Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетАудан аймақтарыБәйтерек а/оӘкімінің есеп беру кездесулері

Әкімінің есеп беру кездесулері

Бәйтерек селолық округінің әкімі Айбек Нұрлановтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша

ЕСЕБІ

Отчетный доклад акима Байтерекского сельского округа Нурланова Айбека об итогах социально-экономического развития за 2015 год

Аса қадірлі ағайындар!

Құрметті қауым!

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы негізінде аудан әкімінің, селолық округ әкімдері халық алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп береді. Бұл есепке Елбасы ерекше көңіл бөлуде.

         Қазақстан Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдауда бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шындай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Бізде заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету!

         Бұл Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

         Елбасымыз Жолдауында бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының есебі  басталатынын айтып өтті. Не бәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық.

         Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымыздың дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!

        Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлт құндылықтары ғана мәңгі. Біз көлденен шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз бірлік!

       

            Бәйтерек селолық округінің  салық саласы бойынша түсімдері

Мемлекет кірісінің тұрақтылығы салық жүйесі мәселесімен тығыз байланысты екенін өздеріңіз білесіздер. Салық төлемеуге және салықтың төленбеуіне байланысты жиналып қалған алымдардың көбеюіне жол берілмеуіне бақылау жасау бұл реттегі жұмыстың басым бағыты болып табылады. Салық жүйесінің осы мақсаттағы тиімді тетіктерінің бірі, осындай төленбеген салықтарды қайтару үшін, дер кезінде барлық шараларды қолдану қажет. Ал 2015 жыл  бойынша  жеке тұлғалардан түскен:

 жер салығы -  белгіленген болжам бойынша 650  мың  теңге, орындалғаны 657  мың  400 теңгені құрап, 101,1 пайызға орындалды

      жеке тұлғалардан алынған жылжымайтын мүлік салығы - белгіленген болжам бойынша 700 мың теңге,  орындалғаны   720 мың 500 теңге 102,9 пайызға орындалды;

      жеке тұлғалардан жиналған автокөлік салығы белгіленген болжам бойынша 16 млн. 725 мың 800 теңге,  14 млн. 946 мың 700 теңге орындалып,  89,4 пайызға шықты.

Налоговые поступления.

          За 2015 год  по Байтерекскогому сельскому округу поступления налогов от физических  лиц составили следующее:

      по земельному налогообложению - предполагаемое  поступление 650 тысяч тенге, а выполнено на 657 тысяч 400 тенге, соответственно 101,1 процента;

      по сбору налогов с недвижимости– предполагаемый прогноз 700 тысяч тенге,  выполнено на 720 тысяч 500 тенге, что составило 102,9 %;

      по сбору налогов с автотранспорта – предполагаемый прогноз 16 млн 725 тыс. 800 тенге,  выполнено 14 млн. 946 тыс. 700 тенге что составило 89,4%.

Ауыл шаруашылығы

Бәйтерек селолық округі бойынша егін ору,  жинау жұмыстары  онтайлы мерзімде жүргізіліп, 105 гектар күздік бидай себіліп, -9891 ц. өнім алынды, 40 гектар арпадан - 972 ц. өнім,  85 гектар  картоптан - 10 885 ц., 155 гектар  көкеністен - 4205 ц., соя  904 гектар болып  алынған өнім - 28511 ц., жүгері  1403 гектар себіліп - 46402 ц. өнім алынды,  сол сияқты басқа дақылдардан алынған өнім өткен жылдардан мол болып, жылды  шығынсыз  пайдамен  аяқтағанымызды  айқындайды.

     2015 жылы 69 шаруа қожалығы  және 3 жылыжай субсидияға іс құжаттарын тапсырып, 42 млн. 569 мың 813 теңге, СПКВ «Марғұлан» 840 мың теңге субсиди алып, былтырғымен салыстырғанда 8 млн. 322 мыңға көбейген.  8 шаруа қожалығы арзандатылған 9,5 тонна дизель отынын алды.

      Бүгінгі күні округімізде  91 жылыжайлардың жұмыс істеуі, шаруа- қожалықтардың  пайда табу кепілі болып қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуға қомақты үлес қосуда, ондағы жұмысшылардың еңбек ақылары тұрақты 30-50 мың теңге, жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. «Бейо Қазақстан продакшн» 10,5 гектарға - 22 жылыжай салуда, 0,6 гектар жерден өнімін алуда  және де өнімді топырақта өсірмей, голландиядан алдырған кокостық ұнтақ минералында горшоктарда өндіріп, жаңа өнімді технологияны пайдалануда. Бұл саладағы көш басшыларымыз «Агора», «Ким», «Сауленбаев» және «Биф» шаруа қожалықтары.

         Округ аумағында төмендегідей мал басы тіркеліп, толығымен бірдейлендірудің компьютерлік базасына енгізілген, атап айтқанда:

ірі қара мал – 2289 бас оның ішінде аналығы - 874, ұсақ мал – 3949, аналығы – 1980  бас, жылқы – 162 бас оның ішінде - 76,  шошқа – 331 бас , оның ішінде мегежіндер – 27,  құс 11500.

       Барлық ауыл шаруашылық малдары және үй жануарлары мал дәрігерлік алдын-алу іс-шаралары жоспарына сәйкес, есепті 2015  жылға тиісті дәрілеу, егу шараларымен 100 % қамтылды. Енді осы жылдан бастап малға ветеринарлық анықтаманы электронды түрде алуға болады. Ол үшін әр ауладағы мал  толығымен компьютерге енгізілуі тиіс.

Мал дәрісінің вакцинасына 2 млн 855 мың теңге, биопрепаратқа 1 млн 300 мың теңге,  мал вакцинасының эпизооттық ауруына қарсы 114 мың теңге бөлінді.

Бүгінгі күнде қолда бар мал басын қыстан аман есен алып шығуға қажетті жағдай жасалып, мал қыстату, одан төл алу науқаны ойдағыдай өткізілуде.

Крестьянское хозяйство

     2015 году 69 крестьянских хозяйств и 3 теплицы  сдали документы на субсидирование, получили на общую сумму 42 млн. 569 тысяч 813 тенге, это по сравнению с прошлым годом на 8 млн. 322 тыс, тенге больше.  8 крестьянских хозяйств получили по льготной цене 9,5 тонны дизельного топлива.

Из 160 теплиц района 91 находится в нашем сельском округе, это не только доходы крестьянам, а так же предоставление дополнительных рабочих мест, обеспечивающее гарантированную  заработную плату, составляющюю в среднем 30-50 тысяч тенге, и постоянную работу в течение года. ТОО «Бейо Казахстан Продакшн» начали строительство 22 теплиц на 10,5 га земли, которые первую продукцию на 0,6 гектарах получили на основе передовой голландской технологии, где выращиваются овощи на горшках на основе минеральной стружки дерева, а не на земле. Лидерами данного сектора являются  к/х «Агора», к/х «Ким», к/х «Сауленбаев» и к/х «Биф».

        На территории сельского округа имеется КРС – 2289 голов из них коров - 874, МРС  – 3949, овцематок – 1980  голов, лошади – 162 голов из них – 76 кобыл,  свиньи – 331 гол , из них свиноматки – 27,  птиц 11500.

       Все сельскохозяйственные животные получают плановую вакцинацию и анализ крови. С этого года ветеринарные справки будут выдаваться в электронной форме . Поэтому все поголовья скота внесены в электронную базу регистрации. На вакцинацию скота было выделено  2 млн 855 тыс теңге, на биопрепараты 1 млн 300 тыс теңге,  противоэпизотической болезни  114 тыс теңге. На сегодняшний день созданы все условия для  благополучной перезимовки поголовья скота и благополучной окотной компании.

Шағын кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша

Бәйтерек селолық округі бойынша 163 жеке кәсіпкер тіркелген. Қазіргі уақытта Бәйтерек ауылында «Емдеу орталығы»,  көлік жуу, техникалық жөндеу орталығы, көлік бөлшектер  сататын «Шұғыла» дүкені ашылып, 15-тей адамды жұмыспен қамтып отыр . 

Өздеріңізге белгілі өңірдің экономикалық дамуының негізгі дәстүрі индустриялдық-инновацианың  артуы болып табылады. Бүгінгі күні ірі жобалармен  қатар, шағын және орта бизнеске де үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, округімізде шағын және орта бизнестегі субъектілер 214 бірлікті құрады.

Бәйтерек селолық округі  бойынша бюджетке қомақты салым түсіріп, халықты жұмыспен қамтамасыз  етіп отырған өндірістік өнеркәсіптердің бірі «Асфальтобетон», «АДСК», «Кентас»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, тұрақты жұмыс атқарып, әр қайсысында 90-120 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс істеуде.

Предпринимательство и промышленность

Прошедший год для нас  был ознаменован еще одним шагом продвижения в сферах обновления экономики, социальной, политической жизни народа. Эти  достижения в экономике и общественной жизни имеют жизненно-важное значение. На сегодняшний день это – является важной проблемой в социально-экономическом обновлении. Как известно, экономическое развитие региона зависит от индустриально - инновационного  развития.

В Байтерекском сельском округе зарегистрированно 163 частных предпринимателей. В селе Байтерек в этом году свои двери распахнули «Медицинский центр», магазин  автозапчастей «Шугыла» с СТО автомойкой обеспечив 15 рабочих мест.

На сегодняшний день большое внимание уделяется не только крупным проектам, но и субъектам малого и среднего бизнеса, что по округу   составляет 214 единиц.

Одними  из обеспечивающих работой население, вносящие значительные поступления налогов в бюджет района являются  промышленные предприятия АО«Асфальтобетон, «АДСК», ТОО «Кентас», где в каждом их них работает от 90 до 120 человек.

Тұрғын үй саласы 

Тұрғын үй құрылысының  дамуы  округ аумағындағы  халықтың  соңғы 10 жылда 8500 ден 16 мың 983 адамға көбейуіне сәйкес,  жеке адамдардың  3 елді мекендер мен  17 саяжайлардағы құрылыс  салу  қарқыны  тоқтаусыз  өсуде.  Бүгінгі күнде  үйлер саны 2634 болып отыр, жеке  құрылыстар  әлі де салынуда. Бұрынғы көптеген  ескі  үйлер  бұзылып,  қосымша құрылыстар салынып,  тұрғын  үй  көлемі еселеп өсуде, олардың іс құжаттарын дайындауда әкім аппараты үнемі тиісті жұмыстар жүргізіп, заң тұрғысынан кеңестер беріп отырады.

Жилищный фонд

Жилищный фонд строительства в сельском округе. За последние 10 лет количество жителей от 8500 людей увеличилось до 16 983  в связи с этим в 3-х населенных пунктах и 17 дачных садоводческих товареществах, резко увеличилось индивидуальное строительсво. На сегоднящнии день количество домов составляет  2634, по строительству  индивидуальных жилых домов растет в прогрессирующем порядке, с большим размахом  жители начали сносить старые дома, вместо них строят современные жилые дома со всеми удобствами как в городах.          

Сумен қамтамасыз ету  

          Селолық округ аумағындағы 3 елді мекенді ауыз сумен «Родник-Бәйтерек» қамтамасыз етеді. Ондағы су құбырының ұзындығы 41,2 км, ауыз сумен 13020 адамды қамтыйды. Оның сыртында жеке кәсіпкер М.Тасыбеков 2,5 км су құбырында 1100 адамды қамтамасыз етеді. Садовая көшесінің төменгі бөлігіндегі тұрғындар өздері құдық қазып алып, ауыз сумен қамтылып отыр.  Ауыз су жөнінде селолық округте күрделі шешімі табылмаған мәселе жоқ.

           Округ аумағында суармалы сумен қамтамасыз ететін 3 альтернативті ауыл шаруашылық су пайдаланушылар кооперативтері, атап айтқанда «Марғұлан» және «Алға-Қарасу», «Үлгілі» кооперативтері қызмет жасайды, өткен жыл «Марғұлан» кооперативі Талғар ирригация мекемесіне ақша қарыз болғандықтан арық суымен қамтатамасыз етуде біраз қиындықтар болған, бірақ ол он шешімін тауып шаруа қожалықтарға арық суын толығымен қамтамасыз етті.

Жол жөндеу және аббаттандыру саласы бойынша

Селолық округке қарасты Бәйтерек ауылының «Әл-Фараби» атындағы орта мектебіне 2015 жылы күрделі жөндеу өткізілді. Сонымен бірге Бәйтерек ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мейрамында салтанатты түрде аудан әкімінің қатысуымен «Солнышко» жеке балабақшасы ашылды. Сондай ақ  «Бәйтерек селолық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі  31 миллион тенгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі күні қолданысқа берілді.  Алға ауылында тұрғындардың және кәсіпкерлердің қолдауымен 100 орындық мешіт ашылды.

Бәйтерек ауылында 2015 жылы  100 млн тенгеге Центральный тұйық көшесімен бірге Садовая көшесінің аяқ жағына дейін (2,3 км), Талғар тұйық көшесінің (ұзындығы 2 км), Виноградная (1,3 км), Победы (400 метр), Новосельская (250 метр) көшелеріне  асфальт төселіп,  Молодежная, Мир,  Транспортный көшелеріне, Қойшыбек ауылында Қ.Сатпаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 5100 ш.м. –ге 14 млн. 70 мың теңге жұмысалды.

Сонымен қатар Бәйтерек ауылының Б.Сүлейменов көшесінің тұрғындары өз есебінен шамамен ұзындығы 250 метр жолға асфальт төсеп, Школьная көшесінің асфальттанбаған жолына ПГС төселді.

Благоустройство и ремонт  дорог

В Байтерекском сельском округе в 2015 году был произведен капитальный ремонт  школы им «Аль-Фараби», к Дню независимости Республики  Казахстан состоялось торжественное открытие частного  детского сада «Солнышко» в присутствии акима Енбекшиказахского района,    также после капитального ремонта на сумму 31 миллион тенге  было сдано под ключ здание ГУ «Аппарат акима Байтерекского сельского округа».

           Благодаря спонсорской помощи предпринимателей и жителей с Алга здесь была построена мечеть на 100 мест.

            В 2015 году в селе Байтерек по улицам Виноградная, Победы, Новоселькая, и переулки Центральный, Талгарский был проложен асфальт на сумму 100 млн тенге, улицах Молодежная, Мира,  Транспортный и улица К.Сатпаева в села Койшыбек   был проведен текущий ремонт дорог на сумму  14 млн. 70 тысяч тенге.

            Также жители  улицы Б.Сулейменова за счет собственных средств проложили асфальт на участке дороги протяженностью  250 метров. На незаасфальтированый участок дороги улицы Школьная была засыпана ПГС.  

Білім беру саласы

            Округ аумағында 3 орта білім беретін мектеп, 1- мемлекеттік балабақша, 3 – жеке меншік балабақша  жұмыс істейді.

             Орта білім беретін мектептерде биылғы оқу жылында 215  мұғалім 2441 оқушыға білім беріп отыр. Бүгінгі күні  саяжайлардан 636 оқушылар  күнделікті тасымалданады.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша Бәйтерек селолық округі  аумағындағы орта мектепті бітірушілердің ұлттық біріңғай тестілеуден алған  орташа көрсеткіші  «Әл-Фараби» атындағы орта мектебінде 80,1%,  Қойшыбек орта мектебінде 79,8% .

Округ мектептерінде жалпыға бірдей білім беру қорынан қаржыландыруға барлығы 4 млн.113 мың теңге бөлінді («Әл-Фараби» атындағы орта мектебіне-2 млн 558 мың теңге, Алға орта мектебіне-735 мың теңге, Қойшыбек орта мектебіне-820 мың теңге). Бөлінген қаражат мектептегі оқушыларға киім-кешек алуға, жазғы лагерде демалуға, мектеп асханасынан тегін тамақтануға жұмсалды.

             «Жұлдыз» балабақшасында қазіргі уақытта 75 әр ұлт өкілінің баласы тәрбиеленуде. Тәрбиеленіп жатқан балалар өз ана тілдерімен бірге мемлекеттік тілді еш қиындықсыз меңгеріп, өлең, тақпақтарды жатқа айтады, сондай ақ осы балабақшаны аяқтаған балалар мектепте қазіргі күні озат оқушылардың қатарынан көрініп жүр. 

Бәйтерек  селолық округінің кәсіпкерлері   ұлағатты ұрпақтың өсіп өркендеуіне жанашырлық танытып, өнер мен мәдениеттің, спорттың  өркендеуіне қолдау көрсетіп отырады.

Сфера образования

            В округе 3 общеобразовательные школы, 1 государственныйи 3-частных детских сада работают.          

 В средних школах  на 2015 учебный год 215 учителей дают знания 2441 ученикам округа. Ежедневно осуществляется подвоз 636 учеников к школам с дачных массивов.

            По результатам ЕНТ по округу средний балл составил: школа имени «Аль-Фараби» 80,1%,  Койшыбекская средняя школа 79,8%.

          В средних школах округа из фонда все.обуча  было выделено 4 млн 113 тысяч тенге(СШ им Аль-Фараби-2 млн. 558 тысяч тенге, СШ Алга- 735 тысяч тенге, СШ Койшыбек-820 тысяч тенге). Выделенные средства были  направлены детям на одежду, на летний лагерь, и  бесплатное общественное питание.

             На сегодняшний день в детском саду «Жулдыз» воспитывается 75 детей разных национальностей. Воспитанники детского сада свободно владеют государственным  языком и  рассказывают наизусть стихи на трех языках, 90% выпускников -  воспитанников детского сада являются отличниками учебы.

            Нас радует то, что в нашем округе есть предприниматели, которые болеют душой за будущее молодого поколения и поддерживают развитие исскуства, культуры и спорта.

Денсаулық сақтау саласы

         Селолық округтің тұрғындарына медициналық көмекті Бәйтерек және Алға ауылдарындағы дәрігерлік емхана,  Қойшыбек ауылындағы фельшерлік пункт жүзеге асырады. Медициналық мекемелер кадрлармен толық көлемде қамтылған. Оның сыртында селолық округ аумағында 5 – тіс емдеу кабинеті, 6 – дәріхана, сонымен бірге 2015 жылы Бәйтерек ауылында жаңадан ашылған «Емдеу орталығы» қызмет көрсетеді.  

         2015 жылы емхананың 5  адамға арналған күндізгі стационарында 516 адам ем қабылдады.  1 бригада жедел жәрдем көмегі 7 ауылды қамтып жұмыс істейді. Округіміздің демографиясы көтеріліп келетінін ескерсек, жедел жәрдем көмегін көрсететін бригадалардың санын тағы да көбейтуіміз керек.

         Ауылдық дәрігерлік емхана жанынан УЗИ қондырғысы орнатылып, ем алушылар қалаға, немесе аудан орталығына бармай ақ, іш -құрлыс ауруларына ультра дыбыстық зерттеулер жүргізіп алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Әлмерек абыз көшесі бойындағы, екі қабатты ғимарат ішінен, адамның іш- құрылысын кешенді зертейтін УЗИ құрылғысы орнатылып, білікті маман, қымбат емес бағада қызмет көрсетеді. Орталық көшедегі дәріханаларда көздің көру қабілетін тексеріп, көзілдірік даярлап беру, қанның қысымын, ағзадағы қанттың мөлшері, холестеринді анықтайтын құралдармен қызмет көрсету түрлеріде, бізде жұмыс істеуде.     

Здравоохранение

      В сельском округе  медицинскую помощь населению осуществляет Байтерекская и Алгинская сельские амбулатории, а также Койшыбекский сельский фелдьшерский  пункт. Все медицинские учереждения обеспечены кадрами полностью. Кроме этого в сельском округе действуют 5 стоматологических кабинетов и 6 аптек. За отчетный период 516 человек получили в дневном стационаре необходимую медицинскую помощь. Бригада скорой медицинской помощи обслуживает 7 населенных пунктов. С связи с демографическим ростом населения возник вопрос об увиличении количества бригад скорой помощи.

        Рядом с сельской  врачебном амбулаторией был установлен частный аппарат УЗИ,  где жители села не выезжая в районный  центр или в город могут проходить ультрозвуковое обследование внутренных органов. В одной из частных   аптек  оказывает услуги окулисты, и занимаются  изготовленем линз и определяют кровенное давление, уровень сахара в крови и холестерина.

Әлеуметтік сала

Округ аумағы бойынша – зейнетақы және жәрдемақы алатындардың саны-3873,  жұмысы барлар -8889,Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 4,барлық категориядағы мүгедектер – 438, жұмыссыз адамдар- 428, өзін-өзі қамтығандар-3308,  көп балалы аналардың саны –  81.Оның ішінде «Алтын алқа және Күміс алқалармен» марапаталғандары 69 ана. Ағымдағы жылда  «Күміс алқаға» 2 ана құжат өткізген. 2015 жылы жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар орталығында 17 жұмыссыз адам тіркеліп, 5 адам жұмысқа тұрғызылды. Округте ресми жұмыссыздық 0,5% құрайды. «Жол картасы» шеңберінде жұмысқа 3 адам жұмысқа орналастырылды.

           Қазақстан Республикасының «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарына сәйкес әкім жанындағы арнайы комиссия құрылған, Комиссия мүшелері 2015 жылы мемлекеттік жәрдемақы алуы бойынша 10 отырыс өткізіп келесі ұсыныстарды берді:

- мемлекеттік атаулы көмекке 4 адам, 1 отбасына,  112 мың 806  теңге;

- балалы отбасыларына 17 отбасына, 61 балаға 1 милл.47 мың 246 теңге;

- тұрғын үй көмегіне  281 адамға 2 млн 905 мың 300 теңге берілді.

- Коммуналдық қызметке 266 адамға (мұғалімдер, дәрігерлер, мал

  дәрігерлері) 2 млн 636 мың 60 тенге берілді

Социальная отрасль

По округу количество пенсионеров и получающих пособия – 3873, ветеранов Великой Отечественной войны-4, инвалидов -438, безработные-428,  многодетных матерей -81 и.т.д.Награжденные медалями «Алтын алка», «Күміс алқа» - 69 матерей.В текущем году на медаль «Күміс алқа» 2 матерей сдали документы. В 2015 году в отделе занятости и социальных программ были зарегистрированы 17 человекбезработных. По округу безработные составляют 0,5%. По «Дорожной карте» были устроены на работу 3 человека.

Членами комиссии по назначению адресной социальной помощи, жилищных пособий было проведено 10 заседании и даны следующие предложения для оказания помощи:

- адресная социальная помощь -4 человек, 1 семья – 112 тыс. 806 тенге;

- многодетным- 17 семьи , 61 детей –1милл. 47 тыс.246 тенге;

-жилищные пособия 281 человек – 2 млн. 905 тыс. 300 тенге ;

- Коммунальные услуги – 266 человек (учителья, мед.работники, вет.

   врачи) 2 млн 636 тыс. 60 тенге

Мәдениет және спорт саласында

Үстіміздегі жылы халықтың рухани байлығын көтеру мақсатында біраз шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жастардың арасында ұлтаралық татулықты нығайту, жастардың мәселесін шешу және зерттеу, аға-буын өкілдерінің тәжірибесін алу, отан сүйгіштікке баулу, тағы да басқа осы бағыттарға сәйкес маңызды шаралар ұйымдастырылып,  жүргізілді.        Жыл басынан бері барлық мемлекеттік мейрамдар кең көлемде аталып өтіліп отырылды.  Сонымен бірге аудан көлемінде өткізіліп жүрген сайыстардан біздің округіміздің жастары алдыңғы орындарға ие болып жүр  Атап айтқанда  қыздар арасындағы  «Бәрінен де сен сұлу» атты байқаудан Бәйтерек ауылының тұрғыны Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жұмағалиқызы Назым бас жүлдені, «Ырыс пен сұлулық – күз белгісі» атты жұптар байқауында да бірінші орынды ауылымыздың жастары  жеңіп алды.    

Жастар арасында спорт пен салауатты өмірді дәріптеуде түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын дәстүрге айналған футболдан және баскетболдан  аудандық чемпионат ұйымдастырылып, аталған ойындарда округіміздің атынан «Бәйтерек» командалары белсенділік танытып келеді. Сондай ақ мемлекеттік қызметкерлер, білім саласындағы мамандары, медицина қызметкерлері  және тағыда басқа саладағы мамандар, жастар арасында волейболдан, баскетболдан, футболдан, бокстан және тағыда басқа спорт түрлерінен жарыстар үнемі ұйымдастырылып өткізіліп тұрады. Осы іс шараларды атқарудағы мектеп ұжымдарының еңбегін ерекше атап өткім келеді. 

Осы орайда «Қариясы бар ел – дариялы ел» демекші  ауылымызда әрдайым ұйымдастырылып жүрген қандай да іс-шара болмасын ақсақалдарымыз, әжелеріміз үнемі белсенділік танытып, қоғамдық өмірге атсалысып келеді.  Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында атқарған жұмыстарыңызға үлкен алғысымды бідіремін!

Культура и спорт

С целью обогащения духовного развития  населения в течении текущего года был проведен ряд мероприятий. 2015 году в районном масштабе был проведен конкурс среди молодых девушек «Бәрінен де сен сұлу» и в этом конкурсе  заняла главное место- гранпри Жұмағалиқызы Назым ученица 10 класса СШ им Аль-Фараби, также на конкурсе «Ырыс пен сұлулық – күз белгісі» наша  молодежь заняла первое место.

Наряду с этим с молодежью была проведена работа по укреплению межнационального согласия, воспитания любви к Родине, патриотического воспитания.

Государственные и национальные праздники, а именно: «8 марта Международный женский день», «22-наурыз», «1 мая День единства народов Казахстана», «9 мая День Победы», «1 июня День защиты детей», «4 июня День символики РК», «6 июля День Астаны», «30 августа День Конституции», «1 октября День пожилых людей», «1 декабря – День первого Президента», «16 декабря – День независимости Кахастана»отмечены торжественно с концертно-развлекательной программой.

Также проводятся спортивные мероприятия с целью пропаганды здорового образа жизни. Ежегодно  по району проводится чемпионат по  футболу и по баскетболу, в котором активное участие принимают команды «Байтерека».Среди госслужащих, работников сферы образования и здравоохранения, среди молодежи регулярно проводятся соревнования по волейболу, футболу, баскетболу, боксу  и другим видам спорта. 

Хочу выразить огромную благодарность советам старейшин, советам женщин в совместной работе по поддержанию и развитию культуры округа.

Діни бірлестіктер

Бәйтерек селолық округі бойынша бүгінгі күні 6 діни бірлестіктер оның 3-мұсылман, 1-православтық, 1-ехоба, 1- «өмір бұлағы» шіркеулері жұмыс атқаруда.  Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде. Осы жұмыстар барысында дін бірлестіктер  басшыларының алатын орны ерекше.

Религиозные объеденение

На сегодняшний день в Байтерекском сельском округе 6 религиозных обществ из них 3-мусульманских, 1 православный, 1-иегова, 1- церковь «Источник жизни». Религия имеет большое значение для общества. Для этого проводятся круглые столы, дебаты для молодежи, на которых обсуждаются вопросы предотвращения нетрадиционных религиозных направлений и их воздействия.

Әкім аппаратының іс қағаздары

Үстіміздегі жылы бүгінгі күнге дейін округ әкімі аппаратына жеке және заңды  тұлғалардан 207  өтініштер келіп түсті, оның ішінде 207 оң шешімін тапты.

Бәйтерек селолық округі  бойынша жаңа туылған 88 бала  тіркеліп,  дүние салған 63 адамның құжаттары тіркеліп, тиісті орындарға өткізілді.

          816 шығыс құжаттар тіркелді,75 шешім, 34 негізгі қызметке байланысты және жеке құрамы бойынша 20 өкімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуы, яғни мемлекеттік тілге көшуі селолық округі аппаратында өткен жылы орта есеппен 97 пайыздың үстінен шықты.

Бәйтерек селолық округінің санитарлық жағдайы, ауыз су мәселесі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау бағдарламасын орындау үшін және тағы да басқа мәселелермен бүгінгі күнге дейін 18-ге жуық халықпен жиындар мен кездесулер өткізілді.

Делопроизводство аппарата акима

В текущем году до сегодняшнего дня в аппарат акима округа от физических  и юридических лиц поступило 207 заявлений, из них 207 нашли свои решения. Было зарегистрировано 816 исходящих документов, принято 75 решении, 34 распоряжении по основной деятельности и по личному составу 20.

С целью осуществления программы по  модернизации жилищно-коммунального хозяйства, а также по питьевой и поливной воде, улучшению санитарного состояния округа и по  другим вопросам в течении года с жителями проведены 18 сходов и встреч.  

Құрметті ауыл тұрғындары!

Осындай  ауқымды жұмыстар біздің округімізде іске асырылуына әрине ең біріншіден Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылғы Жолдауындағы тапсырмаларының жемісі,  сондай-ақ  облысымыздың әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен, және аудан әкімі Бинәлі Әбдықаппасұлы Ысқақтың беделі мен абыройының тікелей басшылығы деп білемін.

Біздің күнделікті жұмысымызда кемшіліктер жоқ емес. Бүгінгі күнде округтің әлеуметтік-экономикалық  жағдайын жақсартуға, әлі де атқарылатын қыруар жұмыстар бар.  Бүгінгі заман-бәсеке заманы. Бәсеке қашанда тынымсыз еңбекті, жаңашылдық пен біліктілікті, қатардан озып, алға түсуді талап етеді! Сондықтан «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз белсенді түрде атсалысып, округіміздің тұғырын биік көтеруде ауқымды іс-шараларды бірге асырайық дегім келеді.

Өз есебімді аяқтамас бұрын шын жүректен округ тұрғындарына, ардагерлерге, ақсақалдарға, оқу орындарының барлық ұстаздарына, жеке кәсіпкерлерге және осы залда қатысып отырған баршаларыңызға округіміздің өсіп-өркендеуіне көңіл бөліп, ат салысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. 

Рахмет!

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру