 110 % - ды құрады.

Жеке тұлғалардан түскен жер салығы-белгіленген болжам бойынша 4млн 700мың теңге, орындалғаны 5млн 213 мың теңгені құрап, 110,9 пайызға орындалды;

         Жылжымайтын мүлік салығы - белгіленген болжам бойынша 1млн 258 мың теңге, орындалғаны 2млн 257 мың теңге, 179,4 пайызға орындалды;

         Жиналған автокөлік салығы белгіленген болжам бойынша 40 млн. 477 мың теңге, 50 млн. 502 мың теңгеге орындалып 123,8 пайызға шықты.

Табыс салығы- белгіленген болжам бойынша 42 млн. 65мың теңге,орындалғаны 43млн 389 мың теңгеге орындалып, 103,1 пайызға шықты. Салық түсімін 2017жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артты. 2019-шы жылға белгіленген болжам 107млн 645 мыңға теңге, 18-ші жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті.

Әлеуметтік сала

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 10 052 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 9849 адамды құрады, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2880 адам, оның ішінде 1713 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған және 1167 адам өнімді емес.

2018 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларына 5 ана құжат өткізіп марапатқа ие болды.  

Округтегі зейнеткерлердің саны 1 424 адам, алған зейнетақы көлемі 792 млн. 771 мың теңгені құрап отыр.

Бүгінгі таңда округімізде 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 11 ауған соғысының жауынгерлері, 5 Чернобыль апатына қатысқан тұлғалар тіркелген және оларға жалпы 610 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Жағдайы төмен  75 отбасы мүшелеріне берілген қаражат 3 млн 85 мың теңгені құрады. 260 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 131 млн. 335 мың теңге төленді.

2018 жылы округ бойынша 17 адам құрт ауруымен (туберкулез) тіркеліп, 1 млн 178 мың теңге көлемінде көмек берілді.

Сондай-ақ округтегі білім саласы, денсаулық саласы, мәдениет саласы қызметкерлеріне отын алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оған барлығы 284 адам құжаттарын өткізіп, 3 млн. 415 мың теңге  қаражат төленді.

        «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасы» бойынша 2 адам жастар тәжиребесінен өтіп, 21 адам қоғамдық жұмыста қызмет атқарып, барлығы дерлік жұмыспен қамтылды.

Білім беру

Округте 4 білім беру мекемесі бар, онда 3140 оқушы білім алуда, сонымен қатар, 294 мұғалім, 90 техперсонал жұмыспен қамтылған.

Білім берудегі маңызды мәселелердің бірі – ол мектеп түлектерін мемлекеттік аттестациялау. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша ұлттық біріңғай тестілеуден алған орташа көрсеткіші «Әл-Фараби»атындағы орта мектебінде 76,7%, Қойшыбек орта мектебінде 86,1%, Бәйтерек орта мектебінде 70,1% көрсеткіштерге ие болды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету – білім беру ұйымдарының басты бағыттарының бірі болып табылады. Округтің мектептерінде бастауыш сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан 238 оқушы ақысыз тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектептерден алыс тұратын 692 оқушы күнделікті саяжайлардан тасымалданады, оған бюджеттен 13 млн. 916 мың теңге бөлінген.

Бәйтерек ауылында «мемлекеттік –жекеменшік серіктестік»аясында 50 орынды «Айзере-2018» балабақшасы ашылып, 24 адамды жұмыспен қамтып отыр.

                                     

Денсаулық сақтау

Бәйтерек ауылдық округінде 2 - CBA , 1 - ФАП, сонымен қатар «Тахет» және «Элиф» ЖШС ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Дәрігерлердің жалпы саны - 12 және 32 - медициналық персонал. Қойшыбек ауылында ФАП ғимараты авариялық жағдайда, жаңа ғимарат салу қажет.

Мәдениет және спорт

Округте 1 - кітапхана, 2 – ҰОС қайтыс болған азаматтарға ескерткіші дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 3 спорт ғимараттары жұмыс істейді, оның ішінде 3стадион(білім беру мектептеріндегі спорт залдары), кітапхана 1.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Бәйтерек ауылында «AIBYN» спорт клубы ашылды. 26-27 қазан күні Бәйтерек орта мектебінде «AIBYN» спорт клубының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жек (ММА)дан республикалық жарыс өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 42-командадан 482 спортшы қатысты. Сондай-ақ көрші жатқан Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан елдерінен келген спортшылар да бақтарын сынады. Сонымен қатар округімізде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай алғашқы аудандық мото шеру өтті.Облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жарысында ауданымыздың намысын қорғаған команданың ішінде Бәйтерек ауылының 2 спортшысы қатысып жүлделі орынға ие болды. Байтерек ауылының қыздар командасы аудандық қыздар арасындағы волейболдан өткен турнирге қатысып 3-ші орынды иеленді.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

         - Бәйтерек ауылында электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 62,81 км құрайды, оның 18,91 км. техникалық жағдайға сәйкес келмейді. 100 миллион теңге көлемінде жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет.

         - Бәйтерек ауылында сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 34,5 км құрайды, бірақ оның 13,8 км стандартқа сәйкес келмейді және 110 млн. теңгеге жөндеуді қажет етеді.

         - Протяженность внутренних дорог села Байтерек 39,7 км, из них требует проведения капитального ремонта 27,77 км дороги на сумму 80,0 млн тенге.

         - Бәйтерек ауылының ішкі жолдарының ұзындығы 39,7 км, оның ішінде 27,77 км жолға 80,0 млн.теңге күрделі жөндеуді қажет етеді.

         - Бәйтеректің ішкі жолдарының ұзындығы 39,7 км, оның тек 10 км жарықтандырған, қалған 29,7 км жолдары жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін 65,0 млн. теңгеге қажет.

         - Учаскелік полиция пункті «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан, учаскелік полиция ғимаратын 35,0 млн.теңге сомаға жеке бөлінген жерде салу қажет.

         - Алға ауылында сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 6,6 км, бірақ оның 1,1 км стандартқа сәйкес келмейді және 25 млн. теңгеге жөндеуді қажет етеді.

         - Алға ауылының ішкі жолдарының ұзындығы 5,87 км, оның ішінде 1,0 км жолға 10,0 млн.теңге күрделі жөндеу қажет.

         - Қойшыбек ауылындағы орта мектептің ғимараты бұрынғы балабақша болғандықтан стандартқа сәйкес келмейді (спорт залы жоқ, т.с.с.), т.б., жаңа мектеп салу үшін 450,0 млн. теңге қажет.

- Қойшыбек ауылының фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) ғимараты стандартқа сәйкес келмейді және ескірген ғимаратта орналасқан. Жаңа ФАП салу үшін 120,0 млн. теңге қаражат қажет.

- Қойшыбек ауылында сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 6,0 км құрайды, бірақ олардың 2,5 км стандартқа сәйкес келмейді және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 35,0 млн. теңге қажет.

- Қойшыбек ауылының ішкі жолдарының ұзындығы 5,87 км құрайды, оның 1,08 км жолына 12,0 млн.теңге күрделі жөндеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.1

ЭЖЖ ұзындығы

ЖСҚ (ПСД)

  5 000,0 ЖБ 2020
1.2

ЭЖЖ ұзындығы

ЖСҚ (ПСД)

  5 000,0 ЖБ 2021
1.3 Ауыз су құбырларын күрделі жөндеуге 13,8 км   10 500,0 ЖБ 2020
1.4 Қойшыбек ауылының ауыз су құбырларын күрделі жөндеуге   1 700,0 ЖБ 2020
1.5 Бәйтерек ауылының ұзындығы 13,8 км ауыз су құбырларын жөндуге   5 000,0 ЖБ 2021
1.6 Қойшыбек ауылының ауыз су құбырларын күрделі жөндеуге   32,300 ЖБ 2021
1.7 Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қабылдау актісі 3 100,0 ЖБ 2019
1.8 Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қабылдау актісі 3 108,0 ЖБ 2020
1.9 Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қабылдау актісі 3 320,0 ЖБ 2021
1.10 Алға ауылында ауыз су құбырын жөндеуге Қабылдау актісі 10 388,0 ЖБ 2019
1.11 Жарықтандыруға Қабылдау актісі 3 080,0 ЖБ Қаңтар – желтоқсан
1.12 Жарықтандыруға Қабылдау актісі 3 188,0 ЖБ 2020
1.13 Жарықтандыруға Қабылдау актісі 3 414,0 ЖБ 2021
II. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2.1 Бәйтерек ауылының 6 км жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қабылдау актісі 80 000,0 ЖБ 2020
2.2 Алға ауылының 1,5 жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қабылдау актісі 9,500 ЖБ 2020
2.3 Қойшыбек ауылының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қабылдау актісі 11 400,0 ЖБ 2021
2.4 Оқушыларды тегін тасымалдауға Қабылдау актісі 12 979,0 ЖБ 2019
2.5 Оқушыларды тегін тасымалдауға Қабылдау актісі 13 433,0 ЖБ 2020
2.6 Оқушыларды тегін тасымалдауға Қабылдау актісі 13 903,0 ЖБ 2021
III. ӨЗГЕЛЕРІ
3.1 Бәйтерек ауылында учаскелік полиция бөлімшесі тұрғын үйімен салу   23 706 ЖБ 2020
3.2 «Жұлдыз» балабақшасының шатырын жөндеуге Қабылдау актісі

5 375,0

2942,0

РБ

ЖБ

Қаңтар – желтоқсан

                  

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Бәйтерек ауылдық округ әкімі                       А. Нурланов

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру